«Қазақ мұңы» газеті және Нәзір Төреқұлов
ХХ ғасырдың бастапқы уақытында халықтың санасына сәуле түсірген қазақ зиялылары үлкен ағартушылық қызмет атқарған. Халықтың толыққанды білім алуын қалап, елінің ертеңі еңбек еткен тұлғалар тарихымызда аз болмады. Олар ұлттық ұстанымның туын биік ұстап, ұлтының жоғын түгендеді. Алайда, тарихи кезеңде қайшылықты пікірлердің болуы заңдылық. Солардың ішінде Нәзір Төреқұловтың «Қазақ мұңы» газеті арқылы көтерген мәселелері, ұстанған бағытын ерекше екпінмен айта аламыз.
«Қазақ мұңы» газеті 1918 жылы Торғай облыстық комиссары Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған еді. Газеттің алғашқы нөмірінде Ә.Жангелдиннің Торғай кеңесінің І съезінде сөйлеген сөзі берілді. Бұл сөзінде ол кеңес еңбекшілері мен жұмыскерлерінің қажырлы еңбегі мен негізгі талабын көтере отырып, әр аймақта кедей табының мұқтажын көтеретін кеңестер одағының құрылуына жол ашу керегін айтты. «Қазақ мұңы» газетінің негізгі ұстанымы да – Кеңес одағының саясатын қолдап, солардың жұмысын жандандыру. Газеттің алғашқы нөмірі жарық көрген 1918 жылдың 21 наурызынан бастап «Қазақ мұңы» газетінде еңбеккершілер, жұмыскерлер, кедей тап өкілдерінің құқықтары мен талаптары айтылып, осы бағыттағы мәселелер көтерілген болатын.
Міне, осы бағытты ұстанған газетке редакторлық еткен Нәзір Төреқұлов большевиктер саясатын насихаттайды. Нәзір газет тізгінін қолға ала салысымен маңайына білікті, білімді журналистерді топтастырады. Нәзір жергілікті баспасөзге бірқатар ғылыми-публицистикалық, саяси және әдеби мақалалар беріп отырды. Оның жарық көрген «Шығыс және жалпы келісім-шарт», «Ұлт мәселесі және мектеп», «Түрік тілі» сынды мақалалары журналист Нәзірдің қаламының қарымды жүйрік мақалаларының терең де мазмұнды екенін аңғартады. Ол өзінің революциялық идеяларын жүзеге асыру үшін Өзбекстанға қайта оралады.
Нәзір Төреқұловтың публицистика саласында еткен еңбегі орасан. Оның қазақ көсем сөзінің алға қадам басуына, қазақ тіліндегі газеттің жариялануына қосқан үлесі шексіз. Сол себепті, оның журналистика саласындағы ізденісін, қаламгерлік қабілетін ұмытпаймыз. Оның редакторлығымен шыққан «Қазақ мұңы» газеті де осы бағыттағы іргелі басылымдардың бірі болып саналады.