Бірлікті ту еткен – Мұстафа Шоқай

“Бірлік туы (بىرلىك تۋى)” газеті және Мұстафа Шоқай

Бас асылы мен маржаны тереңде жатқан тарихымызды қанша ақтарып тынбасақ та, әр кез жаңа дүниелер мен тың мәліметтерге, құнды мұрағаттарға кез болып жатамыз. Кейде тіпті тарихтың кернеу түбін қазып бітемін дегенше, теңіз түбіндегі асыл тастардың әрбірін теріп,су бетіне қалқып шығарған оңай ма дерсің? Өзінің төл тарихын білмейтін, дәріптемейтін мәңгүрт халықтың болашағы бұлыңғыр екені айтпаса да түсінікті. Тарихты өз өне бойында жазған, бірлікті ту еткен, халықтың жан-жарасын айтып шырылдағын басылым, ол-“Бірлік туы”.

Қазаққа аты мәшхүр,Түркістан мұхтариатының төрағасы Мұстафа Шоқайдың басшылығымен шыққан қазақ баспасөзінің беткеұстар басылымының бірі емес, бірегейі “Бірлік туы” газеті әрбір қазаққа мәлім екені сөзсіз. Аталмыш газет 1917 жылы, маусымның 24-ші жұлдызынан бастап, 1918 жылдың сәуір айының ортасына дейін тұрақты түрде шығып тұрған.  Бұл Алашшыл идеологияны жақтаған, кеңес отаршылдарына қарсы бағытталған, тәуелсіздік пен тұтастықтың негізін салған, халықтың жетілу, ояну жолында қызмет еткен, сол замандағы ұлттың ажырамас бөлігіне айналған сапалы басылым болды.  Газетті шығарудағы басты мақсат,ол- Ақпан революциясынан кейінгі қалыптасқан қоғамдық-саяси мәселелердің шешімін табу мен ел ішіндегі әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды реттеу болған-ды. Басылым азаттық жолындағы күрестің жаршысы, елдің мұң-мұқтажының жоқшысы әрі аты айтып тұрғандай,балаларды сабаққа шақыратын қоңыраудай, елді бірлікке шақырушы “алтын қоңырау” болды. Газеттің әрбір апта сайын 1 саны басылып, онда қоғамның өзекті мәселелері шығып,замана шындығы айрықша жазылатын. Аталмыш газеттің негізін қалаушы ,әрі редакторы Мұстафа Шоқай сәйкесінше басылым сандарында Түркістан автономиясы мен Алашорда үкіметін қолдап, бұл жөнінде “Түркістан автономиясы”, “Бостандық һәм автономия”, “Қоқан шаһарында болған жалпы мұсылман съезінің қаулылары”, “Сырдария қазақ-қырғыз съезі” атты мақалалар жариялады. Ұлттық баспасөз тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан қарап, төл тарихымызды толықтырып, тың деректермен таныса түстік. Бір дәуірдің көсеміне айналған Мұстафа Шоқайдың есімі қазақ тарихының беттерінде көк айдындағы жарқыраған жұлдыздай болып, өзінің ойып тұры алатын орнын кеше де, бүгін де, ертең де басқаға бермек емес.

 

Дереккөз: «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *