Шеберлік сағаты

Бисенгалиев Марат Какимұлы

Шеберлік сағаты

1бөлім. Оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы кездесетін қиындықтар, оларды жою жолдары; тарих пәні мұғалімдерімен пікір алмасу.

2 бөлім. ҰБТ-ға дайындаудың қарапайым тәсілдері; оқушылармен жұмыс.

Мақсаты:

Оқушылардың негізгі тараулар бойынша алған білімдерін тереңдету. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, білім алу, қорытынды жасау, талдау, қиындық деңгейі әртүрлі тапсырмаларды орындай білу дағдыларын қалыптастыру. Берілген уақыт ішінде тест тапсырмаларын тез орындай білуге үйрету Жоғары балл жинауға ұмтылу қасиеттерін қалыптастыру.

Міндеті:

  • Оқушының тарих пәнінен білім деңгейлерін анықтау.
  • Білімді іскерлік дағдыны қалыптастыру
  • Білімді қайталау және жинақтау
  • Оқушыларды оқулықпен, картамен, анықтамалармен жұмыс істеуге үйрету

Қажетті құрал-жабдықтар: оқулықтар, карталар, интерактивті тақта, постер т.б

Жүру барысы

  1. Әзірлік бөлімі: Сабақтың мақсатын түсіндіру
  2. Негізгі бөлім:
  3. Оқулықпен жұмыс. Жоба қорғау
  4. Картамен жұмыс
  5. Орта ғасырлардағы ғалымдар. Сәйкестендіру
  6. Орта ғасырлық қалалар, кесенелер Сұрақ-жауап
  7. Орта ғасырлық зерттеушілер. Карточкалық сұрақтар
  8. Тест дайындығы
  9. Қорытындылау

1) Оқулықпен жұмыс

Топтарға тақырып беру

  1. Батыс Түрік қағанаты
  2. Қыпшақ хандығы
  3. Алтын Орда

2) Картамен жұмыс.

  1. Ерте орта ғасырдағы мемлекеттерді көрсету, өмір сүрген жылдары, орталығы. т.б
  2.   Дамыған орта ғасырлардағы мемлекеттерді көрсету
  3. XIIІ-XV ғ. Қазақстан жеріндегі хандықтарды көрсету

3) Орта ғасырлық ғалымдар:

 

Аты-жөні                                            Өмір сүрген жылдары

Әл-Фараби                                                     1103-1167

Махмуд Қашқари                                          1021-1075

Ж. Баласағұни                                                870-950

А. Иүгнеки                                                     1030-1090

Қожа Ахмет Яссауи                                      белгісіз

 

Шығармаларын ата

 

  1. М. Қашқари                Түрік тілдерінің сөздігі (Диуани лұғат ат түрік)
  2. Ж. Баласағұни               Құт негізі білік (Құтағду білік)
  3. А. Иүгнеки «Ақиқат сыйы»  ақын
  4. Қожа Ахмет Йассауи «Даналық кітабы» (Диуани хикмет) шәкірті Сүлейман Бақырғани (Хакім ата атанған)
  5. Әли ақын «Жүсіп-Злиха» поэмасы

 

4) Орта ғасырлық қалалар, кесенелер           Тез жауап беру

  1. XI-XII ғ. бой көтерген, жартылай сақталған (Айша Бибі)
  2. XIV-XV ғ. салынған сахаралық сәулет өнерінің үлгісі. Қаракеңгір өзенінің оң жағасында (Алаша хан кесенесі)
  3. Ортағасырлық қала IX-XIII ғ. Шымкенттен 12 км жерде XV-XVIII ғ. қазақ хандығы тұсындағы ірі орталық (Сайрам)
  4. Атыраудан 40 км жерде, Жайық өзені жағасында, XIII-XIV ғ. Ноғай ордасының , Қазақ хандығының астанасы болған (Сарайшық)
  5. Бұл қала үшін Қазақ пен Өзбек хандығы арасында 1 ғасырға жуық қанды шайқастар болды, XIV ғ. түпкілікті Қазақ хандығына өткен, Тәуекел ханның тұсында берік қамал, ірі сауда орталығына айналған. (Сауран)
  6. VI ғ. діни құрылыс, киіз үйге ұқсас. Дың ескерткіштері

 

5) Ортағасырлық зерттеушілер

Карточкалық сұрақтар

Итальян саяхатшысы, ол 1245 жылы Лионнан шығып, Еділ сағасының бойымен Киев, Хорезм, Жетісу, Тарбағатай арқылы Моңғол ханының ордасына барған.

Сұрақ?  Ол кім және   қыпшақтар туралы не деп жазған?    (Плано Карпини)

 

Ол X ғ. өмір сүрген араб ғалымы. «Дүниенің басталуы мен тарих кітабында» түріктердің діні туралы біраз мәліметтер берген. Ол осы кезеңдегі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға байланысты не деп жазған?

 

Ол XII-XV ғ. Қазақстан жері арқылы өткен саяхатшылардың бірі, жазбаларында қазақ халқының өмірінде музыканың айрықша орын алатыны айтылады.    (Плано Карпини, Вилгельм Рубрук, Марко Поло, Рузбихан, Якуб)

6.Тес т сұрақтарына   тез  жауап беру

7.Қорытындылау.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *