«Журналистің қызметі қаншалықты еркін?»

Журналистика- әрқашан жаңаны жақтаушы бар жақсылықты қолдаушы сала. Заман дамып, өркениет кеңейген сайын журналистің қызметі күрделене түседі. Бүгінгі ақпараттар шайқасы кезеңінде журналистің қызметін еркін деп айту екі талай. Толассыз жаңалықтарды жеткізуші болып табылатын журналистер, әрбір айтылған сөздері үшін жауап береді. Сол үшін де, мамандықтар атаулысының ең қиыны журналистика десек, артық айтқандық емес. Талай мәрте қоғамның талқысына ұшырап, басы үнемі дауға қалып жататын журналистер де жоқ емес. Сөз бостандығы аса негізге алынбай тұрған қоғамда, журналистика белгілі бір шеңберден аса алмай қалатын сәттер көп. Бұл бүгінгі қоғамның айқын көрінісі.
Журналистер қайнаған өмір толқынын теңдей таразылай алу қажет. Себебі билік БАҚ-тан қызмет көрсетуді, құрылтайшылар-мойынсұнуды, ал аудитория яғни халық әлі де шындықты сенімділік пен бейтараптылықты қалайды. Журналистика қызметінің еркіндігі әр журналистің жеке позициясымен байланысты. Бұл тұста нақты бір норма немесе бір ізділік жоқ. Сөз бостандығы бар елдер де журналистика қызметі біздегі ге қарағанда еркін деп бағамдауға болады. Әр мемлекетте бұл терминге берілетін түсінік әртүрлі. Отандық журналистикада,еркін қызмет атқаратын журналистер де бар. Бірақ олар қызметінде еркін жұмыс жасағандықтан, жеке бас бостандығының еркінен айрылып жататын кездерге де, жиі куә боламыз.
Журналистика қызметінің еркіндігі кейде елдегі тұрақтылыққа залал тигізіп, адамның жеке басына нұқсан келтіріп жатады. Өз саласының заңдылықтарын білмейтін, кейбір сапасыз журналистер кесірінен бұл салаға қоғам теріс көзқарас танытып жатады. Біздің қызмет еркіндігі тек елдегі өзекті мәселелерді билік тарапына жеткізіп, ол мәселе тиісті жерде оң шешім табумен ғана шектелу қажет. Журналистика болашағы жарқын болуы үшін әр журналист өз саласының еркіндігін шегара шеңберінен аспай сезіне білу керек. Бұл үлкен табандылық пен батылдықты талап етеді. Егер саламыздың еркін болғанын қаласақ, қазірден қорықпастан өз ойымызды еркін жеткізе білейік.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *