Өзің өмір сүріп жатқан ортада ғаламдық проблемаға айналған мәселелер бар ма?
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзініңқоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағымәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғысқауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамныңшаруашылық іс – әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойындақалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзегеасуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліпсоқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптарқалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегіқауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып баражатқан дағдарыстық жағдайларды кез келгенаймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз– ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердіңнегізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пенадам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліпсоқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологыРиклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудіңешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдананық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсізкөзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендергешайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығыавтомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексікеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы – ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарыныңқарым – қатынастарын, сандық және сапалыққұрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксізэкология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарынзерттейді. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емесауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындарыауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майдабөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде олардыжел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километржерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесеқатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардын ауанықорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкенмән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындылардыжібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкенмәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферадабірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратынанықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектердентұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындайкөрініс біздің қалаға тән құбылыс.
Осындай құбылыстардын қала ішіне күн сәулесініңультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінденеше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіпкетеді. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дерттерінадамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруғашалдығады. Атмосфераның түтін және газқосындыларымен ластануы адам денсаулығына зияндықұбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресеметеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирекалмасатын қалаларда жиі кздеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі – тұман деген мағына береді. Фотохимиялық тұман өсімдіктер әлемі мен жануарлардүниесіне, сондай – ақ адамзат баласына өте үлкен зиянкелтіруде. Осы жағдайларға сәйкес шет елдіңмемлекеттерінде және біздің республикамыздаатмосфералық ауаны қорғау мақсатындаавтомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен электр қуатыменжүретін электромобильдерді шығару мәселесі туыпотыр. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль жәнеөнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұманбасады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улықоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысытарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде – бірсауатты және саналы адамды тыныш қалдыру емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былайсипатталады. Атом бомбасын жару үшін жергіліктіхалықты көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықтыбасқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді – кішілі 54 адамқалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қаратүтіннің ішінен қызылды – жасылды оттарды көріптамашалаған. Сол адамдардан күні бүгін біреуі деқалмай барлығы өліп қалған. Қазіргі кезеңде адамныңэкологиялық ортасы – қала. Ол ең ірі және табиғиортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойыншаэкстремалды деуге болатын орта. Қалада техногендіқуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қалаортасы адамның басты санасы – оның денсаулығынақолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық – түлікөнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пентранспорттық қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстықхимияландырылуы, гиподинамия, дұрыс тамақтанбаузиянды әрекеттердің кеңінен таралуы.
Осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығыннашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалысынқаладан тыс табиға жағдайда өткізуге тырысады. Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға шалдығуынағзаның ортаға толық бейімделе алмауы мен қолайсызәсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететінфакторлардың ішінде ір түрлі ластаушы заттар біріншіорын алады. Көптеген қалалар экологиялық апатаймағы деген мәртебеге ие болған. Соның ішіндеӨскемен қаласын алуға болады. Әр түрлі ауруларқаптап, балалар жарымжан болып туу да. Осының бәріосы экологияның бұзылу себебі. Бүгінгі таңда Өскеменқаласы күннен-күнге құлпырып, өркендеп келеді. Дегенмен, бұл қуаныштың көлеңкесінде қайғылы дерттұрғанын білеміз бе? Себебі, Өскемен атмосферасы санжылдар бойы көк түтіннен көз ашпай келеді. Мұныңбәрі адам денсаулығына зиян. Қолғасынның өзіналатын болсақ, алдымен жүйке жүйесін зақымдайды, содан кейін іш құрылысындағы мүшелердің жұмысынбұзады. Адам психикасына да кесірі бар. Радикация дасолай. Өкпе, жүрек сырқаттарына шалдығып, қанқысымы жоғарылаған адамдар саны күннен-күнгеөсуде. Улы газға булығып өмір сүріп келе жатқанӨскемен тұрғындарының тағдыры өзі бір үлкен жағдай. Сондықтан, адам экологиясы мемлекет көлеміндеталқыланатын үлкен мәселе деп ойлаймын.
Кенжебек Нұрдана
Алматы облысы Қаскелен қаласы