Айығып келем

Айығып келем

Айығып келем, айығып келем бәрінен.
Емделіп жүрмін, жақсылар берген дәрімен.
Мен үшін өмір тарылған емес, әлі кең,
Кеңістіктерге сапарға шығам әлі мен.
Сауығып келем, жинап та келем есімді.
Сағынып қалдым, саламат өмір кешуді.
Тағат таппастан, тартамын алға көшімді,
Жанып бітпестен жазбаған маған өшуді.
Қиын ғой
Қиын…көшіңді жолға доғарған,
Жана алмай бықсып, ошақта отың жоғалған,
Жаға алмай сөнсең жалын мен отты –
Сол арман, жалындап тұрып,
Өртеніп кетсең, жоқ арман!
Мұқағали Мақатаев
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *