Хагги-вагги бала өмірінде
«Хагги-вагги бала өмірінде» атты ғылыми жобасы қазіргі уақытта балалардың ойыншық ретінде көп пайдаланатын ойыншықтарының шығу тегін, құрамын зерттеп, оның пайдасы мен зиянын анықтауға арналған.
Заманауи ойыншықтардың бірі «Хаги-ваги» ойыншығының бала психологиясына және тәрбиесіне әсерін анықтай отырып, оларды талғап, сыни тұрғыдан саралай отыра, пайдалы және зиянды жақтарын анықтау. Соған байланысты сыныптастарына, дос-құрбыларына және олардың ата-аналарына кеңес беру. «Хагги-ваггидің» шығу тегіне сипаттама бере отырып, оның тарихы, түрлері мен құрылымына кеңінен талдау жүргізеді. Ойыншықтың бала өміріне, психикасына көптеген ақпараттар арқылы жан-жақты таныстыра отырып, оның көп жағдайда зиянды екенін танытады. Қазіргі заманауи ойыншықтардың түрлерін анықтай отырып, оның бірнеше түріне зерттеу жасаған. Психологпен кеңесе отырып, «Хагги-вагги» баланың өміріне, психикасына, назарына әсері туралы тәжірибелер жасаған; Балалар үшін зиянды заттардың болуы мүмкін ойыншықтың балаға әсерін анықтау арқылы оның пайдасынан гөрі зияны көп екендігін анықтап онымен ойнағанда сақтық шараларын ұстануды алдыға қояды.