Қазақ қыздарының бейнесі

Қазақ халқының тарихы мен дәстүрі ел жадында мәңгілік. Біздің тарихымызда мақтанып, ауыз толтырып айтарлықтай батыр ұл қыздарымызда жетерлік. Мысалға батыр қыздарымыз жайлы айтсақ. Қазақ қызы бұрыннан қандай болған? Өткенге көз жүгіртер болсақ, кезінде жауға шапқанда қыздарымыздың өзі ат үстінде садақ атып, сонымен қатар елі үшін жанын қиған, елдің ертеңі үшін күрескен. Қазақ қыздары тек мұнымен ғана шектеліп қоймай, өзіндік бір ерекшеліктері мен де өзгеше.Қазақ халқы қай кезде болмасын «Қызға қырық үйден тыю» — деп әрқашан да қыздарын жаман қылықтардан аулақ ұстаған, қыздың өміріне аса мән берген. Қыздарымызды қонақ деп ерекше құрметпен қараған. Міне қазақ тәрбиесіндегі қалыптасқан ұғым. Қазіргі таңға дейін тәрбиелігі мен инабаттылығы бұзылмаған. Мақтап айтар тұстары да толассыз. Қанша уақыт өтсе де, біздің қанымызда қалыптасқан ибалық өзгермес! Үлкен кісілеріміздің ақылмен, ата- анамыздың берген тәрбиесі біз үшін өшпес мұра. Келер ұрпақтар үшін де біз үлгі өнегеміз. Біздің ержүрек қыздарымыздан алар тәліміміз қандай болмақ? Міне сұрақ. Ол кісілердің жасаған істерінен, біз не түйеміз?! Қазақ халқы тарихы мен дінін, ұлтымыздың ұлылығын бұзбауымыз қажет. Себебі біздің елімізді, жерімізді қорғап, қаншама көрген қиыншылықтарға қарамастан бейбітшілікке қол жеткізген осы ата- бабамыз. Яғни, ұрпақтан ұрпаққа жеткізген асыл жерімізбен мұрамызды қастерлеу әрбір қазақтың міндеті.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *