«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуда өнер»

Менің аты-жөнім Айтқали Динара Амантайқызы. Мен жекеменшік “Айназ” балабақшасының тәрбиеші мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрмін. Тәрбиеші баланың екінші анасы емес пе? Бала кезден балаларды жақсы көретін едім. Балалардың сыңғырлап күлген дауыстары, айтқан балдай сөздері, істеген тәтті қылықтары мен үшін ең маңызды да ғажап дүние. Шынымен, мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу алдымызда тұрған мәселе. Оларды түрлі іс-шараларға қатыстырып, тіл байлығына сусындатып, қол бұлшықеттерін дамытып ғана қоймай, үш тілде санату мен сөйлетуді, мемлекеттік тілді нығайтуда ат салысуымыз керек. Себебі, ертеңгі еліміздің болашағы мына өсіп келе жатқан балалар. Балалар кіршіксіз таза жүрекпен жаралған періштелер. Шынымен, осы періштелермен жұмыс жасап жүрген тәрбиешілер шексіз бақытты жандар. Мен балалармен жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Себебі,тек балалар ғана еш уайым-қайғысыз өмір сүреді. Балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуда өнер» – деген ұлағатты да асыл сөз бар. Арғы заманның ата-бабаларымыз баланы өсіру мен тәрбиелеу ауыр да, жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін білген. Олар бала олардың келешегі ғана емес, өткені де, қазіргісі де екенін мойындаған. Міне, менің осы мамандықты таңдауымның себебі де осы. Күнде ертеңгісін сәбилердің «Сәлеметсіз бе?» деген сөздері мен үшін өте маңызды. Оларға деген ыстық сезімді жеткізу мүмкін емес. Бәлкім өзімнің де біреуге бала, біреуге ана болғандығымнан болар. Тәрбиеші «тәрбие» деген сөзден шыққан. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле» деген дана халқымыз. Тәрбиешінің басты міндеттері баланың болашағына қосатын үлес, және ол өте үлкен. Оларды болашақта аяққа нық тұра алатын жас ұрпақты тәрбиелеп шығару.
Балабақша- білім мен ортаға биімделудің тірегі. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Әр отбасында тәлім-тәрбие алып 2-3 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп толықтай бір күнге балабақшаға әкеліп тапсырады.Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, біріңғай тәртіпке баулитын орта-тағы да балабақша.
Бақшаны- бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасы деп білуіміз керек. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ кімнің пікірімен бөліссек те балабақшаға барған баламен, балабақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын – адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде тағысын сол сияқты көптеген айырмашылықты байқап жатамыз.
Балабақша-баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдығы, баланың болашағы.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *