Алаш арысы-Мағжан
“Алаш арысы-Мағжан”
Ғылыми жетекшісі: Қозыбақова Ф.А
Дайындаған: Әшімова Арайлым
Ел үшін, тіл үшін жалпы қазақ халқы үшін еңбек сіңірген, жан аямаған қаншама тұлғалар ел есінде. “Ер есімі-ел есінде” демекші тарихта есімі мен ерең еңбегі қалған тұлғалардың бірі-Мағжан Жұмабаев.
Мағжан Жұмабаев-қазақ халқының тарихында, әдебиетінде ерекше орын алатын ұлы тұлға. Солтүстік Қазақстан өңірінде наурыздың 19-жұлдызында дүниеге келген алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Қазіргі таңда Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы мен қызметіне байланысты бірнеше көлемдегі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Қозыбақова Фатима филология және әлем тілдері факультеті, қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенттері арасында Мағжан Жұмабаевқа қатысты конференция өткен болатын. Тәлім-тәрбие беріп жүрген оқытушылар Мағжан Жұмабаев туралы өз пікірлерін айтып өтті. Конференция тарих сабағынан өтілді әрі соған байланысты 5 позиция бойынша яғни реферат, презентация, схема, карта, қосымша әдебиет бойынша Мағжан Жұмабаевқа байланысты баяндамалар қорғалған болатын. Әр позиция өз қорғаған мәліметтерімен ерекшелене білді. Ж.Аймауытовтың:«Осы өлеңшілердің көбі Мағжан өлеңінің не сыртқы түріне, не ішкі мазмұнына еліктемей жаза алмайды» дегенін және Р.Нұрғалидың: «Қанша қиямет туғанымен, бір керемет нәрсе, Мағжан өлеңдері, поэмалары ел арасына фольклор шығармалары секілді тез тарап, халық жүрегіне, жұрттың ой-санасына, елдің ақыл зердесінде қалып қойған еді… Сондықтан Мағжанмен қатар жасасқан аға буын, оның алдын көріп сабақ алған шәкірттерін былай қойғанда, кейінгі ұрпақ қаламгерлерде ақын мұрасынан хабардар еді» – деген пікірін жадымыздан шығармай Мағжан шығармаларының жаңашыл сипатын алдымен оның өзінен іздегенді жөн санадық. Соған орай шығармашылық өнерден де алыс қалмадық. Қазақ филологиясының 1-курс студенттері күй тартып, бірі Мағжан ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл конференция рухани азық сыйлаған күн болғаны рас.
Мағжан Жұмабаевтың жүрген жолы, жасаған қызметі әрқашанда қазақ тарихындағы маңызын ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ, ең бастысы ұлттың ойлау жүйесіне әсер ету арқылы сіңірген еңбегі екендігін көре аламыз.