Мен журналистиканы неліктен таңдадаым?

Мен журналистиканы неліктен таңдадым?

Жалпы журналистика дегеніміз не?Журналистиканы

кез-келген адам таңдай ала ма не болмаса журналистиканы меңгеру үшін жазу мен дұрыс сөйлеп үйрену қаншалықты жеткілікті?-деген түрлі сұрақтар мамандық таңдаушы жасөспірімдерді мазалауы мүмкін.

Журналистиканы таңдай отыра бұл саланың қаншалықты ауыр әрі күрделі екеніне көзім жетті.Журналистика жай ғана сқраұ ұойып оны халыққа хабарлап тұру емес.Журналистика әрбір адаммен жағымды қарым қатынас орната білуі керек,жауап беруші өзін еркін сезініп керек ақпаратты қыспаққа алусыз айтарлықтай болуы керек.Және журналистика тек бір ғана саланы қамтымайды.Мысалы заң саласында оқитындар тек бір ғана бағытты қамтамасыз етеді.Яғни тек заң жайында ақпарат алады.Ал журналистика әлеуметпен,саясатпен,мәдениетпен,шоу бизнес және тіпті спортпен де тығыз байланысы бар.Дәлірек айтсақ журналистиканы оқи отыра біз бірнеш саланы қамтып кетеміз.Және журналистика қауіпті сала дер едім,себебі оқырманға жеткізер әр сөзімізге мұқият болуымыз міндетті.Нақтылай  алғанда жалған немесе бұрмаланған қате сөз ақпарат таратушының бас бостандығына қауіп төндіреді.

 

Журналистиканың ауыр да соқпақ жолын біле тұра мен неліктен осы саланы таңдадым?Адам өмірде екі нәрседен шатаспауы керек. Біріншісі жар таңдаудан және мамандық таңдаудан. Осы орайда неге деген сұрақ туындауы ғажап емес. Себебі болашақ таңдайтын жарың сенің екінші жартың, ыстық-суықты бірге бөлісетін өмірлік серігің болады. Ал таңдаған мамандығың  өмір бойғы күнкөрісіңнің көзі болмақ. Әрине мамандық бойынша жұмыс жасамайтын адамдар аз емес. Бірақ көңілің қаламайтын жұмыс адамды қажытып жібереді. Мұндай жағдайда адам  қызметін құлшыныспен, махаббатпен емес тек жалақы үшін атқаратын болады. Соған орай қолға тиер ақшасы да жеткіліксіз көрініп, берекесіз болуы әбден мүмкін.

 

Осындай жағдайдан қашу үшін не істеу керек? Мамандық таңдау өте маңызды қадам. Оны не бәрі он жеті жасарлық жасөспірімнің қабылдауы ылғи да дұрыс бола бермейді. Осыған байланысты кейбір жастардың оқу орнына түсіп қойып, кейіннен бұл мамандықтан бас тартып жататыны таңсық жағдай емес. Ең алдымен әрқашан жүрегіңді тыңдай білуің керек. Айналаңдағы адамдардың ықпалымен не болмаса ақылыңды тыңдасаң қателеспейтініңе кепілдік жоқ. Ал жүрек ешқашан да алдамайды.Менің де жүрегім мені алдамаған секілді,оған күннен-күнге көзім жетуде.Журналистикаға деген махаббатым мені осы жолға адастырмай алып келгендей. Мен ең алдымен өзіме сұрақ қоюдан бастадым. Болашақта қандай мамандықтың шыңында өзімді елестете аламын? Және қандай жұмысты шаршамай махаббатпен,ынтамен атқара аламын? Тіпті сол қызмет үшін жалақы төленбейді десе де рахаттана жұмысымды жалғастыратын мамандық қандай деген ойлар келді.

Ойымды жинақтау мен бір шешімге келу аз уақытта жүзеге аса қоймады. Тіпті әне-міне дегенше мектепті де тәмәмдап қалдым. Алайда мен әрдайым өз бойымнан жазуға деген ынтаны байқайтынмын. Неге осы қабілетті мамандықпен ұшьастырмасқа деген ой келді. Осылайша журналистиканың мен іздеген сұрақтарға жауап бере алатынын түсінгендей болдым. Журналистиканың мен ашатын қыры мен сыры жетерлік.”Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тапта бар қалан” деп Абай атамыз айтқандай болашақта БАҚ өкілдері менімен толығады деп сенемін.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *