Даңқты жыр алыбы-Жамбыл

Жамбыл – өз заманының ұлы ақындарының бірі. Бала кезінен ақындық дарынымен өз ортасында таныла бастады. Бүгінде міне,Жамбылдың туғанына 175 жыл толып,елімізде Жамбылға арнап атаулы мерекелік іс-шаралар өткізілуде. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй,ақындық жырауалық өнер айрықша орын алғаны айқын байқалды. Ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды,жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлап жеткізген. Қандай дүниені болмасын, ақын көзімен барлап, сурет күйінде танып үйренген Жамбыл өмірден өткенше осы аңғарымпаз қалпынан танған емес. Қай заманның ақыны болса да, жай пенделер секілді өз заманына тәуелді. Өз заманының туындысы. Жамбыл шығармашылығы да өз дәуірінің шындық сәулесі. Ол халық әдебиетін, өзінен бұрынғы ақындар шығармаларын, ауызша тараған жыр-дастандарды жатқа білген. Мұхтар Әуезовтің айтуы бойынша, миллион жол өлеңді мүдірместен жатқа айтатын болған. Сол миллионның ішінде қандай әдемілік, көркемдік үлгі жоқ дейсіз?! Көненің көзімен жырланған әр дастанның жолында өзгеше сарын бар. Жүріп өткен жолдың еншісінде қаншама қайғы-мұң, соған сай қаншама қуаныш бар. Осының барлығын өлең жолына сыйғыза білу – ақынның қолынан ғана келеді.

Бүгін де қазақ елі жыр алыбының 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде атап өтуде. Бұл айтылған мақаламдағы ой салатын жазбаларым,құнды деректер,танымдық дүние,тәрбиелік мәні зор шығармалары,бізге қалдырған өлшеусіз ғибраты екенін тағы да бір рет есімізге түсіре алдық деп білемін. Жамбыл жырларының халықтар жүрегінен өшпес,өлмес орын алуы-оның ұлылығының белгісі. Ұрпақтары барда ұлы ақын жыры ғасырдан ғасырға жасай береді!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлы Жамбылға адамдық пен адамгершіліктің, әділеттілік пен ізгіліктің алып жыршысы деген тарихи бағасын берді. Жамбыл бабамыздың шығармашылық мұрасы халқының талайғы тарихи шынайы өмірінің айнасы!

Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында тау мен даланы жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз — есімі қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыраушы.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *