“Түркістан уалаяты” газет Атахан Дамира
«Түркістан уалаятының газеті» тарихы мен маңызы
Қазақ даласында алғаш болып шыққан газеттер көп емес. Солардың бірі «Түркістан уалаятының газеті». Ол Ташкенттегі Туркестанские ведомствие газетіне серік ретінде 1870-1882 жылдар аралығында шығып отырды. Бұл газет Ресейдіңшешімімен және де сол елдің, қазақ жұртының саяси өзгерістерін, хабарларын жариялап отырған. Бұл газет шығып тұрған кезең қазақ халқының тарихында оларды түпкілікті отарлау мақсатында жүргізілгенкөлемді шаралардың басталуымен ерекшеленді. Сондықтан “Түркістан уалаятының газеті” Ресей империясының жерін отарлау тарихының дерек көзі болып есептеуге болады.«Түркістан уалаяты» газетінің беттерінде жоғарыда айтқан елдің ішкі-сыртқы жағдайларымен бірге егіншілік, мал шаруашылғына байланысты да көптеген елеулі материалдар да жарияланып тұрды.Қоғамның әлеуметтік және әйел теңдігі мәселелері де қозғалған. Тек қана саяси мәселелерден бөлек, қазақтың біртуар перзенттерінің туындылары орыс және қазақхалқыныа таныстыруға мүмкіндік берді. Газеттің басты мақсаттарының бірі қоғамның өзін ашуға мүмкіндік бермеу, діннен, тілден айыру болды. Ал көркем әдебиеттер жаймен басыла бастағанда газет басқармалары газеттің бағыты өзгеріп бара жатқанын сезіп, жауып тастайды. Міне осылай тарихта осынша маңызы мен есте қалған газет «Түркістан уалаяты»
Атахан Дамира ҚазҰУ