Ұлт-ұстазы
Аңдапта: Бұл мақалада Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, қандай кітаптардың авторы екенін, Алаш-Орданын мүшесі екенін, халқымыздың егеменді түрде өмір сүруінің алғышарттарын жасаған, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы деректермен таныса отырып, оның өз халқының болашағын жарқын етудегі ерен еңбектерін айқындауға, қазақ ұлтының шын жанашыры бола білген, Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын танып-білу, зерттеп-зерделеуге арналған.
Аннотация: В данной статье смогли рассказать о жизни Ахмета Байтурсынулы, автор каких книг, он был членом Алаш-Орды, учителем нации, создавшим предпосылки для самостоятельной жизни нашего народа, Ахмет Байтурсынулы. определили его героические труды в освещении будущего своего народа, и он смог стать истинным сочувствующим казахской нации., посвятивший себя знакомству и изучению личности Ахмета Байтурсынулы.
Annotation: In this article, we will learn about the life of Akhmet Baitursynuly, what books he is the author of, his membership in the Alash-Orda, the teacher of the nation, Akhmet Baitursynuly, who created the prerequisites for the independent life of our people, and his brave work in brightening the future of his peopleIt is intended to define, to get to know and study the personality of Akhmet Baitursynuly, who was a true sympathizer of the Kazakh nation.
Түйінді сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, қазақ, адамгершілік, Алаш-Орда, Қазақстан, қазақ елі.
Кіріспе: Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елінің мақтанышы, ұлтшыл жандардың бірегейі, өз заманының қоғам белсендісі, қоғам қайраткері, және өмір шындығымен қоғам шындығын, өз өлеңдері арқылы жеткізген, ұлт-ұстазы.
Негізгі бөлім: Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5-ші қыркүйекте, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген, ұлы тұлға. Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ақыны, қазақ әдебиетінің негізгін салушылардың бірі, аудармашы, қоғам белсендісі, қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілдің, қазақ әдебиетін қалыптастырушы. Алаш-Орда өкіметінің мүшесі болып табылады.
Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық жұмыстарын өлең жазудан бастаған. Байтұрсынұлының өлеңдерінде қарапайым қазақ халқының көрінісін, әл-ауқатын, және де қазақ балаларын оқуға, білімге құштарлыққа, адамгершілікке, мейірбандыққа, еңбекқорлыққа шақырады. Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы өлеңі «Қырық мысал» болып табылады. Ол кітабында қазақ халқын ұйқыдан оятып, көзін ашу мақсатында жазған. Байтұрсынұлының екінші кітабы «Маса». Ол кітабында адамдардың жалқаулығын, надандығын, кемшіліктерін сыни тұрғыдан айтқан болатын.
Ахмет Байтұрсынұлын қазақ халқы мақтанышпен, жігерлікпен, бар ынтамен өлеңдерін оқуда. Байтұрсынұлының мысалдары мен өлеңдерінің тақырыбы әр түрлі болғанымен, атамыздың мақсаты біреу. Ол-адамдарды адамгершілікке, жаман-әдеттерден арылуға шақырады. Байтұрсынұлының өлеңдерінің өзіндік тән ерекшелігі бар. Байтұрсынұлы қазақ халқының әліппесін шығарды. Қазақ халқының әліппесін, алфабитін шығаруда талай қиындықтарға кездескені анық. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген араб жазуы ретінде жасалды.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жастарының болашағына өте қатты алаңдаған. Байтұрсынұлының заманында қазақ жастарының көбі оқымаған еді, тіпті әріпте танымайтын жастар жетерлік еді. Байтұрсынұлы қазақ халқының толығымен оқу оқуын қалап, күн сайын түнде өлеңдер, мысалдар жазған болатын. Байтұрсынұлының өлеңдерін, мысалдарын, Ресей патшалығы қатты сынға алып, орыс халқына қарсы-деп, таныған болатын. Байтұрсынұлының өлеңдерін орыс еліне қарсы деп, біраз күн түрмеде өткізген күндері болған. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елінің тәуелсіз ел болуын қалаған. Қазақ елінің Ресей астында, құл сияқты өмір сүруін қаламаған жанашыр тұлға болды. Ресей елі қазақ халқына барлық жаманшылықтар істеген, тіпті қазақ халқын қырып, ашаршылық пен өлтірген. Байтұрсынұлы Алаш-Орда өкіметіне мүше болып кірген болатын. Алаш-Орда өкіметінде Ахмет Байтұрсынұлы сияқты жазушылар, ақындар, қазақ зиялыларының басы қосылған жер еді. Алаш-Орда өкіметінің зиялылары қазақ еліне барлық жақсылықты істеу үшін, аянбай еңбек еткен.
Ахмет Байтұрсынұлының ақындықтан бөлек бір өнері, ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей шебер орындаушы. Ұлттық аспаптарда ойнап, ән шығарып айтқан. Ахмет Байтұрсынұлы домбыраға арналған керемет күйдің авторы.
Ахмет Байтұрсынұлы Ташкенттегі Қазақ халық институттарында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берген. Байтұрсынұлы өзінің сенімді достары Ә. Бөкейханов және М. Дулатұлымен бірлесіп, тұңғыш «Қазақ газетін» шығарды. Газет қазақ халқын өнерге, білімге, құштарлыққа шақырды. Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңдері үшін, қуғын-сүргінге ұшырап, 1937 жылы 8-ші желтоқсан күні өмірден өткен болатын.
Қорытынды: Ахмет Байтұрсынұлы қазақ еліне, жеріне өте көп еңбек сіңірген қайраткер. Байтұрсынұлы қазақтың жас балалары, оқысын, білімді болсын-деп, қазақ халқына қазақтың әліпбиін арнады. Қазақстан елінің қазіргі ұлттық тілі, Байтұрсынұлының шығарған қазақ тілімен, еркін түрде сөйлеп жүр. Қазақстан елі Ахмет Байтұрсынұлына мыңдаған алғыс айтады. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуын аңсап кеткен, тұлғалардың бірі. Байтұрсынұлы қалың ұйқыда жатқан, қазақ халқының көзін ашамын-деп, өлеңдерін арнап, қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесіліп, өмірден өткен. Байтұрсынұлы нағыз ерлікпен, батырлықпен көз жұмды. Қазақстан Республикасында Ахмет Байтұрсынұлына арнап, мұражай кешендері, есткерткіштері бар. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елінде өшпес із қалдырған, ұлт-ұстазы!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718