Вокалдық жаттығулар

Вокалдық жаттығулар әнді орындау алдында іске асырылады. Алғашқыорындалатын жаттығу жай екпінде айтылып,оқушылардың сезіміне әсер ететін болуы тиіс. Мысалы, тақтаға гүлдің суреті ілініп мұңалім сұрақ жауап арқылы оның әдемілігін, нәзіктігін анықтап, айтылатын жаттығудың да сондай әсерлі болуы тиісекенін ескерту қажет. Жаттығулардың «Қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын жинақтап, дыбысты бірдей айқын, таза шығуына жетелейді. Қатаң «қ» дыбысынан кейінгі орналасқан «а» дауысты дыбысының құлаққа жағымды майда болып шығуына сөз тексінің  мазмұнына лайықты мәнерлі айтуға септігін тигізеді. «Гүл» деген сөзді айтқанда «ү» дыбысының созыла айтылуын қадалаған жөн.  Жаттығуды орындау барысын барынша талдап түсіндіріп жатқанымыз ән айту мәдениетін қалыптастырудың алғашқы кезеңінде  елеусіз ғана көрінетін  осындай дағдыларды меңгеруден басталады.

Шығарманы мәнерлеп нақышына келтіре орындауға дағдыландыратын жаттығудың біріне «Әлди» әуені жатады. Оның баяу да салмақтысипаты шығарманы орындағанда дауыстың қысылмай еркін шығуына жағдай жасайды. Балалар дауысын тәрбиелеп ары қарай дамытуда тиімді нәтиже беріп жүрген халық ән күйлерінен алынған тәжірибиеде.

Вокалдық жаттығулар өзінің мазмұнын, ішкі динамикасы жағынан айқайлап, қатты айтуды қажет етпейді. Балалардың дауысына ыңғайлы жазылған. Мұғалім оның әрқайсысын орындағанда «әдемі», «нәзік», «жұмсақ», «ойлана», «теірене» айтыңдар деген сөздер арқылы белгілі бір мақсат қоып отырады. Орындлатын шығарманың мазмұны тыңдаушыға дұрыс жетуін  үшін  баланың әрбір  дыбысты айқын айта білуінің маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін, тіл, көмекей, төменгі жақ сүйегін (шықшыт) жұмысын өзіде жақсы меңгеріп оны балаларға ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс.Диатоника – гректің diatonikos – тоннан- тонға ауысу 
деген сөзінен алынған. Диатоникалық гамма – 
әуеннің (мелодияның) жоғары-төмен кез-келген бір 
диатоникалық ладтағы қозғалысы. Диатоникалық 
дыбыс қатары негізгі тондардан – до, ре, ми, фа, 
соль, ля, си тұратын, альтерация белгісі жоқ 
натуральдік гамма. Диатоникалық гаммалар дауыс 
қоюдың алғашқы жаттығулары болып табылады.

Диатоникалық гамма жаттығулары

Диатоника – гректің diatonikos – тоннан- тонға ауысу деген сөзінен алынған. Диатоникалық гамма – әуеннің (мелодияның) жоғары-төмен кез-келген бір диатоникалық ладтағы қозғалысы. Диатоникалық дыбыс қатары негізгі тондардан – до, ре, ми, фа, соль, ля, си тұратын, альтерация белгісі жоқ натуральдік гамма. Диатоникалық гаммалар дауыс қоюдың алғашқы жаттығулары болып табылады.

   Гамма жаттығулары дауыс екпінін, созылмалылығын игеруге, регисторларды біркелкілеуге, дауыс диапазонын кеңейтуге ,вокалдік тыныс алуды меңгеруге ,интонацияны тұрақтандыруға тәрбиелеуге кеңінен қолданылады.

    Бір октавалық, екі октавалық гаммаларды аспапта ойнағандай дауыспен орындау үшін әншіге алдымен 2,3,4,5-ноталар топтамасынан тұратын жаттығуларды меңгеру керек. №1-2 жаттығуларды жабық ерінде айтып, оқушының резонаторды сезіну, әншілік тыныс алуын үйренуге ,дауысты «оятуға» мүмкіндік беру керек. Содан кейін осы жаттығуларды және 3,4,5 – жаттығуларды  дауысты дыбысқа жай екпінде асықпай айтқызу керек. Осы жаттығуларды меңгерген соң келесі жаттығуларды бірте-бірте тездетіп айтуға кірісуге болады. 3,5-жаттығулар жоғарыдан басталатындықтан 1-ші нотаға атаканы өте дәл әрі таза жасау керек. Тынысты төмен алып жоғары позицияны түсірмей төменгі ноталарды біркелкі орындау керек. Алғашқы кезде гаммаларды жоғары-төмен толық дауыспен ешқандай нюанссыз вокалдік тынысты тереңге алып дауыстың біркелілігін сақтау керек. Жаттығуларды толық меңгергеннен кейін нюанстар жасауға болады. Оқушы гамма жаттығуларын орындаған кезде фортопианода оны толық сүйемелдемей, тек аккорд түрінде сүйемелдеу қажет. Сонда оқушы жаттығуды таза айтуға дағдыланады. Тональності сезінуге жаттығады. Жаттығуларға екпін (темп) туралы белгілер қойылмаған .Е  кпінді педагог өзінің қалауымен қолданады.

                                    Арпеджио жаттығулары.

Арпеджио атауы италияның – arpeggio (арпеджио) – деген сөзінен алынған. Аккордты Арфа аспабында ойнағандай орындау деген мағынаны береді. Арпеджиода аккордтар, дыбыстар бір мезгілде емес, кезекпе-кезек бірінен кейін бірі орындалады. Негізінен төменнен жоғары қарай жиі қолданады.

     Вокалдік педагогикада Арпеджио жаттығуларының алатын орны ерекше. Арпеджио жаттығуларын алғашқыда асықпай жай екпінде (legato) орындау қажет.Арпеджиода ноталарды бір-бірінен үзбей, портаменто жасамай, бір нотадан келесіге дәл ауысу қажет. Арпеджио жаттығулары әсіресе дауыс диапазонын кеңейтуге, дауыс жылдамдығын жетілдіруге, регистрларды тегістеуге, дауыстың майдалығы мен жұмсақтығын жетілдіруге, ,интервалдардың интонациялық дәлдігін қалыптастыруға, лигато, стакатто әдістемелерін меңгеруге кең түрде қолданылады. Жаттығулардың 30-шы номерінен 56-ға дейінгілері Арпеджио жаттығулары. Бұл жаттығулар мажорлық  3 дыбыстан басталып бірте-бірте диапазон, ритм, әуендік (мелодиялық) жағынан күрделене береді. Жаттығуларда екпіндік (темп) белгі қойылмаған. Педагог оқушының жаттығуды игеруіне қарай екпінді тездетеді. Қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуға ауысуда әр оқушының дауыс мүмкіндігіне қарай педагог өзі шешеді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *