Күнге жағылысқан балықтар

“Күнге шағылысқан шабақтар”

  Қарағанды облысында орналасқан Балқаш көлінде соңғы жылдары балық санының күрт азаюы экологтар мен табиғат ресурсын бақылаушы бөлімдерін толғандырып жүр еді.Енді міне,олардың ойлары жүзеге асып отыр.

  Балқаш көлінің “Бертіс” айлағы бір күнде екі жүз мың балықпен толықты. Бұл экологиялық шараны “Қазақмыс Смэлтинг”ЖШС мен балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының Балқаш филиалы өткізген,деп хабар жетті.Балық санын арттыру ғана емес,сонымен қатар ел эканомикасына да әсерін тигізері даусыз.Бірақ көлге жберілген шабақтар салмағы 9-97 грамм.

   Балық жіберу процесі Балық шаруашылығы Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік инспекциясы өкілдерінің, ”Балық шаруашылығы ҰӨО “ЖШС БФ, “Қазақмыс Смэлтинг” ЖШС мен Балқаш қаласы әкімдігі өкілдерінің қатаң бақылауымен жүзеге асты.

   “Қазақмыс” ЖШС бар экологы Айнұр Төлеуованың айтуынша,қала құраушы кәсіпорын бұл экологиялық шараға алғаш рет қатысып отыр.

   “Бұл шара дәл Жер планетасы фаунасын қорғаудың Халықаралық күні өтіп жатқанының мәні зор.Сандық тұиғыда айтар болсақ,балық жіберу процесі Балқаш балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталықтың нұсқаулықтарына негізделіп отыр.Мұндай шаралар біздің бірегей көліміз үшін және Балқаш маңының фаунасын жақсарту үшін қажет.Біз табиғи ресурстарға тиісті түрде қарап,қамқорлық көрсетсек,көліміздегі балық қоры балаларымыз бен немерелерімізге жететініне сенімдіміз”,-деп атап өтті Айнұр Төлеуова.

  А.Төлеуованың сөзіне сенсек,келер ұрпаққа ғана емес,қазіргі кездегі ел эканомикасына да оң әсерін тигізері сөзсіз. Ал шабақтардың дамуы мен өсіп-өнуін уақыт көрсетер.Бұндай іс-шаралар Президентіміз Қ.Тоқаевтің үндеуіне де сай келеді.

                   Тілші Қазтай Назерке

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *