Журналистика мамандығы

Журналистика мамандығы

            

«Тіл – арыстан есік баққан ашулы,

Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!»

Жүсіп Баласағұн

 Менің бүгінгі жазып жатқан мақалам қазір өте актуалды тақырыптың бірі. Көптеген жасөспірімдердің санасындағы ең өзекті мәселе. Тек бала үшін ғана емес ата-ананы да бей-жай қалдырмайды. Сол тақырыпқа өз үлесімді қосқым келіп тұр. Мүмкін біреуіңіздің кәдеңізге жарар деп ойлаймын. Адам  баласы өмірдегі маңызды екі таңдауда қателеспеуі керек. Оның біріншісі-мамандық таңдау да, ал екіншісі-жар таңдау да”-дейді біздің зиялы азаматтарымыз. Екеуінде таңдау кезінде әркімнің ойы мен сөзіне еріп емес, өзіңнің жүрегіңмен сезініп таңдау қажет. Әйпесе өмір бойына өкініп, бармақ тістеп өтуің әбден мүмкін. Мен арман еткен мамандығымды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Менің таңдауым-Журналист мамандығының иесі болу.Бұл таңдауды ұзағынан саралап таңдадым. Не үшін дәл осы мамандықты таңдадың деп сұраушылар да көп.Кейбіреуі тіптен болашағы жоқ деп сөкті. Бірақ мен өзгенің ойын елемедім. Оның ең бірінші, басты себебі ол менің бала кезгі арманым болатын. Алғаш рет бесінші сыныпта оқып жүргенде қызығушылығым оянды. Содан бері міне алты жыл бой журналист боламын деп келемін. Теледидарда жаңалықтарды қарап отырып ұлы, дана Абай атамыз айтқандай ”болмасаңда ұқсап бақ, адам боламын десеңіз”-демекші соларға ұқсап, солар секілді тележүргізуші болып, теледидарда жаңалықтарды хабарлап отырғым келеді.. Әрине, сыншы көздер мен арманды бос деушілерде жетерлік. Бірақ, алдыма қойған мақсатыма қалайда жетемін. Қажырлы еңбек пен тоқтаусыз ізденіс, талпыныспен бала кезгі арманыма жетемін деп сенемін. Өздеріңіз естіген шығарсыздар журналистика әртүрлі сала. Көптеген көзге көрінбейтін ұйымдастыратын адамдар көп.

Менің таңдап жатқан сала ол  „ Телевидения ”.  Бұл сала мен үшін өте қызық. Телевидения -қашықтыққа қозғалатын кескінді беруге арналған телекоммуникациялық технология.  Көп жағдайда дыбыс суретпен бірге беріледі.  Күнделікті өмірде бұл термин теле бағдарламаларды өндірумен және таратумен айналысатын ұйымдарды жалпылама белгілеу үшін де қолданылады. Жалпы, қызметтегі адамдардың теледидар қарап отыруға қолдары тие бермейді. Ал қарай қалсақ, әуелі жаңалықтарға құлақ түреміз. Белгілі бір репортажды көрсетердің алдында жүргізуші сол туралы қысқаша кіріспе ақпарат береді. Сондықтан бұл өте маңызды салаларының бірі.

 Ақпараттар шайқасының лаулап тұрған алаңына дөп түсемін. Қазір ақпараттар шайқасы . Сонымен қатар жаңа ақпарат және дұрыс ақпарат жеткізу менің басты өмірлік мақсатым . Дәл қазіргі таңда дұрыс ақпараттарға қарағанда , бұрыс ақпарт көп. Үйде  еріккен адамдардың немесе атақ үшін шығарып жатқан бір мазақтары жетерлік. Бұл мені қынжылтып жатыр. Осындай адамдардың кесірінен „ Журналист” мамандығының атына кір келіп жатыр. Бұрыс көз қарастарда қалыптасып жатыр. Телевидения ойыншық емес! Халық пен қоғамның көпірінің күйреуіне жол жоқ! Егер журналистер жоқ болса , сіздер ақпаратсыз бір жерде тоқтап  қаласыздар. Сол себепті журналистің болашағы жоқ деген түсінік бос сөз. Кей  баланың арманы өзін теледидардан көрсетуі, ата-анасының көз айымы болуы . Телевидения ол бөлек әлем. Оған тереңінен үңілу қажет. Осы саланы әрі қарай дамытқым келеді. Зерттелмеген қырлары қанша. Болашақ біздің қолымызда , сондықтан аянбастан еңбек етіп қате түсініктермен бір жола жолымыздан сырып тастайық. Журналистика саласының дамуына өз үлесімізді қосайық.  Халық пен қоғам көпірінің нық болуына бірге атсалысайық.

 

 Назым

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *