ОРФЭПИЯЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

ОРФОЭПИЯЛЫҚ НОРМАЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Журналистика факультетінің 1 курс студенті Қанатқызы А.

«Тұран» университеті

Аңдатпа: Мақала орфоэпиялық нормалардың қолданылуын, әдеби тілді дамытуда, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізуде, лексика-грамматикалық және орфографиялық нормаларын қалыптастырып, көпшілікке жаюда жазудың рөлі зор екендігін, емле ережеміздің бекітіп берген қағидалары заман өзгерген сайын қолданыстағы әрекеттер барысында кереғарлық үдерісіне ұшырап жатқанын, кейде оларды «орфоэпиялық заңдылықтарымыз» мойындамай қоятынын, қазіргі қазақ тілінің жай-күйіне талдау жасау және оны бағалауда орфоэпиялық заңдылықтарды, орфоэпиялық нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздерін анықтауға барып тірелетінін талдайды.

Кілт сөздер: орфография, орфоэпия, ереже, қағида, заңдылық, фонология, фонема, ассимиляция, әдеби тіл, жазу, ауызша сөйлеу, сөйлеу мәдениеті

Аннотация: Статья посвящена применению орфоэпических норм, в развитии литературного языка, передаче его из поколения в поколение, формировании и популяризации лексико-грамматических и орфографических норм, про утвержденные правила правописания, которые со временем претерпевают противоречивые процессы в ходе существующих действий, порой не признавая “орфоэпических закономерностей”, анализирует и оценивает состояние современного казахского языка, орфоэпические закономерности, теоретические основы кодификации орфоэпических норм.

Ключевые слова: орфография, орфоэпия, правила, закономерность, фонология, фонема, ассимиляция, литературный язык, письмо, устная речь, культура речи

Abstract: The article is devoted to the application of orthoepic norms in the development of the literary language, its transmission from generation to generation, the formation and popularization of lexico-grammatical and spelling norms, about the approved spelling rules, which over time undergo contradictory processes in the course of existing actions, sometimes not recognizing “orthoepic patterns”, analyzes and evaluates the state of the modern Kazakh language, orthoepic patterns, theoretical foundations of the codification of orthoepic norms.

Keywords: spelling, orthoepy, rules, regularity, phonology, phoneme, assimilation, literary language, writing, oral, speech culture

Қоғамдағы ауызша сөздің орны бүгінгі таңда айрықша мәртебе алып отыр. Себебі, ауызша сөз бүткіл шаршы топта, жеке адамдар арасында тілдік қарым-қатынастың негізгі құралы болып отыр.Тіл – халықтың тұтастай кескін-келбеті,ұлттың іргетасы. Ол – ұлттың өзгелерден ерекше табиғи даралығын анықтайтын жалқы белгісі. Қазақ тілінің ерекше феномендік берік заңдылықтарға негізделген ішкі құрылымы бар. Ол түбір сөздің мағыналық құрылымының негізділігі, негіздің сөзжасамға аса қабілеттілігі, үндестік заңы, сөйлемдегі сөздер мен сөздегі грамматикалық тұлғалардың берік орын тәртібі. Осы құрылымдық заңдылықтар қазақ тілін талай тарих қайраңынан алып шығып, таза қалпында бізге жеткізген. Қазақ орфография, орфоэпия ғылыми негіздерін 60 ж. бастап академик Рабиға Сыздық зерттесе, қазақ әліпбиінің фонологиялық негіздерін 90 ж. профессор Нұргелді Уәли ізденіс жасап, түсіндірмелі емле,сөздік жасады. Осы еңбектерінің арқасында білім алушыларға әліпби теория, фонема, қазақ орфоэпия, орфографиясының негізгі принциптеріне деген жаңаша бағам алып келді. Қазақ тілі – халқымыздың салт -дәстүрін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетінің көрсеткіші.Сөз мәдениетінің маңызы – ана тілімізде таза, нақты,көркем сөйлеу. Ол үшін тілдің әдемі әуезін бұзбай,үндестік заңын сақтай отырып сөйлеуіміз қажет. Қазақ тілдің жүйелі түрде қалыптасқан орфографиялық және орфоэпиялық нормалары бар. Әрбір әдеби тілдегі дыбыстар мен жеке сөздердің, сөз тіркестері мен қосымшалардың белгілі бір ережеге сүйеніліп айтылуын орфоэпия дейді. Орфоэпия – жеке сөздерді, сөз тіркестерін әдеби тілдің қалыптасқан нормасына сай айту, сөйлеу ережелері. Екінші сөзбен айтканда орфоэпия- дұрыс сөйлеудің нормасы. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан бері ауызша сөйлеу қоғамда ерекше орынға ие болып, маңыздылығы нығайа түсті. Ауызша сөз балабақша, мектеп,жеке адамдар арасында, сахнада, теледидарда, радиоларда электронды байланыс жұйелерінде, тілдік қарым-қатынастың негізгі кұралы болып табылады.Дегенмен, орыс тілі, ағылшын тілінің айтылуына еліктеп, қазақ тілін бұрап сөйлеушілік жастар арасында көбейді. Ондай кемшіліктерге сингармонизм (үндесім) мен ассимиляция (үйлесім) заңдылықтардың бұзылуы, сөзге екпінінің дұрыс түсірілмеуі т.б. жатады. Бұл келеңсіздіктерден арылуда орфоэпиялық сөздіктің орны ерекше .Мен өз мақаламда орфоэпиялық нормалардың дұрыс айтылып, жазылуына шақыратын боламын.
Елімізде мемлекеттік төл тіліміз болғандықтан, қазақ тіліне қойылар талаптардың өсе беретіні анық. Әдетте әдеби норманы сақтап сөйлеу стилін үш түрге бөліп қараушылық бар: жоғары стиль, бейтарап стиль, ауызекі сөйлеу стилі .Жоғары стиль ұғымы академиялық сөзге, шешендік өнерге, поэзиялық тілге байланысты айтылады. Демек, диктордың немесе хабар жүргізушісінің даусы көтеріңкі шығып, тыңдаушыларға эмоциялық эстетиканы ықпал етуді нысанаға алады.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзіңдік ерекшелігі бар. Көркем шығармада кейіпкердің сөзін оқу үстінде, телесұхбат немесе радио барысында қолданылады. Мұндай кезде кейіпкер өз ойын сенімді, әрі нақты жеткізу үшін сөйлеу нормасынан ауытқып кетіп жатады. Дәлірек айтқанда, повестен үзінді оқығанда, очерк, суреттеме тәрізді көрсетілімдерде стильдің бұл түрі жетекшілік кызмет атқарады.
Ал көгілдір экранда басым орын алатын стильдің келесі түрі – бейтарап стиль. Соңғы жаңалықтар, әлемде орын алып жатқан өзгерістер, мәдениет ,спорт, тәрбие салаларындағы әр түрлі мәселелерге арналған материалдар осы бейтарап стильде оқылады. Сондықтан да көп жағдайда бейтарап стильді сақтау жөнінде журналистерге,дикторларға, ғалымдарға, педагогтарға үлкен жауапкершілік артылады. Әдеби тілде сөйлеу нормаларын мүмкіндігінше сақтау, әрбір сөзді табиғатына сай әуенділігімен жеткізу көп ретте осы стиль тұрғысынан қарастырылады. [Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі, 2013ж]
Ілгеріде айтылғандай, орфоэпиялық норма бойынша сөз тіркестері де белгілі бір заңдылыққа байланысты айтылып естіледі. Сөз тіркестерінің құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстардың басқаша айтылуында ілгерінді-кейінді ықпалдардың маңызы зор болады. Мысалы: дүйсембі(жазылуы дүйсенбі), ала гелді (жазылу ала келді), Құрамыспек (жазылуы Құрамысбек) т.с.с. Адамның аты-жөнінде орфоэпиялық нормалардың қолданылатыны бар, яғни сөздің негізгі тұлғасын сақтап жазу міндетті деп есептелмейді: Алдоңғаров (Алдыоңғаров емес), Кенжахмет ( Кенжеахмет емес) т.с.с. Қазақ тілінде түбірге тиісті қосымшалар жалғанғанда, сөздің соңғы буынның қандай болып келетіндігінің елеулі мәні бар. Мәселен, соңғы буын жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан буыннан басталады . Сондай-ақ сөздің соңғы буыны жіңішке болса, қосымшаныңда алғащқы буыны жіңішке болады. Мысалы :жұмыскер+лер+дің, замандас+ы+мыз т.б. Сөз құрамы түгелдей жуан буындардагы (кала+лык, ұйымдастыр+у+ға ) немесе түгелдей жіңішке буындардан тұрса да (кемшілік+тер+ден, өкініш+ке) буын үндестігі (сингармонизи) деп аталатын бұл заңның күші сақталады.Тіл мәдениетінің маңызды бөлігі – сөйлеу мәдениеті. Ал оны әрі қарай дамытудағы басты заңдылық – дұрыс айту нормасы. Қазіргі таңда сөйлеу және жазу мәдениетінің әдеби тілді қалыптастырудағы орны, оның орфоэпиялық ережелерді жүйеленуімен байланысты филологияда жан-жақты зерттеліп отыр.Тіл дамуында жаңа сөздердің болуы қанашалықты заңды болса, ол адамдардың ой-өрісінің өсуінің бір белгісі.
Қазақ тілінде термин сөздер жиі қолданылады. Термин сөздердің екпінін бұзбай, дұрыс айту үшін сөздің қай тілден еңгенін, онын қандай тұлғалы сөз екенін білу артық емес. Термин сөздердің соңы: ура,ит , ист,изм,ант,ент аффикстеріне бітсе әрбір уақытта екпін осы қосымшаларға түседі. Яғни сөздін дұрыс айтылуы, мағынасының дұрыс берілуі екпінге байланысты.Тіліміздегі орфоэпиялық норманы құрайтын – дауысты, дауыссыз дыбыстардың айтылуы мен сөз екпіні. Сондықтан бұл мақаламды осы мәселелер жайында да сөз еттім. Дауысты дыбыс сапасына сөз екпінінің ететін әсері- тілдегі элизиялық, редукциялық, протезалық- құбылыстардың бәрі орфоэпиялық заңдылықтан болады. Қазіргі қазақ тілінің сөздік кұрамында термин сөздер күннен-күнге молаюда, сондықтан термин сөздерді орфоэпиялық жақтан дұрыс айтуымыз керек. Ол үшін термин сөздердің айтылуында болатын, екі жағдайды ескеру қажет : а) егер термин сөз атау тұлғада тұрса, орыс тіліндегі айтылу заңдылығы бойынша айтылады; ә) термин сөздерге қосымша қосылса, сөзде негізгі және көмекші екпін болады. М.Дүйсебаеваның “Қазақ тілінің кысқаша орфоэпиялық сөздігінде” 5 мыңға жуық сөздер қамтылады. Сөздікте қатаң дыбыстардың ұяңдануы, езулік дыбыстардың еріндікке айналуы, қысаң дыбыстардың редукциялануы сияқты орфоэпиялық заңдылықтар туралы айтылады. Бүгінгі күнде жастар арасында өз ойын ауызша айтуда, жеткізуде әр қилы себептерден болып жатқан көп қателіктер мен жайсыздықтар орын алып келеді. Солардың ішінде, ең көп кездесетіні- үндестік заңдарын сақтамай, сөздер қалай жазылса солай оқып айту, немесе сөздің жеке тұрғандағы тұлғасы қандай болса, солай айту қателігі.