“Таңғажайып алаң” сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың тақырыбы: «Таңғажайып алаң» зияткерлік сайысы.
Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын
арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін
дамыту.
Ойын түрінде өткізілетін сыныптанм тыс жұмысқа 5 және 6- сынып оқушылары 2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және төсбелгі ойлап табады.
Ойын алаңы: интербелсенді тақта, жәшік
Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.
- «Жұмбақтар».
- «Тапқыр бола білсең».
- «Есепке жүйрік».
- « Логикалық тапсырмалар ».
- «Жасырын сұрақ ».
Ойын шарты:
Әр бағыт белгілі бір бағадағы 5 сұрақтан тұрады
(10, 20, 30, 40 және 50 ұпай).
Сұрағы бар ұяшықты кезекпен таңдаңыз.
Ойлануға 30 секунд бар, содан кейін топ жауап береді.
Жауап дұрыс болмаса, қалған командалар (қолын тезірек көтергендер) жауап беріп, осы жауапқа берілген ұпайлардың жартысы қосымша ұпайларын ала алады.
Ойын барысы:
І-жургізуші
-Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жыр салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып.
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық.
Ат салысып аянбай
Бар өнерге басайық.
І-ж
Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өреңдер,
Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға
Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.
ІІ-ж
Шақырамыз екі топты ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.
І-ж
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
ІІ-ж
Ал, қанеки сайысты біз бастайық
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық.
(сөз кезегін әр топқа береміз)
Командалардың өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.
Жүргізуші
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,
Ортаға жұмбақ жасырылады ,кім жылдам жауап берсе сол топ бірінші болып бастайды.
Бір, екі, бес, он
Жиырма, елу
Жүз, екі жүз, мың бар,
Әрқайсысының құны бар.
( теңгелер)
Барлығы қанша аялдама?
Мен автобусқа отырып, жолаушыларды санадым. Олардың саны 17 болды. Автобус қозғала бастады. Бірінші аялдамада 6 адам мініп, 2 адам түсті. Келесі аялдамада үш адам отырды, 8 адам түсті. Сосын келесі аялдамада 10 адам мініп, ешкім түспеді. Келесіде 4 адам мініп, 7 адам шықты. Сосын аялдамада қолында түрлі жаңа заттары бар бір азамат мініп кірді. Барлығы қанша аялдама болды?
(6)
«Жұмбақтар».
Ал қанеки балалар
Құлақ салшы сөзіме
Сұрақ берсем берейін
Логикадан өзіңе
10-
Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)
20-
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)
30-Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы ол қандай сан.
Жан – жағыңа қарамай. (натурал сандар)
40-Дене шынықтыру сабағында оқушылар бір-бірінен 1 метр қашықтықта сапқа тұрды. Бүкіл сап 25 метрге созылды.
Қанша оқушы болды? (26)
50-Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қай сан бар достарым (бөлшек сан)
«Есепке жүйрік»
10-5 санына кері сан? (1/5)
20- Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)
30-Бөлінгіш бөлгіштен 7 есе үлкен, ал бөлгіш бөліндіден 7 есе үлкен. Бөлінгіш, бөлгіш және бөліндіні неге тең? (7,49,343)
40- Әрине, сіз 100 санын бес үштікпен және математикалық амалдардың белгілерімен жазуға болатынын білесіз:
33·3 + 3/3 = 100
Бірақ 10 санын бес үштікпен жазуға бола ма? (Болады)
50-Тоғыз санды ретімен жаз:
1 2 3 4 5 6 7 8 9.
Сандардың арасына қосу және азайту
таңбаларын нәтижесінде дәл 100
болатындай қоюға болады ма? (Болады)
«Тапқыр бола білсең»
10-Бөлменің 4 бұрышының әрқайсысында мысық отыр. Осы мысықтардың әрқайсысына қарама-қарсы үш мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар? (4)
20-Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? (жоқ)
30-Тігіншінің ұзындығы 16 метр матасы бар, ол одан күніне екі метрден кеседі. Ол соңғы кесіндіні неше күннен кейін кеседі? (7күн)
40-96-ның санының төрттен бір бөлігінің жартысының үш еселеген нешеге тең? (36)
50-Теңдіктер дұрыс орындалатындай, амалдармен, жақшаларды қойындар.
«Логикалық тапсырмалар»
10-Бір килограмм мақта ауыр ма, әлде бір килограмм темір ауыр ма? (бірдей)
20-Әжесі, екі анасы және екі қызы бейсбол ойынына бірге барып, бір билет сатып алды. Олар қанша билет сатып алды? (3)
30-Әр фигураның астына бір сан жасырылған. Бірдей фигуралардың астында бірдей сандар. Қай сан үшбұрыштың астында, қайсысы шеңбердің астында? Жауабынызды тек сандармен жазыныз. (1,9)
40-Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті
кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6)
50-Әртүрлі пішіндегі геометриялық пішіндер бар. Ауданы бірдей екі фигураны көрсетіңіз. (б,в)
«Жасырын сұрақ»
Суретте неше үшбұрыш бар? (9)
«Капитандар сайысы»
«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары (әр дұрыс жауап – 10ұпай).
6-сыныпқа
- Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
- Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)
- Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)
- Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)
- -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 2 1 )
- Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
- Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? ( 180°)
- Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)
- Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )
- 10. Қайсысы ұзын : 2 метр ме, әлде 201 см ме? ( 201 см)
5-сыныпқа
1.Жай бөлшек дегеніміз … ?
2.Жай бөлшектің түрлерін ата.
3.Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
4.Аралас сан дегеніміз не?
5.Жай сан дегеніміз не?
6.Натурал сан дегеніміз қандай сандар?
7.Жай бөлшектерді қосу үшін не істеу керек?
8.Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?
- 2/3 бөлшегіне кері сан?
- Төртбұрыштың ауданын табу формуласы?
«Көрермендермен ойын»
- Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,
біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше
үйрек ұшып барады? (3).
- Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш
қалады? (5)
- Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)
- Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың
соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? (13)
5.Миллиард санын жазғанда неше нөл керек? (9)
- Нанды үш бөлікке бөлу үшін нанды неше рет кесу керек? (2)
- Үстелде 3 стақан сүт бар. Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар? (3)
- Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі
термометр неше градус көрсетеді? (-3)
«Шешуші кезең»
Жүргізуші: Ортаға жәшіктер әкелінсін
Бірден жауап берсе -5 ұпай, келесі жеңілдіктер алғанда 1 ұпайдан шегеріліп отырады.
- Ішінде шахматтары бар жәшік әкелінеді.
Жүргізуші:
Жеңілдіктер:
5 ұпай. ХХ ғасыр тарихшысы Роуз бұл ойын туралы былай деген: “Бұл – жаныңды қозғайтын сөзсіз әңгіме, үміт пен өкініш, өлім мен өмір, поэзия мен ғылым, Ежелгі Шығыс пен қазіргі Европа”.
4 ұпай. Отаны-Үндістан. Жасы-15 жүзжылдық. Ежелгі аты-чатуранга. Өнертапқыштың аты белгісіз.
3 ұпай. Праганың Стейниц атты тұрғыны осы ойын арқылы өз атын шығарды.
2 ұпай. Екі король арасындағы тұрақты ұрыс.
1 ұпай. Бұл ойында аттар мен пілдер бар.
Түсініктеме: Бұл жасырылған зат – Шахмат.
Шахмат – ақылдылық пен әділдік символы. Шахмат дегеніміз өнер ме, спорт па, әлде ойын ба деген сұрақ төңірегінде қазірде де айтыс туады. Біреулер үшін – еңбек, біреулер үшін – демалыс. Бірақ бір нәрсе белгілі: шахмат ойнау үшін еркіндік, шыдамдылық, қойылған мақсатқа жетуде төзімділік, жоғары есте сақтау қабілеті, логикалық ойлау, математикалық қабілеті, талант болу керек.
- Ішінде кубик Рубик салынған қара жәшік әкелінеді.
Жеңілдіктер:
5 ұпай. Ойынның туған жылы-1974
4 ұпай. Егер белгілі бір жүйемен ойнамаса, нәтижеге жету үшін миллион жыл керек.
3 ұпай. Бұл ойын-стереометрияға, комбинаторикаға, бағдарламалауға көрнекі құрал болып табылады.
2 ұпай. Ойынды «Жүзжылдық ойыны» деп атаған. Алыс сапарға шыққанда таптырмас ермек. Сыртқы түрі-дұрыс көпжақ.
1 ұпай. 6 түсті 26 текшеден тұрады, автордың есімін иемденген.Түсініктеме: Бұл жасырылған зат-Рубик кубигі. Будапешт сәулет өнерінің оқытушысы Эрне Рубик бұл ойынды студенттердің кеңістікті елестетуін дамыту үшін ойлап тапқан. Сонымен бір мезгілде бұл ойын жалпыға ортақ ойынға айналды. Тіпті 1982 жылы Рубик кубигін жинаудан әлем чемпионаты да өтті. Ең тез жинау уақыты-23 секунд. Кубикті кез келген жағдайдан бастап 23 жүрістен артық емес мезетте жинауға болады.
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, – деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс
нәтижесін әділқазылар хабарлайды