Тиктокер, блогер Алихан Алмасбекұлымен танысу сұхбаты. - · 7 декабря, 2022 161 Тиктокер, блогер Алихан Алмасбекұлымен танысу сұхбаты АВТОР: · 7 ДЕКАБРЯ, 2022 http://Тиктокер Алихан Асылбекұлымен танысу сұхбаты. Қайырлы күн! Бүгін біздің Тұран сториста қонақта инста парақшасында 81700, тикток парақшасында 488 500 оқырманы бар Алихан Алмасбекулы. -Алихан қалыңыз қалай ? Сізді таныстырарда блогер немесе тиктокер қалай дұрыс екенін білмедім. Алғашқы сұрағым осы болсын, өзіңізді тиктокер санайсызба әлде блогер? -Қайырлы күн! Шақырғаныңызға рақмет. Өзімнің хоббиім би болғандықтан, жан дүниеме тикток жақынырақ, тиктокер десеңіз қарсы емеспін. -Өзіңізге қысқаша таныстыру болса, қай жылғысыз ? Қай өңірдің тумасы боласыз? -Есімім Алихан, 2001 жылғымын, осы Алматы қаласының тумасымын. -Осы жолға қалай келдіңіз бастау жолыңыз туралы айта аласыз ба? -Досымның айтуы бойынша келдім, алғаш тикток желісі туралы сол айтып ұсыныс жасады, жақсы билейсіңғой бағыңды сынап көр дегендей, өзімніңде қызығушылығым бірден болып, осылай қазір осы жолдамын. -Бимен кәсіби түрде айналысасыз ба? -Жоқ, тек өз қызығушылығыммен билеймін. -Мамандығыңыз қандай? -Жүргеновты бітіргенмін, мамандық актер. -Болашақта мамандық бойынша жұмыс істейсіз ба әлде блогерлік жолды жалғастырасыз ба? -Киноларға шақырту бар, егер өзіме ұнап тұрса неге мамандықпен жұмыс істемеске, екеуін қатар алып жүремін. -Ал енді блогыңызға келейік,н егізі жеке шекараңызға өткім келмейді бірақ бүгін блогерлік жолмен толық таныссақ деймін. Табыс көзі қайдан келеді? Инста әлде тикток? -Инстадан реклама бойынша табыс көзі көбірек. -Келгеніңіз үшін рақмет, өмірлік және өнер жолыңыз табысты болсын! -Сізге де шақырғаныңыз үшін рақмет! Сұқбаттасқан: Тұран университетінің 4 курс студенті Рысалды Маратқызы Жетекші: Раушанова Н.Б
0 7.2.2.11 – электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу 24 октября, 2018 - Bilimger - Bilimger · Published 24 октября, 2018
1 Намысты адам ғана «Мен қазақпын!» деп қуанышты сезіммен айта алады 4 марта, 2024 - - · Published 4 марта, 2024