Соның ішінде, к, қ, п сияқты қатаң дыбыстарды ұяңдатпай айтуы жиі кездеседі. Сонымен қатар, қазіргі күнде сөз сазына қатысты көзге түсетін бір тұсы – о, ө, е дауысты дыбыстарының басындағы сөзге келгендегі айтылуы. Хабар мен дикторлар ,оқушы жастардың сөз сазындағы тағы бір қателіктері сөздердің ешбір дыбысын түсірмей, әр сөзді, қос сөздердің әрбір компонентін бөліп-бөліп айтатын тұстарында құлаққа шалынады.Әрине, олардың бұл әрекеттері адал, өйткені бұл орайда шығарма аттарын тыңдаушыға анық етіп жеткізсем дегенді көздейтін болар.Бірақ сөздің анық әрі түсінікті болуы осы кезде сөздерді жеке-жеке айтылғанда шықпайды.Орфоэпиялық норма бір күнде жасалмайды,ол ұзақ жылдар бойы сөз шеберлерінің елегінен өтеді, шыңдалады, сөйтіп сөздің дыбысталу заңдылығы пайда болады.Қазіргі кездегі орфоэпиялық норманың қалыптасуына революциядан бұрын болмаған мынадай жағдайлар сөйлеу тілімізді әдеби нормаға салуда, нормалауда:
1.Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болды, сөйтіп,тіл жағынан, мәдениет жағынан жан-жақты өркендеуіне толық мүмкіндік туды.
2. Орта мектептер мен жоғары оқу орындары, радио мен телевизия, театр орфоэпиялық норманы бұрынғыдан да жақсы қалыптастыра түсті.
3.Мемлекеттік мәні бар түрлі конференциялар мен мәжілістер орфоэпиялық норманы барған сайын қалыптастыруда.
4. Бір жерге орналасқан мәдени орталықтын болуы- орфоэпиялық норманың жетіле түсуіне, сөйлеу заңдылығың нормалануына, өзінің игілікті әсерін тигізуде.
Қазіргі уақытта тіліміздегі сөздерді алып қарасақ, бұрынғы кездегі айтылуынан әлі алшақтай қойған жоқ, өз қалпында сақталып келеді. Бірақ халық тілінің айтылуына қарасақ, кішкене синтаксистік ауытқушылық байқалады. Ол ауытқушылықтар тілдік емле нормасы, сонымен қатар айтылу нормасына “қате“ деген ұғымды туғызбайды. Яғни, кейбір жергілікті аудандардың сөйлеу тіліндегі ерекшелік болып есептеледі. Тіпті көптеген жазушылардың шығармаларындағы сөздерді түсінбей жатуы, сөйлеу тіліндегі ерекшелікке байланысты.Бірақ бұл жағдайларда жазушылар кейіпкерге айтқызу арқылы халыққа түсінікті болуын көздейді. Ана тілінде дұрыс, сауатты жаза білу мен дұрыс сөйлей білу нормасын айқындау – тіл біліміндегі негізгі мәселенің бірі. Ана тілінде дұрыс, мәдениетті сөйлей білу дегеннің өзін әркім әр түрлі түсінеді. Демек, әдеби тіліміздегі сөздерді сауатты,қатесіз жазуға қандай маңыз берілсе,сөйлеу мәдениетіне де сондай маңыз беріледі. Филология ғылымының докторы Уәлиев Нұргелді Мақажанұлы өз еңбектерінде қазіргі қазақ тілінің хәліне талдау жасап,оны бағалаудағы орфоэпиялық заңдылықтарды, орфоэпиялық нормаларды кодификациялаудың теориялық негіздерін анықтауға тоқталды. Әдеби тілдің орфоэпиялық нормасында туған қиындықтар жазу тәртібімен тікелей байланысты, себебі жазба сөздің өзіне тән жүйесі, ауызша сөздің өзіне тән жүйесі бар. Қазақ тіліндегі көптеген сөздер вариантты болып қолданылады.Мұндай вариантты сөздердің екі сыңары да немесе бір сыңары әдеби тілдің нормасы болады. Эксперименттік байқау жұмыстарының қорытындысына қарағанда, сөздердің вариантты айтылуы қазақ тілінің көне сөздеріне де, кірме сөздеріне де тән құбылыс. Ал сөздердің вариантсыз қолданылуына көркем, жазба әдеби тілдер септігін тигізеді. Бүгінде латын графикалы қазақ әліпбиі бекітілгелі бері қазақ жазуында алуан түрлі жұмыстар атқарылды. Болашаққа жоспарланған сан түрлі еңбектерде графика, орфография, орфоэпия, одан әрі сөз мәдениеті, қазақ тілінің өміршеңдігіне қатысты басқа да мәселелер бойынша түйінді пікірлер айтылары айқын `[Нұргелді Мақажанұлы 250 б]. Ертеректе телесұхбат, радио бағдарламалары көп бола бермейтін. Ал қазіргі уақытта бір бағдарламаның өзінде репортаж, ресми ақпарат, очерк, көркем мәденет тіліне жиі түсіріп жатады. Демек, бұл дегеніміз – радио, телебағдарламалардың аса маңызды, дербес жүйеге айналғандығының белгісі. Бірақ осы сәтте бізде бұқаралық коммуникацияда “ қазақ тілі қалай жұмыс жасап жатыр? “ деген сұрақ мазалайды. Ал мазмұнның өзі, түптеп келгенде, сөйлеу мәнері, тілдік норма, сөз мәдениетінің мәселелерімен ұштасып жатады. БАҚ-тың сөз бедері, ең алдымен, ой-сезімге әсер ететіндей экспрессивті, эмоционалды, бағалауыш сөздермен өрнектеледі. Стильдік нышаны бар мұндай сөздер, ең алдымен, автордың, шығармашылық ұжымның (редакцияның), саяси партияның нәрсеге, құбылысқа, көзқарасын (қоштау, терістеу, ұнату, ұнатпау т.б.) білдіре отырып, олар жайында қоғамдық пікір қалыптастыру үшін аса қажет. Осындай стильдік нышаны бар тілдік құралдар арқылы коммуникант адресаттың эмоциясына әсер, ықпал етіп, қоғамдық пікір туғызады. БАҚ сөз мәдениетін насихаттап қана қоймай, оны дамытып, қалыптастыруына тікелей ықпал ететін бірден-бір құрал. Сондықтан БАҚ-тағы сөз қолданысын қадағалап, ондағы қате-кемшіліктерді түзетіп отыру ортақ міндетіміз деп ұғынған жөн.
Сонау ерте заманнан қалыптасқан орфоэпия нормасын сақтай білу әрбір азаматтың борышы. Дұрыс сөйлей білу мәселесін жас баланың сөйлей бастаған кезінен айналысқан жөн. Ал дұрыс сөйлей білу мәдениетін нағыз толық қалыптасу кезеңінде баланың мектеп қабырғасына келуінен басталады. Әсіресе, қазіргі кездегі білім жұйесі бұрынғы кезге қарағанда біршама жүйелі болғандықтан, бала орфоэпияның нормаларын дұрыс қамтып үйренеді. Ал бұл нәрселер баланың Жоғары оқу орнында өзін сауатты көрсетуге үйретіп, тәрбиелейді. Әрине, тек оқумен шектелмей болашақ өміріне де өз септігін тигізеді. Сондықтан бала кезімізден осы нәрселерге бей-жай қарамай, дұрыс жазу мен айту нормаларына жүйелі түрде көніл бөлген жөн. Сөйлеу тілі – халық тілі. Тілдің негізгі қайнар бұлағы, қолданушы қара қазаны – халық тілінің тазалығын сақтау парыз. Қазіргі кездегі басты талап – сөйлеу тілінің дұрыстығын тілдің қадағалап, тарихи қалыптасқан жүйесін сақтау.

Әдебиеттер тізімі
1. Графика. Орфография. Орфоэпия / Нұргелді Мақажанұлы Уәли. – Алматы: … баспасы, 2018ж. – 250 б.
2. Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). Астана: Елорда, 2000, – 532 б.
3. «Сөз сазы нормаларының қолданылу жайы» / Рабиға Ғалиқызы Сыздықова
4. Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі, Алматы: … баспасы, 2013ж
5. «Қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын меңгертуде IT-технологияны пайдалану» / Ақымбек Съезд Шардарбекұлы: 0 2016-09-02 16:21:05
6. Қазақ грамматикасы. –Астана, 2002. –784 б
7. Қазақ әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері / М.Дүйсебайева
8. Емле ережесінің негізі – дыбыстық жүйенің дұрыстығы»/ Қайсар Қадырқұлов: 0 2016-09-02 17:14:02

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *