АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ АВТОПАРКІ 47 АВТОБУСПЕН ТОЛЫҚТЫ
ҚР Оқу-ағарту Министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарлағандай, бұрын балаларды тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ескірген автопаркті ауыстыру туралы мәселе бірнеше мәрте көтерілген болатын.
«Жыл басынан бері өңірлердің мектептеріне 47 жаңа автобус жеткізілді. Балаларды тасымалдау алдымен мектептері жоқ шалғайдағы аз қоныстанған ауылдарда ұйымдастырылған. Тасымалдау кезінде оқушыларды мектеп директорының бұйрығымен бекітілген арнайы қызметкер бақылайды», – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Айта кету керек, мектеп автобустарының техникалық сипаттамалары барлық талаптарға сәйкес келеді.Қауіпсіздік белдіктері, апаттық шығу жол, жылдамдық шектегіштер мен сәйкестендіру белгілері және автобуста бала қалған жағдайда белгі беретін жүйемен қамтылған.
Қаржы лизингі бағдарламасы бойынша ел өңірлеріне барлығы 515 мектеп автобусы жөнелтіледі. Өткен жылы 103 автобус Түркістан, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарына жеткізілді.