Жаңа жыл

«Келді, міне, Жаңа жыл».

Тақырыбы: «Келді, міне, Жаңа жыл».
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру. Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну. Жақсылыққа, достыққа, бір – біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.
Мереке өтетін бөлме әдемі безендірілген. Шырша шамдары өшіп тұр. Ақшақар орман ішімен әндетіп келе жатады.
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса

Ойй мына әсем шыршамыздың жанында балалар болу керек емес пе?

Атама мен бүгін кішкентай достарым келеді деп айтып қойып едім, өздері кешігіп жатқан сияқты.

Сиқыршы: Хәалей-Хоп!

Сәлем Ақшақар, мына жер неткен тамаша жаңа жылдың келуіне аз қалды, мына жер неге бос тұр.

Ақшақар: мен әлемдегі ең ақылды, ең әдемі балаларды шақырған едім, бірақ келмейтін сияқты.

Сиқыршы: Ақшақар уайымдама,  мен сиқыршы емеспін ба?- қолымдағы сиқырлы таяқшаммен  қазыр-ақ кішкентай достарымызды осы жерге әкелемін. Сен дайындала бер Ақшақар.

(Балаларды кіргізу)

Ақшақар: Қош келдіңдер, төрлетіңдер.

Қуыршық: Ақшақар біз жаңа жылды қарсы алуға келдік. Сен әлемдегі ақылды, өнерлі балаларды шақырыпсың, мен сол балаларды алып келдім.

Ақшақар:

Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт – жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Сиқыршы: Ақшақар, балаларда келді сенің атаң қайда? Шақырмаймызба, балалармен бірге Жаңа жылды өткізсің.
Ақшақар: Балалар мен Аяз атамды шақырайын, сендердің өнерлеріңді көріп көңілі көтеріліп, сиылығын берсін.

Өнерлеріңді дайындап келдіңдер ма?

Аяз атамызды ортамызға шақырайық. (АЯЗ АТА, АЯЗ АТА кіруі)

Аяз ата:

Аяулы ата – аналар, ардақты ұл – қыздар, бүлдіршіндерге бір сәлем!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Аталарың сендерге,
Шаршап келді алыстан.

Қош келдіңдер, балалар!

Ән-тақпақтарың  барма екен,

Маған айтып беретін.

Ал, ендеше көрейік, жаңа жылды бастайық.

Хор: «Жаңа жыл»

Қуыршақ:

Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз.
Болсын риза балаша,
Әппақ Аяз атамыз-деп балаларымыздың тақпақтарын тыңданыздар Аяз ата, Ақшақар.

Тақпақтар
Аяз ата: Жарайсыңдар, өнерлі екенсіңдер!
Сиқыршы: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да жақсы айтады екен.

Қуыршақ:

Аяз ата аппақ
Кәмпиттері тәтті – ақ
Маған кәмпит көп берсең
Менде  айтамын тақпақ.

Аяз ата: Айта ғой сенде Қуыршақ.

Қуыршақ: Барлық бала мен білетін тақпақтарды айтып тастаған сияқты. Мен оданша би билеп берейін. Балалар менімен бірге билейсіңдерме?

Балалар: Иә

Қуырщақ биі

Сиқыршы:

Аяз ата Ақшақар балаларымыздың өнерлері қандай тамаша! Мына балаларға беретін сыйлықтарыңыз ерекше болатын шығар?

Ақшақар: Иә, балаларымыздың сыйлықтарын  Аққала досым әкелуі керек еді. Қайда жүр екен өзі?

Аққала: (Қарын домалатып кіреді) Ух, Ақшақар сендердің сыйлықтарынды әкелемін деп әрең жеттім ғой. Шаршап кеттім.

Ақшақар: Аққала сені көргеніме қуаныштымын. Қош келдің! Кәнеки сыйлықтарды балаларға таратып бере ғой. (домалақ қарды шашады, бірақ ұсақталған қарлар шығады)

Аққала: Қалайша! Мен шатасып басқа қарды алып кеткеміңбе? (жылайды)

Мына қарларды қалай жинаймын енді?

Сиқыршы: Сен уайымдама Аққала мен бәрін реттеймін. Әзірше балалар кәнекі Аққалаға көмектесіп «Қар жинау» ойының ойнасақ қайтеді.

Балалар: Иә

Ақшақар: Иә, біздің балалар ойнағанды жақсы көреді, сенің қарларынды лезде жинап береді

Ойын: «Қар жинау»

Аққала:

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

Балалар мен сендерді ақылды , өнерлі деп естідім. Мағанда тақпақтарынды айтып бересіңдерме?

Тақпақтар

Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар! Қараңдаршы, айнала неткен керемет, әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен. Бәрімізде әп – әдемі жаңа жылдық киімдерімізді киіп жиналып қаппыз. Бірақ,… шыршамыз көңілсіз, қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен, сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық!

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет (шырша жағылмайды)

Ақшақар: Ата, мына шырша неге жағылмайды? Тағынздың күші жетпей жатқан сияқты.

Аяз ата: Бұл білім мен ғылымды қажет ететің жарық күші керек. Кімнің күші жетер екен? Кімді шақырсақ екен?

Шыршамызда қаншама
Түрлі – түсті шырақтар
Жаңбады олар бірақта
Көмектесер робот бар.

Робот:  (кіреді)

Сәлем, балалар! Қалдарың қалай?

Мені шақырдыңдарма?

Балалар: Иә

Аққала: Роботжан мына шыршамызды жағуға көмектесші. Шыршамыз жарқырап, жайнап тұрсын.

(Робот қимылдап, шыршаны жаға алмайды)

Қуыршақ: Роботомыздың күш қуаты жетпейтін сияқты. Біз саған енді қалай көмектесе аламыз.

Робот: Мен қуатымды би арқылы жинаймын. Сендер маған көмектесесіңдерме?

Робот биі

Сиқыршы: Қандай керемет! Роботжан енді қуатынды жинап, балаларымыздың шыршасын жандырып бер.

Аяз ата: Рахмет Робот. Ал балалар енді шыршаның шамдарын жағайық.

Бәрі: Қуант, бізді, таңырқат
Шамдарыңды жарқырат! 3 рет (шырша жанады)

Ақшақар:

Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса дей келе шыршамызға арналған әнімізді айтып берейік.

Хор: «Шырша»

Ақшақар: Балалар, жаңа жыл болса кеп қалды, біздің қоштасатын барыс жылымыз қайда? Ай, Сиқыршы сен сиқырлап тастаған жоқсың ба? Балалар, барыс қалай дыбыстайды? Дауысы естілмейді ме?
«Жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін» деп ескі жылымызды қарсы алайық.

Барыс:

Бір жыл бойы сендермен
Бірге жүрдім ойнадым
Енді міне балалар
Кезек келді қоштасар.

Аққала: Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, біз сізге ризамыз! Қоянжан мен елімді, мына балаларымды саған табыстаймын, саған аманат.

Қоян:
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Барысжан аманатынды қабыл алдым. Менің жылым табысты  жыл, берекелі, мерекелі, тек жақсылыққа толы жыл болады. Сендермен бір жыл дос болам.

Ендеше балалар менімен бірге ойнайсындарма?

Балалар: Иә

Ойын: «Сәбіз жинау»

Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Сиқыршы сен Аққаламыздың шатасып кеткен сыйлығын сыйқырлап жиберсенші. Балаларға көп рахмет менің немеремнің  көңілін көтеріп, қуантырып жібергеніне.

Сиқыршы: Әрине қалай ғана мынандай ақылды, өнерлі балаларға сыйлық бермейміз. (Сиқыршы фокус жасап, балалардың сыйлығын береді)

Ақшақар: Жаңа жыл — әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Жаңа жыл баршамызға берекелі, мерекелі жыл болсын.

Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық!.

Бірге: Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты!

Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты!  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *