отбасы құндылықтар
Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз-ең алдымен өзіңе тиістіні тыңдыру,өз борышыңды ақтай білу деген сөз .
В.Сухомлинский
Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алатын алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең куанышты ,қызық дәурені осы отбасында өтеді. Отбасы мүшесі ретінде сенің міндетің-ата-анаңды, туған туыстарынды,жасы үлкендерді сыйлап, кұрмет тұту ,жасы кішілерге қамқорлық жасау , мектептегі сабағында жақсы оқып, білімді, мәдениеттті, жан-жақты болуға өсуге ұмтылу. Сонымен бірге отбасылық құндылықтардың , айтқанда белгілі дәстүрлердің жағымды өнегелер, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақталуына өзіндік үлес қосу да біздің міндетіміз.
Отбасы-адамның рухани тірегі. Отбасың бақытты болу үшін сен де өз үлесінді қосуың тиіс. Ана сүтімен бірге даритын,үлкенді сыйлап,ізет көрсету,кішіге қамқорлық жасау асыл қасиеттерінді бойына сініріп,қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат болып өсуге ұмтылуын керек. Сен- өміріміздің жалғасы,ереңі,жарқын болашағымыз,ел мен жердің иесісің. Күнделікті өмірде адамдармен қарым-қатынас барысында өмірдегі түрлі жағдайларда өзінді қалай ұстауды,адамгершілік әліппесінін игерсін,атап айтқанда,мейірімді,кішіпейіл болу,ізетттілік,сыйластық,үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынас болу сияқты тәжірибе жинақтайсың.