«Қазақстан» газеті және Елеусін Бұйрин

Алибек Таңнұр Алимжанқызы

Әр газеттің өзіндік бір ерекше белгісе және өзіндік бір мақсаты болады. Ал бұл «Қазақстан» газетініңде сол замандағы өз ерекшелігімен қатар маңыздылығы да болған. Барша қазақтың басын қосып  «Қазақстан» газетін ұлтты оятудың құралы деп санаған Е.Бұйрин басылымның алғашқы санында: «Бізді бір ниет, бір тілекке жиятұғын зат – газет! Сол себепті газет біздің басшымыз! Дұшпандарға қарсы құралымыз! Газет біздің білмегенімізді көрсететін – ұстазымыз! Газет біздің қараңғыда жарық беріп, тура жолға салатын шам-шырағымыз!», — деп баспасөздің ағартушылық және ұлттық сананы қалыптастырудағы маңызын айқындап береді.

«Қазақстан» газеті негізінен 1911 жылы 10 наурыздан 1913 жылдың аяғына дейін жарыққа шығып отырған. Газеттің тұңғыш шығарушысы болып Елеусін Бұйрин болған. «Қазақстан» газетінің небәрі 18 саны аз уақыт аралығының ішінде жарыққа шығып айналада болып жатқан барша мәселелердің бетін ашып шолып өткен мақсаты бір дәл «Айқап»журналына ұқсаған  газеттердің  бірі. Негізінен «Қазақстан» газетінде сол замандағы халықтың әл-ахуаты, отырықшылық мәселелері, оқу-ағарту және мәдениет туралы тереңінен қарастырылып осы бағытта шығып отырған. Газеттің Редакторы болып Елеусін Бұйрин өзінің баспагерліктегі жолын осы алғаш «Қазақстан» газетінен бастаған. Оның газетке келуі зеректігімен керемет мұғалім болуында деп білемін.  Жастайынан әкесінен айырылып тағдыр тауқыметін ерте көрген бала өз-өзіне мақсат қойып тырысып байлардың малын бағып ақша тауып пысықтығымен керемет дәрежеге жете білген. Дегенмен тумысынан зерек бала орыс тілін тез меңгеріп, Қазан мұғалімдер семинариясына оқуға қабылданады. Оқуды жақсы аяқтағаннан соң Астрахань қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Осылайша ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамының әлеуметтік – экономикалық және саяси мәселелерді шешуде мерзімді баспасөздің атқарар қызметінің маңыздылығын Ш.Бөкеев, Ғ.Қараш, Б.Қаратаев, С. Меңдешев, М.Шо­мбалов сынды Бөкейлік қазақ зиялылары жақсы түсінді. Сондықтан да олар шын мәніндегі жалпы ұлттық газет шығару ісіне көп күш жұмсап, газет редакторлығы қызметіне Астраханьда мұғалімдік қызметте жүрген Еелеусін Бұйринді шақырады. Осылай Елеусін Бұйриннің алғашқы баспагерлік өмірі басталған болатын. «Қазақстан» газетінде көбінше  Е.Бұйрин, Б.Қаратаев, Ғ.Қараш, Ш.Бөкейұлы, Ғ.Мұсағалиев, А.Мәметов, Ғ.Көпжасаров т.б.-лардың мақалалары жарияланып отырды. Бұл газет те ұлттың оянуына, саяси қозғалыстарға жіті қарауына себепші болды.

Қорытындылай келе, «Қазақстан» газеті қазақ халқын оқу-білімге шақырған, отырықшылық өмір мен мәдениетке тереңінен тоқталған, халықтың саяси ой-санасын өсіруде елеулі рөл атқарған бағыттағы маңызды басылым болды. Міне, осындай басылымның тұңғыш редакторы болған Елеусін Бұйринды бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің жас ұрпағы ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының қоғамдық-саяси ұлттық мүддесін қорғауда баспасөз басылымын құрал еткен ірі тұлға деп біліп, құрметтеп тануы тиіс.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: https://turkystan.kz/article/55258-eleusin-b-jrin/

https://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстан_газеті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *