«Тіл – ұлт қазынасы» атты пікірсайыс турнирі өткізілді
“Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Аудан тұрғындары арасында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және насихаттауға бағытталған кездесулер, семинарлар, іс шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының аясында 25-қараша күні Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық округі, Құлан агротехникалық жоғары колледжінде «Тіл – ұлт қазынасы» атты пікірсайыс турнирі өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – көп тілді меңгерген жастарға көмек көрсету, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылардың өзара тәжірибе алмасуына, оларды жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу болып табылады.
Құлан агротехникалық жоғары колледжінде өткізілген «Тіл – ұлт қазынасы» атты пікірсайыс турнирі барысында алғы сөзді «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ төрағасы Муратбаев Каныбек Жарылқасынұлы сөйледі. Турнир Американдық парламенттік форматы бойынша қазақ тілінде өткізіледі.
Іс-шара қорытындысы бойынша пікірсайысшылар арасынан озып шыққан адамдарды марапаттап, оларға сыйлықтар табыс етілді.
1-орын – «Мың бала» фракциясы.
2-орын – «Қызыл жебе» фракциясы.
3-орын – «Дода» фракциясы.
Іс-шараға жалпы саны 12 команда қатысты.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718