«Менің отаным – Қазақстан»

Бапашева Даурия Талпынбековна

Мақсаты:

– Оқушыларды өз Отанын сүйюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтар тәрбиелеу.

– Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын біліуге тәрбиелеу.

 

 1-Жүргізуші:

Қайырлы күн , құрметті бүгінгі  Республика  күніне арналған «Менің отаным – Қазақстан» атты салтанатты кешімізге  жиналған көрермендер!

Сіздерді еліміздің ұлттық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

2-Жүргізуші:

Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,

Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?

Армысың жиналған топ үлкен, кіші,

Армысың айналайын халқым менің.

 

1-Жүргізуші:

Қызыл бұлттай көрсең қырдың гүлдерін,

Көрсең ашық Ала таудың күндерін.

Жеріңде гүл, көгіңде күн бір жүзген,

Ұлан байтақ Республикам бұл менің.

Жүргізуші:

25 қазан – Республика күніне арналған ұлттық мерекелік салтанатты бастаймыз.

Туған жеріміздің тұғыры биік болсын!

 Әнұран ойналады  Видиоролик «Гимн Казахстана»

1-Жүргізуші:

Біздің дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

   2-Жүргізуші:

Кез келген  ел азаттыққа  қол жеткізген күнін ардақ  тұтады, басқа мерекелерден  айрықша  қастерлейді.Қазақстан биыл алғаш рет «25  қазанды ұлттық мереке» ретінде  атап өтпек. Қазақстан  бұл  мерекеден 2009 жылы бас тартқан болатын.

2022 жылдың  16  маусымында   Ұлытауда өткен ,тұңғыш ұлттық құрылтай отырысында Призидент  Қасым -Жомарт  Тоқаев  «Республика күні  елдің  мемлекет  құру  жолындағы  тарихи  қадамының символы болу керегін» айтып.Республика күнін қайтарып, оған  жаңа маңыз бен мазмұн берді.

1-Жүргізуші:

Нәтижесінде ,  25 қазан – Республика күні ұлттық  мереке статусына ие болды.

«Мен Республика күніне  ұлттық  мереке  мәртебесін қайтаруды ұсынамын. Сондықтан, қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік  күнін еліміздің басты  мерекесі  ретінде  атап өтуіміз  керек» деп Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев айтқан болатын.

2-Жүргізуші:

Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Шакиров Асхат  Замировичке  беріледі.

 2- Жүргізуші:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған

Жаным менің,

Кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Отан!

Отан!

Бәрінен биік екен.

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

Отанды сүймеуің де күйік екен,

Отанды сүйгенің де күйік екен…

Ән:«Отан». Орындайтын дзюдо бөлімінің тәрбиеленушісі  Супыгалиева Фатима

 

1-Жүргізуші:

Қазақстан Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай-талай асқарлы асуларды бағындырды. Өтпелі кезең ауыртпалықтарын бастан өткізіп, оңай тимеген экономикалық саяси реформалар жүзеге асырылды. Қазақстанды бүгінде әлем жұршылығы нарықтық экономикалы-демократиялық ел ретінде таниды. Елімізді халықтар достығы жақсы сақталып келеді. Ел бірлігін сақтауда татулықтың үлкен байлық екендігін бүгінде Қазақстан халықтарының барлығы айқын сезінеді. Қазір қазақстан – көп елдермен терезесі тең, елдік рәміздері анық, мәртебесі беделді  мемлекет.

 

2- Жүргізуші:

«Мой Казахстан»Оқитын садақ ату бөлімінің тәрбиеленушісі Каримова  Татьяна. Слайд 2

2- Жүргізуші:

Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.

Жаса Қазақстаным,

Жаса, менің ұлы елім!

7-8       сынып оқушыларның  Республика күніне арнауы )Слайд3

 

1-Жүргізуші:

Ән: «Туған ел» орындайтын Дзюдо бөлімінің тәрбиеленушісі Жайылхан Әсет

 

 

2-Жүргізуші:

Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін

Қайта тудым өмірге қайта келдім

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім.

«Республикам менің» өлеңі. Оқитын Ақболат Нұрдәулет

 

(Мың бұралған бишілеріміздің орындауында Қазақ биі)

 

1- Жүргізуші:

Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен,

Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем.

Керегі жоқ басқа атақ,

Басқа абырой,

Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең!

 

«Туған жер» әнімен Серікбай Нұрбақыт

 

2-Жүргізуші:

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі

«Көк тудың желбірегені» орындайтын Жайылхан Әсет Видиоролик

2-Жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.

Елім, жерім, Отаным – бақ – дәулетім,

Болашағым, өнер – білім, өркенім.

 

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма

Туған тілім шұбарланба жарқыра

Тарихымызда таланттылар көбейсін

Бас иемін ата баба рухына –дей келе қазақ жүрегінің жырына  айналған Ескендір Хасанғалиев пен Қадыр Мырза әлі аталарымыздың   «Атамекен» әнін  бір мезгілде  бүкіл ел болып шырқауға шақырамыз.

Атамекен караоке Видиоролик.

1-Жүргізуші:

Тәуелсіз Қазақстанымыздың Республика күні құтты болсын!

Аңсарлы азаттығымыз бен тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істерміз жаңа дәуірлерге жол ашсын!

 2-Жүргізуші:Көріскенше күн нұрлы болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын, ағайын!  Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *