Адамның басты байлығы – денсаулық.

Адамның басты байлығы – денсаулық.

Семей қаласының медицина университетінің 5-курс студенті Муслимханова Жадыра Еділқызымен сұхбат.

-Медицина саласын таңдауға не түрткі болды?

-Мектеп қабырғасынан бастап биология және химия пәндерін сүйіп оқитынмын. Медицина саласына қызығушық сол кездерден басталды. Медицина саласының бір бөлшегі болу балалық шақтың арманы, бойжете келе мен бұл мақсатқа жету жолындамын. Өз басым адамдарға қол ұшын созғанды, болашақта мен емдейтін адамдардың жүзінен қуанышты көру мен үшін ең үлкен мәртебе болмақ.

-Медицина маманының бойында қандай қасиеттер болуы керек?

-Менің ойымша әрбір дәрігердің бойында ең алдымен жауапкершілік болуы керек, тәртіп және де адамдарға деген сүйіспеншілік пен жанашырлық сияқты қасиеттерге бейім болғаны жөн.

– Сіздің жұмысыңыздың қызығы неде?

– Менің мамандығымның ең қызықтысы-өз қызметімнің нәтижесін көру деп ойлаймын. Өйткені, бізге өте ауыр жағдайлар келеді, бірақ біз адамға көмектесе аламыз. Оның ризашылығы-бұл біздің жұмысымыздағы ең жағымды нәрсе.

– Сіздің мамандығыңыз біздің еліміз, қоғам үшін қаншалықты пайдалы және маңызды?

– Біздің әлемде дәрігерлерсіз ешкім болмаушы еді. Сондықтан медицинасыз өмір еш жерде жоқ.

-Сіз сияқты медицина мамандығына түскісі келетін немесе жоспарлап жүрген оқушыларға айтарыңыз?

– Медициналық университетке түспес бұрын бәрін мұқият ойластыру керек. Біздің мамандығымызда жауапкершілік сезімі өте қажет, өйткені біздің қолымызда адамның өмірі, сондай-ақ стресске төзімділік, адалдық және сыни жағдайдан тез шығу жолын таба білу. Егер адам жоғарыда аталған қасиеттерге ие болмаса, онда оның кейінгі мансабында оған өте қиын болады.

Сұхбаттасқан: Адема Кадылбекова

“Тұран” университеті 4-курс студенті

Жетекшісі:Рушанова Н.Б

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *