Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты»: тарихи сипаты мен мәні

Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты»: тарихи сипаты мен мәні

     Жер — қоғамдық байлықтың аса маңызды бөлігі, мемлекет тәуелсіздігінің негізі, барлық байлықтың жиынтығы.Осы уақытқа дейін жеріміз,еліміз ата-бабаларыз үшін ауқымды мәселе болды . Әлі де бұл мәселе өз шешімін тапқан жоқ.Себебі біздің жерімізге көз тігіп келе жатқан мемлекеттер көп .Біз жерімізді олардан қорғауымыз керек .Жер -бізді тәуелсіз,еркін екенімізді білдіреді .Ол үшін жанымызды қиюға дайын болуымыз шарт Бұл біздің міндетіміз және парызымыз.Бізге дейін ата-бабаларымыз жер үшін күрескен.Тартып алған елдерден, өздеріне қайта қайтарып алып,бізге аманат етіп тастап кетті .Ал, біз аманатқа қиянат жасамауымыз қажет .

Біздің ата-бабаларымыз да жердің тіршілік үшін қадір-қасиетін, мән-маңызын барынша ұғынып, оны көзінің қарашығындай сақтай білуге шақырып отырған. Туған жерді сүйіп, оны қорғау әрбір азаматтың ел алдындағы ұлттық парызы саналған. Қазақ халқының бүкіл әлеуметтік, рухани өмірі ұлтқа, халыққа, Отанға адал қызмет етуге құрылған. Қазақ әдебиетінің ең үздік үлгілерінің алтын арқауы да осы – туған жерді сүйе, қажет болған жағдайда оны қорғай білуге үндейтін отаншылдық сарыны. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде «Туған жерге туыңды тік», «Туған жердей жер болмас», «Туған елдей ел болмас»,деген сияқты мақал-мәтелдердің көп кездесетіндігі осындай себептерден болса керек. Халық әдебиетінің негізгі мазмұны Отан қорғау, елге адал қызмет етуден тұрады. «Қырымның қырық батыры», «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Кенесары-Наурызбай» сияқты толып жатқан батырлар жырының, тарихи жырлардың негізгі тақырыбы – Отан, ел қорғау.

Жазушы ,ақындарымыз жерді өлең ,поэма,дастандарында қосқан .Жерді қорғаңдар,күресіңдер ,жерді бермеңдер деген ниетпен батырларға үндеу жасап отырған.Оларға өлең,дастандарымен оларға шабыт сыйлаған.

Солардың бірі Бақытжан Қаратаевты айтсақ болады .

Бақытжан Қаратаев- халқымыздың бостандығы мен ұлттық тәуелсіздігі, оның жарқын болашағы үшін аянбай күрескен ұлы даланың дарынды перзенті. Бар ғұмырын халқының мүддесі үшін сарп еткен ол өмірінің соңында болашақ ұрпақ үшін туған халқының басынан өткерген тарихын жазып, артына мол мұра қалдырды. Соның бірі «Орал »газетіне жарияланған «Ашық хаты»мақаласы.Бұл мақалының сыры мен мәні тереңде.Мақаланың авторы әлі белгісіз.Көп зерттеушілер Бақытжан Қаратаев деп ойлап отыр .Ашық хатта ел,жер туралы мәселе көтеріледі.Ащы-ащы шындықтарды әшкерелеп тастады.Жерді қорғау керек,жерді өзімізге қайтару керек деген сынды жан тебірерлік дүниелерді айтады

 ҚОРЫТЫНДЫ ШЫҒАРА КЕЛЕ,Жер – ұрпаққа қалдырар жалғыз мұраң. Жерді беру – ұрпағыңды сол мұрадан айырып, ертең біреуге тәуелді ету, құлдыққа беру. Жерден айрылу – елдігіңнен, ерлігіңнен, еркіңнен айрылу. Жерді берейік деу – ұрпақтың жауы. Жауға аяушылық жоқ. Өлім!

                   Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінінің 1курс студенті Сапарбекқызы Жақсыгүл

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *