ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚУ ЖАҒДАЙЫНДА ТИІМДІ САБАҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ

Жақсым Орынбек Исаұлы

Қазіргі уақытта білім алудың неғұрлым қолайлы тәсілдерінің бірі телекоммуникациялық технологияларды қолдану, атап айтқанда, интернет желісін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қашықтықтан оқыту болып табылады. Интернеттің ғаламдық компьютерлік желісінің дамуы білім беру саласында жаңа перспективалар ашты. Дәстүрлі білім беру жүйесі бүгінде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы «қайта жаңғыруды» өткеруде. Орта мектептерден жоғары оқу орындарына дейінгі әртүрлі білім беру мекемелерінің қызметіне қолданылуда және барлық жерде енгізілу үстінде, сондықтан білім беру саласындағы мамандар қашықтықтан оқытуды болашақтың білім беру технологиясы ретінде жиі айтады [1, 114-115 б].

Қашықтықтан оқыту — телекоммуникациялық технологиялар мен интернет желісі ресурстарының көмегімен іске асырылатын, бір-бірінен қашық ұстаздармен оқушылардың білім беру өзара іс-қимылына негізделген оқыту түрі. Қашықтықтан оқыту оқу процесіне тән оқыту жүйесінің барлық компоненттерімен сипатталады оларға: мағынасы, мақсаттары, мазмұны, ұйымдастырушылық формалары, оқыту құралдары, нәтижелерді бақылау және бағалау жүйесі жатады.  Педагогика саласындағы құзыреттерге: қашықтықтан оқытудың педагогикалық жүйесін әзірлеуге дайындық және педагогикалық технологияларын меңгеру қабілеті (әдістемелер, сәйкес технологиялар) жатады [4, 58 б].

Қашықтықтан оқыту сабақтарының түрлері:

  • Сабақ — бұл оқыту жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі. Сабақты құрудың негізі оның мазмұнын, логикасын, жұмыс әдістері мен тәсілдерін анықтайтын компоненттер жиынтығы болып табылады. Қазіргі заманғы сабақ пәрменді, әлеуметтік бағытталған болуы, оқушының мүдделеріне тікелей қатысы болуы, олардың практикалық қызметіне (қазіргі және болашақ) бағдарлануы, оқушының ойлауы мен практикалық дағдыларын дамытуы тиіс.
  • Қашықтықтан оқыту сабағы — бұл белгілі бір уақыт шеңберінде өткізілетін қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру нысаны, онда мұғалім оқушылардың зерттелетін материалдың негіздерін игеру, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу және дамыту мақсатында өзіндік білім беру өнімін жасау бойынша білім алушылардың жеке және топтық іс-әрекетін басқарады.

Сонымен қатар, қашықтықтан оқытудың негізі қағидаттарын ескерген жөн. Қашықтықтан оқыту барысында, мұғалімнің оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін, қағидаттарын қолдануы маңызды. Осы орайда, П. В. Скулов Қашықтықтан оқытудың негізі екі қағидат екенін атап өткен болатын, оларға:

— еркін қол жетімділік, яғни әркімнің құқығы, қабылдау сынақтарынсыз, оқуды бастаңыз;

— қашықтықтан оқыту, яғни оқытушымен ең аз байланыста оқыту, өзіндік жұмысқа баса назар аударылуы қажет [2, 252 б].

Қашықтан оқыту құрылымы моделі келесі элементтерді қамтиды:

  • Мотивациялық блок. Мотивация — қашықтықтан оқытудың қажетті құрамдас бөлігі, ол бүкіл оқу процесінде сақталуы керек. Бідім алушының алдына қойылған нақты мақсат үлкен мәнге ие. Егер қойылған міндеттер деңгейі білім алушының дайындық деңгейіне сәйкес келмесе, мотивация төмендейді.
  • Нұсқаулық блок (тапсырманы, сабақты орындау бойынша нұсқаулықтар мен ұсыныстар).
  • Ақпараттық блок (ақпараттық толтыру жүйесі).
  • Бақылау блогы (тестілеу және бақылау жүйесі).
  • Коммуникативтік және кеңес беру блогы (қашықтықтан сабаққа қатысушылардың мұғаліммен және өзара интерактивті қарым-қатынас жүйесі).

