Оқу-ағарту министрлігінің осы аптадағы басты жаңалықтарына қысқаша шолу
ҚР Оқу-ағарту министрі Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Отырыс барысында білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер айтылды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың екінші кезеңі қорытындыланды. Оған еліміздің 219 ауданынан (қалаларынан) 82 мыңнан аса оқушы қатысып, үшінші кезеңге 15 616 оқушы өтті.
Буллингтің алдын алу ережелері бойынша түсіндіру жұмыстары жеті мыңға жуық мектеп пен колледжді қамтиды. Ақпараттық шаралар еліміздің бірнеше өңірінде басталып кетті.
XIX Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы шықты. Қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында білікті мамандардың қатысуымен орта білім беруді жетілдіру жұмысы басталды. Бір ай ішінде педагогтер оқу бағдарламаларының мазмұнына түзетулер енгізетін болады.
ҚР Оқу-ағарту министрі мұғалімдермен кездесіп, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

