ЖАҢАРТЫЛАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
ЖАҢАРТЫЛАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Алмышова Жанаргүл Еркінбайқызы
«Болашақ» мектеп – балабақшасы
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Кез – келген педагог алдына қойған мақсатына ерік – жігерін аямай еңбек ету арқылы, осы жолда өзін – өзі бар қырынан жетілдіреді. Әр балаға дара тұлға деп танып, олардың бойына үнемі оқып үйренсем деген ізденімпаздық қасиет дарыту, оларға өздігінен білімдерін толықтырып, жаңа технологиялармен, әдіс тәсілдермен байланыстыра отырып дамыту керек. Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым- қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолданылып келеді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті болып отыр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай болашақ ұрпақтың санасын, білімін шыңдайтын, ізденімпаздыққа баулитын тың бағдарлама. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл педагог керек. Педагог бала үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның педагогы жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.
Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде көптеген өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. ҚР-ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курс бағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойылды. Қазіргі таңда жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны келешек ұрпаққа жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды білу іскерлігі, оқытудың әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін, балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы. Сондықтан да әр сабаққа әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, балалардың білім сапасын арттыру ең басты мәселе. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және білім сапасына бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – баланың тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау жасай білу. Жаңа білім беру бағдарламасы сыни тұрғыдан ойлауға, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді үйретеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарын қоя отырып тапсырмаларды, сабақтарды құрастыру керек. Педагогтар жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана білу арқылы бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан алған әсерлем өте көп. Ондағы жүргізілген тиімді әдіс-тәсілдер – педагогтардың оқытудың әмбебаб үлгісін және тиімді әдістер жүйесін қолданып, сыни тұрғыдан ойлауға, оқуға жауапкершілікпен және шығармашылықпен қарауына көмектесетін сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған. Жаңартылған білім беру бағдарламасы – озық технологиялардың барлық қыр-сырларын білуге жетелейді.
Қорытындылай келе бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің санама түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында балалардың жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің келешек ұрпақтарыы білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.