Қашықтықтан сабақ өткізу шарттары оқытушының оқушылармен өзара әрекеттесу режимі бойынша ерекшеленуі мүмкін. Оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар:

  • Онлайн режимінде бір мезгілде автоматтандырылған жұмыс орнында болатын білім алу жүйесі;
  • Офлайн режимі. Бұл жағдайда орналасу және уақыт факторы маңызды емес, өйткені барлық өзара әрекеттесу кейінге қалдырылған режимде ұйымдастырылады.
  • Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренингтер өткізу формасы.

Желілік оқу курстарының оқу материалын құрудағы жүйелі тәсілі білім алушының өзін-өзі тәрбиелеу дағдысын, тиімді және нәтижелі іс-әрекетін дамытуға, сондай-ақ көптеген бағыттар бойынша танымдық іс-әрекеттің тұрақты уәждемесінің пайда болуына ықпал етеді, бұл білім алушының әмбебаптығы мен білім сапасын арттыруға ықпал етеді. Сонымен, қатар қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін белгілі бір технологияларды қолданған жөн. Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың технологияларына: кейс және желілік технологиялары жатады:

  1. Кейс технологиясы кезінде оқу-әдістемелік материалдар арнайы жинаққа (кейс) жинақталады. Бұл жинақ оқушыға өз бетінше оқуға жіберіледі. Консультант-оқытушылармен қарым-қатынас осы мақсаттар үшін құрылған оқу орталықтарында жүзеге асырылады. Егер жеткілікті мотивация болса, оқушы көптеген пәндер бойынша материалдың едәуір көлемін өз бетінше оқып, игере алады, егер мұндай оқыту мазмұнды жағдаймен қамтамасыз етілген жағдайда.

Қашықтықтан оқытуда белсенді әдіс ретінде кейс әдісін қолдану туралы негізгі тұжырымды келесі ережелер бойынша қорытындылауға болады:

  • Кейс-технология таңдаған қызмет саласы бойынша болашақ мамандардың практикалық және талдамалық дағдыларын тереңдетуге ықпал етеді;
  • Оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде кейс-әдісті қолдану мүмкіндігі бар. Кейс-әдісті оқытудың бастапқы кезеңдерінде пайдалануға болады немесе қайта даярлау, біліктілікті арттыру сатыларында шешімдердің көптеген нұсқалары бар күрделі проблемалық жағдайлар ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, кейс — әдісті қарапайым проблемалық жағдайлардан бастап күрделі кейстерге біртіндеп көшуге дейін кезең-кезеңмен қолдану қажет;
  • Кейс-әдіс оқытудың таңдалған саласындағы заманауи үрдістерді көрсетеді, бұл өзекті және қажетті дағдылар мен білімді алуға мүмкіндік береді;
  • Қашықтықтан оқыту кезіндегі кейс-әдіс ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді [3].

Желілік технологияларға жергілікті және ғаламдық есептеу желілерінің мүмкіндіктерін пайдаланатын интернет-технологиялар жатады. Интернет-технологияда «Бүкіләлемдік тор» оқушыларды оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ оқытушы мен білім алушылар арасындағы интерактивті өзара іс-қимыл үшін пайдаланылады. Көптеген адамдармен байланыс мүмкіндігі интернет-технология мен басқа қашықтықтан оқыту технологияларының арасындағы түбегейлі айырмашылық болып табылады. Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

  • Интернет желісін пайдалану;
  • Әлектрондық поштаны пайдалану;
  • Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
  • Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;

Қорытындылай келе, қашықтықтан оқыту — бұл оқытудың ерекше түрі, оның басты ерекшелігі білім беру процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесуінің интерактивтілігі. Қашықтықтан оқыту технологиялары — бұл оқу процесін қашықтықта жүргізуді қамтамасыз ететін дамудың жаңа ақпараттық әдістері мен нысандарының жиынтығы. Қазіргі таңда, қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастырудың қағидаттарын, технологияларын, әдіс тәсілдерін қолданудағы біздің міндетіміз ол өскелең ұрпаққа сапалы білім беру болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Ибрагимов, И.М. Информационные технологии и средства дистанционного обучения / И.М. Ибрагимов. — М. — 2005. – 114-115 с.
  2. П.В. Скулов. Теоретическое обоснование использования принципа динамического баланса в педагогике // Мир науки, культуры, образования. – 2009. – № 4 (16). – 252 с.
  3. Технологии дистанционного обучения. Режим доступа: URL: https://antitreningi.ru/info/e-learning/tehnologii-distancionnogo-obucheniya/  [Дата обращения: 13.01.2022]
  4. Никуличева Н.В. Педагогическая система дистанционного учебного процесса на примере вуза // Образовательные технологии, 2021. — № 4. — С.58.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *