Әдептілік әдемілік

                              2022-2023 оқу жылы  

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік-әдемілік

Мақсаты: оқушыларды адамгершілікке,қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, өз халқының салт- дәстүрін үйрете отырып, адам бойындағы ұнамды,ұнамсыз қылықтарды ажырату арқылы, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

-әдептіліктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-әдептілікке тәрбиелеу;

Көрнекіліктер: нақыл сөздер, интерактивті тақта, шар т.б.

Сабақтың барысы:

Жоспары:

-Ұйымдастыру кезеңі (Шаттық шеңбері)

-Бейнебаян

-Көрініс

-Ойтолғау

-Тренинг

-Жағдаят шешу (суретке қарап)

Екі шеңбер ойыны

аналар айтқан дана ойлар (мақал-мәтел)

Мейірімді періштелер ойыны

-ҚорытындыЖүректен жүрекке

 

Шаттық шеңбері

Қане, оқушылар бәріміз бір-бірімізге сәттілік тілеп, әр оқушы өзінің атының бірінші әріпінен басталатын бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді айтайық.

-Кіріспе сөз

Халқымыздың әдепті де сыйластық қарым-қатынастарға көңіл бөліп келгендігі белгілі.Ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан бұл өнегені біз қазақтың мақал-мәтелдерінен,нақыл сөздеріннен мол кездестіреміз. «Ұлық болсаң-кішік бол», «Әдепті бала өсірсең, ауылдың абыройы» деп ой тарқататын сөз маржандары халқымыз ұстанған тәлім-тәрбиенің жүйелі бағдарын меңзейді.Әдеп дегеніміз- адамдармен қарым-қатынас барысында, әңгімелесу кезінде шамадан аспау,біздің сөзімізбен ісіміз сөйлесіп тұрған адамның көңіліне тимеуін ойлап, сыпайлық шегінен шықпау.

-Бейнебаян:

Тақырыбы: Адалдық пен әдептілік- бұл менің өмірлік ұстанымым!

Оқушылар бейнебаяннан түйген ойларын жеткізеді.

-Көрініс (Жаман әдет)Автор-Абзал, Данышпан-Илхам,Жігіт- Айқын

  Бір жас жігіт жаман әдеттерінен арылудың жолын сұрап бір данышпанға барыпты.

Данышпан кісі оған:

-Сен ана бір жас шыбықты жерден суыршы,- депті.

Ол қиналмай-ақ суырып алыпты.Енді одан жуанын суыруын тапсырыпты.Ол досын көмекке шақырып қана орнынан қозғапты.Данышпан одан да жуан ағашты көрсеткенде, тағы көп адам жиналып ырғаса да, орнынан қозғалта алмапты.Сонша данышпан:

-Көрдің бе? Жаман дағдыдан бастапқы кезде құтылу жеңіл.Ол кезде оған өзіңнің де шамаң жетеді.Кейіннен достарыңды көмекке шақырасың.Ал нашар қылықты көп уақыт қайталап,ол қанға әбден сіңгенде, көмекке қанша адамды шақырсаң да, бәрі кеш болды,- деген екен.

-Ой толғау

1 Әдептілік ұғымын қалай түсінеміз?

2 Әдептілік неден басталады?

3 Адамның әдейі және  мінезі арасында қандай байланыс бар?

4 Әдепсіз адам бола ма, болса дұрыстауға бола ма?

5 Көркіне, киіміне ақшасына қарап әдепті деп айтуға бола ма?

6 Бүгінгі ұрпақ дұрыс сәлемдесе біле ме, қалай сәлемдескен дұрыс деп ойлайсың?

7Заман талабына сай киіну дегенді қалай түсінесің?

Оқушылар өз ойын білдіреді.

 

-Тренинг

-Жағдаят шешу (суретке қарап)

Интерактивті тақтаға әдептіліккебайланысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар жағдаятқа қарап шешу жолын ұсынады.

-«Екі шеңбер» ойыны

Жерге бормен екі үлкен шеңбер сызылады.Тәрбиеші этика туралы дәйектемелер келтіріп, алдынала дайындалған ақпаратпен бөліседі.Мысалы, «Танымайтын адам сәлемдессе, жауап беру керек пе?Тамақты жейтін кезде тек қана оң қолмен жеу керек пе?» осы секілді ережелермен келісетіндер бір шеңбер ішіне жиналады.Келіспейтіндер екінші шеңберге жиналады. Осылай бір-біріне не үшін олай ойлайтынын түсіндіруі керек. Ойын соңында қорытынды ойларын түйіп, шешімдер қабылдауға болады.

Қорытынды:Оқушылар өз ойларын  талқыға салып, дұрыс шешім қабылдағандықтан алдағы уақытта айтылған ережелерді мойындайды және орындайтыны көзделеді.

-Даналар айтқан дара ойлар(мақал-мәтел)

1. Әдептілік ар-ұят

(Адамдықтың белгісі)

2. Адам-( әдебімен көрікті)

3. Әдепті бала ата-анасын мақтатар

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

4. Алыстан сәлем береді

(Ұқыпты елдің баласы)

5. Ақылда баға жоқ

(Тәрбиеде шек жоқ)

 

-«Мейірімді періштелер» ойыны

-Балалар, мен сендерді «Мейірімді періштелер» атты ойынды ойнауға шақырамын.

-Ертеде адамдар ұйықтауға дегенді білмейтін.Олар күндіз-түні жұмыс істеп,қатты шаршайтын, сонда мейірімді періштелер көмекке келеді екен. Далаға қараңғы түсе бастағанда олар келіп, адамдарды ақырын сипап,қызықты әрі мейірімді періштелер көмекке келеді екен.Далаға қараңғы түсе бастағанда олар келіп, адамдарды ақырын сипап,қызықты әрі мейірімді түстер жібере бастайды. Тіпті кейбіреулері адамдарды күндізгі істеген жаман қылықтары мен әдепсіз сөздері үшін ұялтып, жақсылық істеуге, жылы сөйлей білуге шақырады екен.Сөйтіп адамдар ұйықтап қалатын болған.Мұны адамдар періштелердің ісі кенін білмейтін.Себебі олар көзге көрінбейтін.Сендер мұны білмейтін бе едіңдер?Олар әлі де бізге келіп тұрады, ұйқымызды күзетеді,қателігімізді түзетіп отырады.Нанбасаңдар,ұйықтап көрейікші .Олар сол бойда жетіп келеді.Ал, онда ұйықтайық (Балалар ән әуенімен көздерін жұмып,ұйықтаған болады.Осы кезде Мейірімді періштелер ұшып келіп,оларды сипап ұйықтатып,мейірімділікке шақырған сөздер жазылған жүрекшелер тастап кетеді.)

Балалар,қараңдаршы,періштелер сендерге жүрекшелер тастап кетіпті,оқып көрейікші! (Әр бала өз жүрекшесінде не жазылғанын дауыстап  оқуына болады,)

-Мінекей,көрдіңдер ме,олар сендердің осал тұстарыңды біліп қойып,ақыл-кеңестеп беріпті.Енді осыны дұрыс қабылдап,түзетуге тырысайық.

Қорытынды:(Жүректен жүрекке)

-Балалар,біз бүгінгі сабағымызда әдептілік,сыпайылық жайлы сөйлестік.Әдепті,сыпайы болуға,кездескен адамдармен амандасуды, «кешіріңіз,өтінемін»деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік.Жақсы мен жаман әдет қылықтарды ажыратуды,жақын адамдарға қамқорлық,көмек көрсету дағдыларын үйрендік.Әрбіріңіздің бойларыңыздан әдептілік қасиеті жоғалмайды деп сенемін!

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *