“Тұраным-мүмкіндіктер тұрағы”

Тұраным- мүмкіндіктер тұрағы!

Ең алдымен, барлығыңа сәлем!

Бұл мақаланы оқи отырып, менің мамандыққа келу жолыммен ортам туралы білетін боласыздар. 2022 жыл жай ғана уақыт емес, мен үшін бұл жыл өте қызықты әрі қиын жыл болды. Басты сынақ- ҰБТ болатын. Алланың қалауымен, сынақтан сүрінбей өтіп, журналистика мамандығына өту үшін шығармашылық емтихан тапсырдым. Нәтижесінде 90/90 алдым. Әрине бұл таңба мені қуантты. Мен сынақты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да тапсырған болатынмын. Бірақ, 2022 жылдың грант нәтижесі бойынша 1-2 балл жалпы грантқа жетпей қалған болатын. Осы уақыт менің ең қиын шақтарымның бірі болды. Бірақ, бір мезетте Тұран университеті ішкі гранттар ойнатып жатқанын біліп, “Алматыға қайта келіп осы бір универге құжаттарымды өткізіп көрейінші, мүмкін өтіп кетер” – деген оймен келіп, өткіздім. Жанымда қолдаушы анам болды.
Сонымен, менің құжаттарымның барлығы ережеге сай келіп, мен журналисика мамандығына ішкі грантты ұтып алдым. Мен шарасыз күйде не істерімді білмей, миымдағы небір шектеулерден құтыла алмағанда, үлкен мүмкіндігімен, жаңа ортасымен қарсы алған- ТҰРАНЫМ!
Тұран университетіне журналистика факультетіне түсіп, оқу басталғалы жаңа таныстықтар, жаңа орталар көбейе бастады. Мұндағы мүмкіндіктер шектеусіз. Басында Тұранды жай ғана универ, аса қатты қызықты болады деп ойламаған едім. Алайда осыншама жақын достар мен ерекше орта сыйлайды деп ойламадым. Тұранда тек қана сапалы білім емес, керемет қызықты студенттік өмір күтеді. Мүмкін осы универге түскенім мен үшін өте тиімді болғаны шығар. Өйткені, басқа универде мен дәл осы Тұранның беретін қолдауын, өмірлік тәжірибелерін ала-алмас па едім?!
Тұрандағы әртүрлі ұйымдар, сенің қабілетіңді толық ашып қана қоймай, өзіңді көрсетуге үлкен мүмкіндіктер аласың. Әр ұйымның сыйлайтын атмосферасы бөлек. Ең қуантатыны адамдардағы жанашырлық пен мейірімділік. Бұл жақта жақындарың болмағанда, ұйымдар бар жан-жақтан қолдағанға, ең бастысы ортаң бар , Демеу берер биікке самғағанда.
2023 жылғы түлектерге тек қана сәттілік. Сендерді де Тұрандай үлкен отбасы грантымен қарсы алсын!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *