Өмір сүру сапасын жақсартудағы экономикалық өсу

 

       Экономикалық өсу өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді, бұл барлық дамушы елдер үшін өте маңызды. Өсіп келе жатқан әлем халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өсім қажет. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан өндіріс көлемі қоршаған ортаға зиян келтірмейтіндей тұрақты болуы керек. Қазір әлемдік экономика дағдарыстан шығып жатыр, бірақ табыс теңсіздігі әлі де өсуде. Барлығына бірдей жұмыс орындары жетпейді , жыл сайын әлемде еңбекке қабілетті халық санының өсуінен, миллиондаған жаңа жұмыс орындары қажет. Халықаралық еңбек ұйымының 2020 жылға арналған мәліметі бойынша, еңбекке жарамды халықтың 6,5 пайызы жұмыссыз. Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, еңбек өнімділігін арттыру тұрақты және қарқынды экономикалық өсудің кепілі болып табылады. Өнімділік көрсеткішін арттырмай, экономиканың сапалы жаңа даму деңгейіне шығу мүмкін емес.

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлттық білім беруде кошбасшылардың бірі болып табылады. Университетіміздің қабырғасында саясаткерлер мен басқа мемлекеттердің қоғам қайраткерлері үшін  түрлі кездесулер өткізіп тұру дәстүрге айналып келеді. Дәл осы тақырып аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, тарих факультетінің 1- курс магистранттары,  Қозғамбаева Гүлнар Бестібайқызымен біргелікте «Өмір сүру сапасын жақсартуда, экономикалық өсу» деген тақырыпта тренинг сабақ өттік. Президентіміз атап көрсеткен­дей, бүгінде уақыт талабына сай, университеттер адам капиталын қалыптас­тыру­дың субъектісі ретінде жаңғырту үдерістерінің және елдің инновациялық дамуының, экономикалық өсуінің көш басында болуы тиіс.

       Қазақстан үшін соңғы жылдары экономикалық дамудың жаңа формуласын іздеу қажеттілігі туын­­дай бастады. Әлемдiк энерге­тика нары­ғындағы соңғы жаңа­лық­тар мұнай дәуiрінiң аяқта­ла бастағанынан хабар беретін­дей. Одан басқа, Украинадағы соғыстың басталуы, Ресейге қарсы жаңа санкциялар мен Қытай экономика­сы­ның бәсеңдеуi, Ресей эконо­ми­касындағы дағдарыс жағдайы қазақ­стандық экспортқа деген сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтыруда. Мысалы, азық-түлік, киім-кешек сияқты негізгі тауарлар бойынша Қазақстан экономикасының Ресейге тәуелділігі көрсетілген. Қазақстан нарығының қажеттілігінің 40 пайыздан астамы Ресейден келетін импорт есебінен қамтамасыз етілген. Мұның бәрi Қазақстан үшiн даму­дың жаңа моделіне көшу маңыз­дылығын арттырып отыр. Ел экономикасын өсіру жолдары – халықтың табысын арттыру, тұрақты және  қарқынды экономикалық өсім, тұрғын үй мәселесін шешу, технологиялық даму, әділетті әлеуметтік саясат.  Президентіміз атап көрсеткендей, эко­но­микалық өсудің жаңа моделі­нің басты мақсаты – еліміз­дің шикізат емес экспортын дамыту. Бұл ретте, Президент басым сала­лар­дағы экспортты дамыту мақса­тын­да экономиканы одан әрі индус­трия­ландыруға ерекше көңіл бөлді. Және әлемдегі әртүрлі жағдайларды ескере отырып, нақты есептелген, елдің макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылығын сақтау жөнінде кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды. Сонымен қатар, «Қазақстан-2050» Стратегиясының қазіргі кезеңде іске асуы тиіс міндеттемелерін орындау қажет екенін айтты.

       Мемлекеттің экономикалық өсуінде технологиялық дамуы үлкен рөл атқарады. Бұл кешенді шара іс жүзінде елімізде кезең ауысуының сапалы табалдырығынан өтуін табысты жүзеге асыруға жол ашады. Нақталып айтқанда, өнеркәсіптік және техноло- гиялық артта қалушылықты жеңіп шығу, келешекте әлемдік саяси және экономи калық жүйеде сапалы да лайықты орын алу. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, белгілі ғалымдар мен инженерлердің шығуы қоғам мен экономикада жүйелі өзгерістердің заңдық тұрғыдағы нәтижесі бола алады.

      Экономикалық өсудің инновациялық типіне көшу дамыған елдерде ХХ ғ. 70-ші жылдар ортасында басталды, ал «жаңа инустриалдық елдер» деп аталатындар (Корея, Бразилия, Мексика және басқалар) оны 80-90-шы жылдарда жүргізді.

      Қазақстан Республикасында экономикалық өсудің жаңа сапасының қа-лыптасуы қоғамдағы іскерлік белсенділікті жандандыруды көздейтін, нарық-тық реформалар жүргізуде жүзеге асырылатын глобалдық өзгерістердің орындалуымен тығыз байланысты. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Профессор м.а Қозғамбаева Г.Б
тарих факультетінің 1- курс магистранты Жәнібекова Ә.Ә

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *