TopIQ –заманауи цифрлық технология, сапалы контент.

Жакыгалиева Сандеш Бисекеновна

Батыс Қазақстан облысы,Қаратөбе ауданы,

Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

     Заман ағымы бір орында тұрмайды, әрқашан өзгеріп жаңарып отырады. Онымен біргеадамдардың тұрмыс –тіршілігі мен қажеттіліктері де өзгереді.Осы жағдайда білім беру жүйесін жаңа форматта цифрлық технологияларды қолдану жолымен дамыту маңызды.Білім беру ұйымдарын жаппай цифрландырудың маңызы болашақ ұрпақтың кез келген салада ақпараттық сауаттылығын арттырып, шеберліктерін шыңдап, жан-жақты іскерлігін дамытып, бәсекеге қабілетті етіп, білім кеңістігінде өз мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға жағдай жасайды.Білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін қолжетімді ету, мұғалімдердің, оқушылардың , ата-аналардың байланыстарын жеңілдету тұрғысынан да өзекті.

  Ковид -19 таралуының әлемнің барлық дерлік елдерінде енгізілген карантиндік шаралар нәтижесінде оқушылардың қашықтықтан білім алуға мәжбүр болуы, бұл мәселенің өзектілігін арттырды.Оқушылардың білім алудан қол үзіп қалмауы, оларға сапалы білім беру мәселесі еңөзекті және көп талқыланған тақырыптардың бірі болды.Сондықтан пандемия білім беру саласындағы технологиялардың дамуына импульс берді десек қателеспейміз.

Оқыту жүйесіне электронды оқулықтарды енгізудің арқасында мектепте білім беру сапасы мен деңгейін жақсарту үшін көптеген мүкіндіктері бар цифрлық білім беру ортасы құрылды.

Бүгінгі таңда біз мектепте  кімді оқытып жатырмыз? Марк Пренский айтқандай , біз «цифрлық аборигендерді»оқытып жатырмыз.

Олар қандай балалар? Несімен ерекшеленеді?

  Қазіргі оқушы 21 ғасыр цифрлық дарабозы. Олар толық  интернет ресурсымен қаруланған заманда дүниеге келген, өздерін әлеуметтік желіде еркін сезіне алатын трансформатор ,визуалист. Міне,осындай  «цифрлық абориген» ұрпақтарын білім кеңістігіне тарта алатын шынайы,виртуалды орта қалыптастыру керек.

Осы тұрғыда көмекке келген ең алғашқы ұлттық,Отанымызға ғана тиесілі, бірегей платформалардың бірі TopIQ.kz платформасы. Менің түсінігімде , TopIQ.kz платформасы білімге деген құлшыныстың, оқушы интеллектісінің дамуының ең биік шыңы деп түсінемін.Бұл жаңа ресурс кешені тақта мен оқулық қана емес , интерактивті бейне материалдар, цифрлық викториналар және тестілер, голограммалар- бұл оқушыға кез келген деңгейдегі тақырыптарды түсініп , білім мен таным көкжиегін кеңейтеді.

 TopIQ.kz-1-11 сынып оқушыларына арналған электронды оқулықтар платформасы. Барлық оқулықтар ҚР БжҒМ барлық талаптарына сәйкес келеді.Біріншіден, электронды оқулық өте жеңіл,барлық оқулықтар смартфон немесе планшетке жинақталған. Екіншіден, электронды оқулықтар оқу кеңістігін кеңейтеді. Аудио, бейне материалдар бар.Үшіншіден, электронды оқулықтар,мұғаліммен жеңіл байланыстырады, өзін тексеруге арналған тапсырмаларды орындайды .

   Білім берудің жаңа моделі оқыту процесін мұғалім мен оқушының өзара қатынасын түрлендіруді қажет етеді.

 Олай болса күнделікті сабақта электронды платформасын қолданудың қандай артықшылықтары бар?

-ойын арқылы оқытуды жүзеге асырады;

-оқытудың жеке траекториясын құруға мүмкіндік береді;

-тапсырманы кез келген уақытта, кез келген жерде, кез келген гаджетте орындай алады;

-жүйе арқылы тапсырманы жіберіп, бағасын алады;

-жаңа тақырыпты қалай түсінгенін және оқу материалын бекітіп, өзін –өзі бағалай алады.

Ал мұғалім үшін:

-сыныптағы барлық оқушыға дайын тапсырма тағайындау мүмкіндігі;

-қосымша материалдар тіркей алу қолжетімділігі;

-үй тапсырмасын тексере алу сапалылығы;

-орындалған тапсырмаларды бағалап және комментарий бере алу нәтижелілігі.

Неліктен оқушыларға TopIQ-мен бірге оқу қызықты?

қу үшін уақыт пен кеңістік ыңғайлы;

-өзіндік оқу жылдамдығын таңдай алуы;

-барлық құрылғы үшін ортақ веб-интерфейсінің орналасуы;

-кез келген оқу жылына арналған оқу материалына қолжетімділігі;

-цифрлық оқулық-жеңіл портфель.

Мұғалімдер үшін TopIQ қалай көмектеседі?

-оқу процесін шынайы қадағалай алады;

-сабақтың барлық кезеңінде қолдана алады;

-мұғалімдер тәжірбесінде әдістере көлемінің жаңартылуы.

   TopIQ .kz  платформасы ұстаздар қауымы үшін жаңа білім беру кеңістігі, оқушылардың өздігінен білім алуының шыңы болса, ата-аналар үшін қандай тиімділігі бар екенін айқындау үшін, ата-ана кері байланысын ұсынып отырмын.

Ізмағанбетов Берік/ата-ана/:

 Мен 4 сынып оқушысы  Берікқызы Айгүлімнің әкесі Ізмағанбетов Берік. Біздің мектебіміздің бір ерекшелігі деп айтсам ба екен, әлде жаңашылдығы ма , білмедім. Ата аналар білім саласындағы жаңалықтарды мектептен естіп біліп отырамыз.  TOPIQ платформасы туралы толық ақпараттар беріліп,таныстырылды. Мен ата ана ретінде осы платформаның қаншалықты тиімділігі бар екенін  зерттей бастадым. Неге? Себебі, мен ата анамын, бұл платформа менің балама қаншалықты зор ықпалын тигізеді? деген сауал қызықтыра бастады.

Қорытындысында маған ұнағаны 1-шіден, қызымның өздігінен білім алуына ұмтылуы.Бұл дегеніңіз, оқушы сабақта болмаған жағдайда кез келген уақытта ,кез келген жерде отырып, тапсырмаларды орындайды, сол күнгі бағдарламадан қалыс қалмайды. Бүгінгі сабағын қайталап , өздігінен екінші мәрте орындауына мүмкіндігі мол.

2-шіден қазіргі таңда «Оқуға құштар» деген керемет жоба бар. Заманауи заманның балаларынқұр текстпен қызықтыра алмайсың, оларға визуалды түрде қабылдаған қызықты. Ал бұл платформаның бір ұтымдылығы, баланы оқуға құштарлығын оятуда  анимациялық, мультимедиялық ертегілердің орналасуы.

Және ең кереметі ,мен өзім патриот азамат ретінде, бұл платформаның Отандық платформа екенін мақтанышпен айтамын.Себебі ,бұл Отандық өнім, өзіміздің ана тілімізде , өзіміздің отандастарымыздың құрастырған жұмысы. Білім саласының ұлттық бренді деп айтсам артық болмас еді. Істеріңізге сәттілік!

   Қорыта келгенде, электронды оқулықтар платформасын қолданып көру өте пайдалы әріыңғайлы болды.Оқулықтағы аудио, бейне материалдар көру, сабақта пайдаланудың өзіндік көмегі болды. Түрлі интерактивті тапсырмалар пәнді белсенді меңгеруге түрткі болды.Оқушы өз жетістігін бағалап, қайталап орындау арқылы білімін бекітуде жаттықтырушы қызметін де атқара алды. Қолдану аясында оқушыларымның тапсырмаларды қызыға орындап, және белсенді емес оқушыларымның да үй тапырмасын орындай бастағанын байқадым. TopIQ .kz сандық оқулықтар платформасы бізге көбірек білім алуға , материалды шексіз рет тыңдауға мүмкіндік берді.Оқушының психологиялық тұрғысынан алғанда өзіне деген сенімділігін арттырды.Мұғалім мен оқушы расындағы виртуалды байланыс тиімділігінжоғарылатты.

  Цифрлық технология иммигранттары болашақ уақыт туралы айтқанды ұнатады.Бірақ ол болашақ емес.Ол міне, қазірдің өзінде бар!

TopIQ .kz  платформасы-біз үшін бірлескен топ жұмысының нәтижесі!

TopIQ .kz  платформасы -бәсекелестік білім бәйгесі!

TopIQ .kz  платформасымен бірге білімімізді брендке, жарнамалауды трендке айналдырайық!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *