Арнайы пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
Сүндетова Айнагүл Қалиқызы
Арнайы пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Жаңа технологияны меңгеру – оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да адам келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Білім беру саласының сапасын арттыруда инновациялық технологияларды жиі, тиімді қолданып отырудың маңызы ерекше. Қазіргі кезде білім беру алға жылжудың ең маңызды факторларының бірі болғандықтан, әрбір оқытушы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге ізденіс арқылы жол ашу керек. Инновациялық оқыту дегеніміз – қазіргі кезде әлеуметтік, мәдени ортадағы, білім беру әрекетінің нәтижесі.
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен студенттердің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында оқытушы тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды және интернет ресурстарын қолдана алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
– Пән бойынша базалық білімді меңгерту;
– Алған білімді жүйелеу;
– Өзін – өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
– Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
Студенттерге оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және студенттердің ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады
Қазіргі заман оқытушыдан тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы кездері заман ағымына сай колледжімізде күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта арқылы іске асырылуда.
Қазіргі кезде инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы студенттің ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Атап айтатын болсам, «Электрбайланыс» кафедрасында арнайы пәндерді оқытуда бірнеше технологиялар түрлері қолданып жүрмін. Олар: интерактивті тақта, электронды оқулықтар, «My Test» тестілеу бағдарламасы, «Netcracker Professional» бағдарламасы, сұлбаларды модельдеу бағдарламалары Multisim 12.0 және Eleсtronics Workbench, сонымен қатар онлайн тестілеу бойынша Kahoot.it және Socrative.com сайттары өте жақсы нәтиже беруде. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Білім берудегіинновациялық технологиялар студенттердің ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Арнайы пәндерді оқытуда ақпараттық – коммуникациялық және инновациялық технологияларды пайдалану арқылы студенттердің ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және интернет ресурстарды пайдалану студенттің білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді және сапалы маман ретінде қалыптасуына зор үлес қосады. Студенттердің ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр.
Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, студенттердің шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа педагогикалық технология. Мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары студенттердің өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, студенттерді қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – оқытушы басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және студенттердің белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
-ассоциация;
-бірлестік қызмет;
– көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау.
Бұл технология бойынша:
– оқу үрдісінде қызығушылық артады;
– студенттің өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
– студенттің ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Топтық технология. Бұл топта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Мұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешу үшін студенттерді уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Студенттердің өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Сабақта ақпараттық–коммуникациялық және инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
-студенттің өз бетімен жұмысы;
-аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
-білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
-шығармашылық есептер шығару;
-қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
-қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
-экономикалық тиімділігі;
– іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
-студенттің ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып студенттің өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Менің ойымша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат студентті өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Ол үшін оқытушының біліктілігі, іскерлігі, көптеген әдіс – тәсілдерді қолдана білуі керек.
Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару ұстаздар алдындағы міндет болып табылады. Ал Қазақстанда білім беру үрдісі дүниежүзілік білім әлеміне кіруді көздейді.
Сондықтан қазіргі таңда білім берудің ұлттық моделіне өту- оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс – тәсілдерін игеруді қажет етеді. Жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл оқытушы ғана мақсатқа жетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Раджерс Э.М. «Инновация туралы түсінік». – Қазақстан мектебі, № 4, 2006
- Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – Қазақстан мектебі, № 4, 2008