Балалардың көркем сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

БАЛАЛАРДЫҢ КӨРКЕМ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Накыпбекова Шынар Еламановна

“Болашақ” мектеп – балабақшасы

           Балабакшадагы балага берілетін бүгінгі тәрбиенін ел өзекті ашатын жері-ол ата бабадан калған асыл мұра. Бiз яғни болашақ ұрпақ тәрбиесiмен  айналысатын мұғалімдері  халқымыздың таусылмас бай асыл мұрасына жүгінсек, ұрпағымыз біздің  балабақашамыздағы жүргiзiлiп жатқан жұмыс бағыты балаларымызды ата-бабадан қалған салт – дәстүрге, адамгершiлiкке баули отырып, жаңа дәуір технологиясын табысты игеру. Алға қойған мақсатымыз ойдағыдай жүзеге асу үшін біз ең алдымен өзіміздің ана тілімізді толық менгеруiмiз қажет. Бүгiнгi таңда тіл туралы кең айтылады. Ана тiлiн кастерлеген адам халкының тарихын, тұрмыс жағдайын, тыныс-тiршiлiгiн жақсы бiледi. Тiл бiлген адам, рухани жан азығы мол адам. Адамның ойы оның тiлiнен көрiнедi, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын кұрал. Сондықтан балабақшадан бастап, өз ана тiлiмiзде сөйлеп, өз  халкымыздың кадiр-қасиетiн, рухани құндылығымызды бiлiп өссек, болашақ  ұрпақта өз тілін қадiр тұтады. Тiптi өмiрде болып жатқан жаңалықта, басқа да өзгерістер біздің сана сiмiне өз денгейiнде келiп жетiп жалгасын табады. Тіл-ұлт мәдениетiнiң қайнар көзі. Әр халыктың ұлттық дәстүрінің, сана – сезiмiнiң, сөйлеу, ойлау тәсілінiң, мiнез-құлқының, атын атай білуге қасиеті мен сапасын, түр-түсiн және пiшiнiн ажырата білуге, өмiрдегi қоршаған ортаға түрлi құбылыстар жайындағы ұғым, түсiнiктерiн дамыта отырып, белсендi түрде тiлдiк қарым-қатынас жасай білуге үйретемiз. Балалардың сөздiк қорын дамытуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның  iшiнде ойын баланың шын тіршілігі. Ойын балалар үшiн айналаны танып, білу тәсілі. Келешек кайраткер азаматты тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады. Ойындар мазмұнына қарай, өзiне тән ерекшелiктерiне қарай сюжетті – рольді, дидактикалык кұрылыс ойындары, қимылдық ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзiне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Ойын баланың тiлiн дамуына ықпалын тигiзедi.

                   Тіл мәдениетiнiң дамуына жұмыстарын қазақ  халкының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиетi негiзiнде ұйымдастыру  тиiмдi тәсiлi. Өйткенi, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе  жатқан халық шығармашылығы ғажайып ертегілер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, өнер көзi. Тiл мәдениетiне тәрбиелеуде жұмбақтар үлкен роль атқарады. Жұмбақтар баланы байқағыштыққа баулып  ой қимылын ұштастыруға көп әсер етеді. Ойыншықтар, жануарлар, тағамдар, тұрмыстыққ заттар туралы жұмбақтарды жасырып отырса балалардың сөздiк қорын молайтады. Баланың тілін дамыту жұмысының негiзгi мазмұны сөздің  жалпы ұғым беретiн жағын менгеруге көңіл бөліп, ойлау қабілеттерін дамыту өз ойын еркiн жеткiзуiн қоршаған ортамен айналасындағы адамдармен еркiн қарым – қатынасқа түсу, сөйлеу қабiлеттерiн қалыптастыру. Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Қазақ халқының салт – дәстүрi әдебиеті келер ұрпаққа  берер тәрбиесi көп. Соның iшiнде халык ауыз әдебиетiнiң маңызы  ерекше. Балалар ергегі тыңдап,  бір-біріне жұмбақ жасырғанда жаңылтпаш айтқанда тыңдағанды  ұнатады.

          Халық ауыз әдебиетiнде ерекше орны бар. Баланың ойының ұшқыр қиялының  өткiр болып тілін бай, ертегілердін тигізер әсері мол. Өз тәжрибемде оқу қызметінің әрекеті  үстінде әр түрлі көрнекі құралдарды түрлендіре пайдаланғанды жөн санаймын, өйткені, олар арқылы  балаларды қызықтырып, өзіне тартуда қиынга соқпайды. Ертегілерді әр түрлі суреттер аркылы тусіндіріп аламын, кейіпкерлерге қысқаша мінездеме беремін. