Мектепке дейінгі жастағы балаға инклюзивті білім беру

«Мектепке дейінгі жастағы балаға инклюзивті білім беру» 

Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, «…мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады» – деген болатын. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.

Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы. Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.

Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.

Инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту – адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету – өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқыту – білім алу барлығынада қол жетімді деген қағидаға негізделетін оқыту. Оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне, соның ішінде ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу.

Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері: 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. 2. Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті. 3. Әр бір адам қарым-қатынасқа құқылы. 4. Барлық адам бір –біріне қажет. 5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6. Әр бір баланың жетістікке жетуі-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыруы. 7. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары: мүгедектік мәселені қоғамда түсіну; қатарластарымен қарым- қатынас;  толыққанды білім беру;  қоғамға кіріктіру және бейімделу; мүгедек емес балаларды түсінуге, пікірлесуге тәрбиелеу.  даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте тексеру және түзету- педагогикалық қолдау көрсету мекемелерінің көптеп ашылуы;  балаға міндетті психологтық- педагогикалық жетелеу жүргізіп, жалпы білім беру үрдісімен кіріктіру;  әр бала үшін кіріктірудің мүмкін және қажетті түрін анықтау.  даму мүмкіндігі шектеулі жандарды ерте анықтап, кешенді көмек көрсету.  даму мүмкіндігі шектеулі балаларды мектепке даярлау;  ерекше сұранысқа ие балаларды қанағаттандыру мақсатында жалпы типте білім беру мекемелерін техникалық құрал-жабдықтармен толықтыру;  инклюзивті білім беруді дамыту үрдісінде қоғамдық мекемелерде ата- аналарды қатыстыру. Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндік жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмек алады. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайы мереке.  Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады. Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың дамуының қазіргі заманға сай моделін құрудың басты бағыты − бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау. Жоғарыда көрсетілген мәселелерге арнайы тоқталу арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивтік білім берудің қазіргі жағдайына шолу жасалынды. Қысқаша талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымдардың инклюзивті білім беру жағдайындағы оқыту мен тәрбиелеуге дайындығының төмен екендігіне көзімізді жеткіздік. Аталған бағыттар жүзеге асырылса, мектепке дейінгі ұйымдар мен инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін мектептердің арасындағы сабақтастық ертеңгі күнгі болашақ саналы азаматтарымызды тәрбиелеуге мол үлесін қосатынына кәміл сенеміз.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *