«Балабақшадағы тәрбие – Болашақ білімді ұрпаұтың кепілі»

«Балабақшадағы тәрбие – Болашақ білімді ұрпақтың кепілі»
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,
оларға жастайынан жақсы қасиеттерді сіңіре
білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған,
Отанның гүлденуіне өз үлесін қоса алатын
азамат өсіре аламыз»
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Президентіміз Қ.К.Тоқаев «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз осымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да, жігерлі, білімді, өресі биік денсаулығы мықты өкілдер болады….» деген сенімі бүгінгі тәрбие мен білім өзегін бала бойына қалыптастырар тәрбие ошағына артқан жүк екені сөзсіз. Президентіміздің балабақша жайында тілге тиек етуі, мектепке дейінгі тәрбие саласындағы күні бүгінге дейін өзекті мәселенің оң шешімін табуға жол ашты. Балабақша саны күн санап арта түсуде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» — деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай тәрбие тал бесіктен басталуы тиіс тек отбасында ғана емес, балабақшада тіл үйреніп, халқымыздың салт-дәстүрін бойына сіңіріп, құнарлы бай әдебиетімізден нәр алып өскен баланың болашағы қашанда жарқын болары сөзсіз.
Жас ұрпақтың негізі бұрын мектепте қаланады десек, енді оның балабақша қабырғасында қаланатынына көзіміз әлдеқашан жетті. 
«БІЗДІҢ БАЛАБАҚША- БҰЛ БАЛА БАҒБАНДАРЫНЫҢ МЕКЕНІ»
Ф. Фребельдің ұғыммен «Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына айналдыруымыз керек. Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс. Қазіргі заман талабына сай өнерлі, шығармашылыққа бай, жан-жақты дамыған, өздерінің жағымды жақтарын көрсете білетін, өз ойларын ашық айтатын ұрпақ тәрбиелей отырып, мәңгілік ел болып қалыптасудың алғашқы қадамдары деп білемін.

Менің ойымша балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені болмау керек. Ал, ата-ана үшін балабақша өз жағдайларын жасап, баламыз жұмыс жасауға кедергі болмасын деген ниетте балаларын кешке дейін апарып тастайтын орын болмау керек. Осындай көзқарастар қалыптаспас үшін балабақша жұмысының, ұжым ауызбіршілігінің мықты болуы абзал.
Бүлдіршін бақшаға-достарымды көрем, үйде еш ойналмайтын қызық ойындар ойнаймын, ешкім білмейтін тек тәрбиешім ғана білетін қызықты ертегілерді тыңдаймын, әндер үйренемін деп, қызығып келетін шуақты мекеніне айналуы керек. Ал, бала жүрегінде осындай орын алып, балабақшаға демалыс күндері де сәби жүректерін алып ұштырып тұратын деңгейге дейін жеткізетін ол әрине-балалардың бағбаны-тәрбиешілер болып саналады. Ал ондай тәрбиешілер біздің балабақшада бар деп нақты айталамын.

Мақсатымыз: Балаларды туған табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, оның әсемдігін терең сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбиелеу; Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім беріп, осының негізінде жанды және жансыз табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты жалпылама түсініктерді қалыптастыру.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі ке¬рек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жа¬уы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі»-де¬ген ғұлама ғалым Әбу На¬сыр Әл-Фа¬ра¬бидің ой¬ын әрбір ұстаз, әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр бо¬лары сөзсіз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *