Математика-әліппе пәнінен түзете – дамытушылық сабақ
Б
Батыс Қазақстан облысы
Қаратөбе ауданы
Қарақамыс ауылы
Б.Қаратаев атындағы жалпы орта білім
беретін мектебінің арнайы педагогі
Баубекова Гульнур Жумабековна
Арнайы педагогтың қысқа мерзімді жеке/топтық сабағына арналған сабақ жоспары
Тақырыбы: математика-әліппе пәнінен түзете – дамытушылық сабақ
Оқу пәнінің бөлімшесі | |||||
Арнайы педагогтың аты-жөні | |||||
Күні | |||||
Топтық/кіші топтық/жеке сабақ | Қатысушылар саны | Қатысушылар саны | |||
Сабақ тақырыбы | 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту/ Е дыбысы және әрпі | ||||
Сабақ мақсаты | мұғалімнің қолдауымен мәтіннің, сюжетті суреттің мазмұны бойынша сұрақ қояды, сұраққа жауап береді;
сөйлем, сөз, буын, дыбыстың графикалық сызбасын «оқуиды»; дыбыстың таңбасы – әріпті тану, дыбыс пен әріпті бір- бірінен ажыратады; ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындайды; |
||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақ кезеңдері/уақыты | Арнайы педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау
(мақсатқа жету/жетпеуі) |
Ресурстар | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1.Кіріспе бөлімі | Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал қалыптастыру. |
Оқушы мұғаліммен амандасады.
Оқу құралдарын түгендейді. Жұмыс ережесімен танысады. |
|||
1.Негізгі бөлім:
Дайындық кезеңі |
Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.
1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау:
а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау: – Самат қайда барды? – Ол нені көрді? – Елікке не берді? ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Самат орманға барды. Ол елікті көрді. Елікке қалтасындағы кәмпитін берді. 2. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау. 3. Қажетті сөйлемді (Ол елікті көрді) бөліп алып, оны сөздерге (Ол, елікті, көрді) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау. 4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «елік» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау. 5. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау. 6. «Е е» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу. 7. «Е е» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу. 8. Санағыштардан «е» әрпінің сұлбасын жасау. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.
|
1. Оқушы сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Самат орманға барды. Ол елікті көрді. Елікке қалтасындағы кәмпитін берді».
2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды. 3. Ол елікті көрді. 4. Өтілетін жаңа дыбысы бар «елік» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «е-лік» деп буынға бөледі. 5. «-Е» буынын созып, әндетіп айтады. 6. «Ее» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.
|
Оқулық
Әліппе 1-сынып 42-43 бет |
||
Қалыптастыру кезеңі
|
1. «Е е» әрпінің таңбалануына назар аудару.
2. «Е» әрпін тақтаға жазып көрсету. 3. «Е» әрпін ауада жазып көрсету. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру. |
Оқушылар жазу дәптеріндегі
тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Е әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Е әрпі кездесетін сөздерді көркем жазады. |
Көркем жазу дәптері | ||
Өз бетімен жұмыс кезеңі | 1-тапсырма. Буындап оқы.
2-тапсырма. Жаңылтпашты қайтала. |
Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.
Оқушы жаңылтпашты буындап, тұтас оқиды.
|
|||
2.Негізгі бөлім:
Дайындық кезеңі |
Кестенің қалай құрылғанын түсініп ал! | Оқушы ондық кестені пайдалануды біледі.
1-ден 10-ға дейінгі сандардың құрамын есіңе түсіреді.
|
Оқулық
Математика 1-сынып 1-бөлім 94-95 бет |
||
Қалыптастыру кезеңі
|
Мысалдарды жазып, оларды есепте. Кесте бойынша тексер. | Оқушы тапсырманы орындайды. Ондық кесте бойынша жауабын тексереді. | Математика пәні бойынша жұмыс дәптері | ||
Өз бетімен жұмыс кезеңі | Бос орындарға тиісті сандар мен таңбаларды қалай таңдауға болатынын түсіндір.
|
Оқушы бос орындарға тиісті сандар мен таңбаларды қойып, есепті жауабын сәйкес болатындай етіп, есепті шығарады және түсіндіреді. | |||
3.Қорытынды бөлім | – Біз бүгінгі сабақта не істедік?
– Не білдік?
|
Оқушы сабақтан не білгенің есіңе түсіреді. Сабақтан алған әсерімен бөліседі. | |||