“Серке” газетінің тарихы“Серке”газеті-1905-1907жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөздің бірі.”Серке” атауының мағынасы,ол боранда қой бастайтын көсем деген мағына береді. “Серке”газеті 1907жылы қазақ оқушыларына арналып,Пе
“Серке”газеті-1905-1907жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөздің бірі.”Серке” атауының мағынасы,ол боранда қой бастайтын көсем деген мағына береді.
“Серке”газеті 1907жылы қазақ оқушыларына арналып,Петербургте шығып тұрған “Улфат” газетінің қосымшасы ретінде Ш.Қосшығұловтың басқаруымен,Х.Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан.Газет алғашқыда екі жетіде бір шығатын болса,бірақ “Серкенің” екі нөмірі ғана шығып тоқтап қалған екен.Газеттің жазылу бағасы жылына 2сом,жарты жылына 1сом 25тиын жеке саны 10тиын болған.
“Серке” газетінің шығуы жайлы 1911 жылы М.Сералиннің оқушыларға арнап жазған бас мақаласында “1097 жылы 11мемлекеттік дамуының мүшесі Ш.Қосшығұловтың, ықласымен Петербур қаласын да “Серке” есімді журнал шығып бастап еді, алайда ол ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды. Газеттің шығуы жайында Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасында Ш.Қосшығұловтың айтуымен жазылған қол жазба бар. Ол жазбада “Серке” газетінің 3-4нөмірі шығып тоқтатылған.
“Нәжет” (Азаматтық) деген жинақта, “Улфат” газетінің редакторының бірі деп қол қойған хабарда ”Улфаттың” қазақ білім алушыларына арнап қазақ тілінде “Серке “атты екі жетілік газеті шығуға қарар болды-делінген.
Келесі жылы Наурыз айының басында сол газеттің жариялануы шықты.Көпке жетпей бірер күннің ішінде қала полициясы келіп “Серке”, ”Улфат” газеттерінің ұсталғаны туралы бұйрығын оқып, басқармадығы бар даналарды жинап құлтап кетті. Келесі күндері тиісті орындардан сұрастырса “Серке” газетінің кей мақаласында қазақ халқында үкіметке қарсы үгіттеу бар болып содан қолға түскенін айтты.
Ал қазіргі таңда газеттің жабылуына себеп болып, өзімізге белгілі ақын, қоғам қайтаркері әрі жазушы М.Дулатов екендігі мәлім болды, себебі “Серкенің” кей беттерінде оның “Жастарға “, ”Біздің мақсатымыз” мақалаларының жарияланғаны рас болып шықты.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
- Сағымбай Қозыбаев, Айгүл Рамазанова,Қырықбай Аллаберген. Әлем Баспасөзі Тарихынан
- Қ.Аллаберген,Ж.Нұсқаубайұлы,Ф.Оразаев Қазақ журналистикасының тарихы(1870-2008)
Алматы: Білім 2010.-308бет.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті 1-курс студенті
Құттыбай Інжу