Аналарды аялайық.Ана туралы эссе

      Әлемдегі ең сұлу әйел адам кім?десе,ойланбастан анамды айтар едім.Ана-біздің өмірге келуімізге себепші болған аяулы жан.Бізді тоғыз ай құрсағында көтеріп,дүниеге әкелді.Біздің ешнәрсеге қауhарсыз періште сәби кезімізде бізді құшағына қысып,ақ сүтін беріп өсірген ардақты адам.Әлемде неше түрлі ғалым,данышпан,батыр адамдардың барлығы анадан туылған.Аналардың алдында біз қашанда қарыздармыз.Біз ауырып қалған сәтімізде түн ұйқысын төрт бөліп,біз сауыққанша амандығымызды тілеушіміз.Біз қанша қателік жасап,ренжітсекте бізді кешіре беретін махаббаты шексіз жан.Бірақ кейде осы жақсылықтарын ұмытып кететініміз де бар.Анамыздың бір ауыз сөзін көтере алмай,қарсы келетін күндерімізде аз емес.Бірақ сәлден кейін анамыз «алтыным» деп құшағына қысқанда барлығын сол сәтте-ақ ұмытып кетеміз.Аналарымыз барлық жақсылыққа лайықты жандар.Үйдің тірлігін,сырттың да шаруасын,бала қарауды да барлығын қатар алып жүретін мықты кісілер.

Менің анам-өте байсалды,ақылды,сонымен қатар жиырмадан астам жылдан бері мектеп қабырғасында оқушыларды білім нәрімен сусындатып келе жатырған асыл анам.Анама деген махаббатымды сөзбенде айтып жеткізе алмаспын.Мен отбасымызда жалғыз қыз болғандықтан ата-анама қатты еркелеп өстім.Бірақ анашым ерекелігімді басып, әрқашан маған ақыл кеңесін айтып отыратын.Маған осы жасыма дейін көп нәрсе үйретті.Бос уақытымызда бірге ас әзірлеп,әңгіме дүкен құрамыз.Анаммен өткен әрбір күнім мен үшін үлкен бақыт. Менің анам өте жан-жақты адам. Бір орында отыра алмайтын, барлығына мейілінше үлгеріп жүреді.

Отбасымыздың берекесі мен ұйытқысына айналған анашым туралы айта берсем таусылмас. Мен осындай анамның барына Аллаға шүкір деймін. Бізге өмір сыйлап дүниеге әкелген аналарымыздың алдында біз қашанда қарыздармыз. Тіпті меккеге жеті рет арқалап апарсақта анамыздың алдындағы қарызымызды өтей алмаймыз. Аналарымызды қадірлейік, барынды бағалайық!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *