Үшбұрыш және оның түрлері
Қысқа мерзімді жоспар Тексерілді:
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 7.2А Үшбұрыштар Мектеп: Ж.Қаламбаев атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі
Күні: 06.10.2020 ж. Мұғалім аты-жөні: Амантур Ақерке Еркелдіқызы
Сынып: 7 «ә» Келген оқушылар саны: Жоқ оқушылар:
Сабақтың тақырыбы Үшбұрыш және оның түрлері
Оқу мақсаттары 7.3.1.5 үшбұрыштың анықтамасын біледі, оның түрлерін ажыратады
Сабақ мақсаты Оқушылар үшбұрыштың анықтамасын біледі және оның түрлерін ажырата алады
Математикалық
сауаттылық Тапсырманың нақты сипаттамаларын анықтау және сипаттау;
Оқыту практикасы үшін математикалық сауаттылықты, оқу сауаттылығы мен креативті ойлауды дамыту.
Бағалау критерийлері Оқушы мақсатына жетті, егер:
Дағдылар Бағалау критерийлері
Білу және түсіну
-Үшбұрыштың анықтамасын біледі;
-үшбұрыштар түрлерін ажырата алады;
-оның компоненттерін көрсете алады.
Синтез Суретке қарап үшбұрыш түрлерін ажырата отырып қорытынды жасай біледі
Тілдік мақсаттар
• Triangle-үшбұрыш
• Scalene triangle – әр қабырғалы үшбұрыш
• Isosceles triangle – тең бүйірлі үшбұрыш
• Equilteral triangle – тең қабырғалы үшбұрыш
• Acute triangle – сүйір бұрышты үшбұрыш
• Obtuse triangle – доғал бұрышты үшбұрыш
• Right triangle – тік бұрышты үшбұрыш
Құндылықтарды тәрбиелеу Сана-сезім
Құрмет, ынтымақтастық, ашықтық
Жұмыс және шығармашылық, өмір бойы оқыту.
Пәнаралық байланыс сызу
Негізгі дағдылары АКТ қолдану дағдылары:
Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану.
Коммуникативті дағдылары:
Оқушылар сынып ішінде үшбұрыштардың қандай түрлері бар екенін талқылайды.
Ыстық орындық әдісі: үшбұрыштарға қатысты сұрақтар
Алдын-ала білімдері Нүкте, түзу, кесінді, бұрыш
Сабақ барысы
Жоспарланған сабақ кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3-5 мин І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сабақ тақырыбын айтып, сабақ мақсаттарын анықтау.
Үй тапсырмасын қайталау. Сұрақ жауап: Тізбек ойыны (Мұғалім кез келген оқушыға сұрақ қояды. Ол оқушы жауап бергеннен кейін келесі оқушыға өзінің сұрағын қояды. Осылайша тізбектей оқушылар бір-бірлеріне сұрақтар қойып шығады)
Топқа бөлу: «Мозайка» әдісімен 2 топқа бөлу. 1 топ-үшбұрыш, 2-топ төртбұрыш Слайд 1-2
Сабақтың ортасы
10 мин
10 мин
8 мин Математика-лық сауаттылық
5 мин
Жаңа сабақ:
Жұптық жұмыс. Әр жұп анықтама құрып, айтады.
Үшбұрыштың анықтамасына келу үшін келесі тапсырманы орындауға ұсынамыз.
1) Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені белгілеңдер, оларды тізбектеп үш кесіндімен қосыңдар.
2) Қандай фигура пайда болды?( үшбұрыш)
3) Осы фигураға кім анықтама бере алады? Анықтаманы құру үшін 1) пункті пайдаланыңдар.
Анықтама: бір түзудің бойында жатпайтын үш нүкте мен осы нүктелерді қосатын үш кесіндіден және сол кесінділермен шектелген жазықтықтың бөлігінен тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.
4) Пайда болған үшбұрыштың элементтерін атап шығыңдар.
Үшбұрыштың элементтері: А,В,С- төбелері, АВ,ВС,СА кесінділері – қабырғалары, АВС, АВ мен ВС қабырғаларының арасындағы бұрыш,
ВСА, ВС мен СА қабырғаларының арасындағы бұрыш, САВ, СА мен АВ қабырғаларының арасындағы бұрыш.
Қалыптастырушы бағалау «Смайликтер әдісі»
Топтық жұмыс (постер жасау)
Топтық тапсырма (оқулықпен жұмыс, топтарға фломастерлер мен А3 форматты қағаз таратылады)
1-топ: Үшбұрыштардың қабырғасына байланысты түрлері: оның анықтамасы, бейнеленуі(суреті).
2-топ: Үшбұрыштардың бұрышына байланысты түрлері: оның анықтамасы, бейнеленуі(суреті).
Үшбұрыштар жалпы екі түрге бөлінеді.
А)Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты –үш топқа бөлінеді.
Ә) үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты – үш топқа бөлінеді.
1 топ Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарына байланысты –үш топқа бөлінеді.
1. қабырғаларының ұзындықтары әр түрлі болатын әр түрлі қабырғалы үшбұрыш;
2. екі қабырғасы тең болатын теңбүйірлі үшбұрыш (өзара тең екі қабырғасы оның бүйір қабырғалары, ал үшіншісі – табаны деп аталады).
3. үш қабырғасы тең болатын теңқабырғалы үшбұрыш деп аталады.
2 топ үшбұрыш бұрыштарының шамаларына байланысты – үш топқа бөлінеді.
1. үш бұрышы да сүйір болатын сүйір бұрышты үшбұрыш.
2. Бір бұрышы доғал болатын доғал бұрышты үшбұрыш.
3. Бір бұрышы тік болатын тік бұрышты үшбұрыш. Тік бұрышты үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғалары оның катеттері грек.- «тік төмен» деп, ал оған қарсы жатқан қабырғасы гипотенузасы грек –«бір нәрсенің ұштарына керілген» деп аталады.
Дескрипторлар:
Қабырғасына қарай түрлерін біледі;
Бұрышына байланысты түрлерін біледі
Мәлімет. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы- үшбұрыштың периметрі деп аталады. Егер екі кесіндінің ұзындықтары тең болса тең кесінділер, екі бұрыштың градустық шамалары тең болса тең бұрыштар деп аталатынын білеміз, ал егер екі үшбұрыштың сәйкес қабырғалары мен сәйкес бұрыштары тең болса онда мұндай үшбұрыштар тең үшбұрыштар деп аталады.
(Ауызша тапсырма)
Дескрипторлар:
• Үшбұрыштың түрлерін біледі;
• Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800екенін біледі, қолданады;
• Бұрыштардың шамасын анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау: «Мадақтау»
ҚОСЫМША ТАПСЫРМА
Үшбұрыштар2018
Төменде көрсетілген сипаттамасы бойынша фигураның әрпін белгілеңдер. PQR тікбұрышты үшбұрышының R бұрышы тік. RQ қабырғасы PR қабырғасынан кіші. M нүктесі PQ қабырғасының және N нүктесі QR қабырғасының ортасы. S нүктесі берілген үшбұрыштың ішінде жатқан нүктесі. MN кесіндісі MS кесіндісінен үлкен.
Тапсырма орындалуын бағалау
Іс әрекеті:құзыреттіліктің бірінші деңгейі (қайта өңдеу,анықтау, есептеу)
мазмұны: кеңістік және форма
Ситуация: ғылыми Жауабы D.
Дескрипторлар:
Үшбұрыш түрін ажыратады;
Мәлімет бойынша сызбаны дұрыс сызады.
Қалыптастырушы бағалау: «+,-» әдісі арқылы тексеріледі
Білім бекіту:
Кестені толтыру. Кестеге сәйкес сызбаны және анықтаманы қойыңдар.
Жұптық жұмыс.
“Шешуші сәт” (семантикалық карта)
№ а в с р Үшбұрыштың түрлері
1 2см 3 см 7 см ? ?
2 3 см 3 см 3 см ? ?
3 6 см 6 см 2 см ? ?
4 ? ? ? 12 см Тең қабырғалы
5 3 см ? ? 11 см Тең бүйірлі
6 3 см 4 см ? 10 см ?
Дескрипторлар:
Кестедегі мәлімет бойынша бос жерлерді толтырады;
Үшбұрыш түрлерін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау: 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі
Слайд 3
Таратпа
Слайд 4
Постер
Слайд 5-10
Қосымша 1
Таратпа қағаз
Қосымша 2
Пиза математика тапсырмалары 2018 жылғы есептер
Қосымша 4
Сабақтың соңы
2 мин Кері байланыс:
Рефлексия
Сабаққа мен белсенді / белсенді емес қатынастым.
Сабақтағы өз жұмысыма ризамын / әлі де жұмыстануым керек.
Шығарылған есептер түсінікті болды / тағы да қарап шығуым керек.
Үйге:
Анықтамаларды жаттау. Оқулықпен жұмыс.
Қосымша ақпарат
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-ні қолдану
Құндылықтармен байланыс
(тәрбие элементі)
Жұптық, топтық жұмыс формалары оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған. Үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушылар қалған оқушыларға көмектеседі, көбірек тапсырма орындайды. Күрделілігі жоғары тапсырмалар орындайды. Ұсынылған тапсырмалар бойынша өзін-өзі, бірін-бірі бағалау, мұғалімнің жеке жұмысты бағалауы. Мозайка әдісі. 2 жұлдыз,1тілек әдісі, Смайликтер әдісі, Мадақтау. Денсаулықты сақтау технологиялары, бірін-бірі тексеру барысында оқушылар қозғалыста болады, интерактивті тақтаны қолдану және кабинетті дер кезінде желдету ережелерін сақтау.