Мықтымын ғой дегенмен…

Мықтымын ғой дегенмен…

Мықтымын ғой дегенмен
Қорғасындай бір салмақ кетер емес денемнен.
Басады кеп төбемнен. Қош айтысып өлеңмен,
Терезеге төнем де Алатауды көрем мен –
Басы қарға бөленген.
Бауыры көкке кенелген – Алатауды көрем мен.
(Қорғасындай бір салмақ арылмайды денемнен)
Мықтымын ғой тегінде!
Қорқытарың өлім бе, оранарым кебін бе?!
Түкірдім мен оларға!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ана тұрған көгінде – жұлдызың бар сенің де,
Басын иген өлімге, түкірдім мен өмірге!
Ей, жүрегім, жеңілме!
Ей, жүрегім, жеңілме.
…Мен несіне жерінем?!
Қорқатыным өлім бе?!
Қорықпай-ақ берілем
Өкінішті…
Амал не…
Өлмейтіндей келіп ем…
Мына жарық дүнием бірге туған менімен
Бірге өледі менімен!!!
Мұқағали Мақатаев
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *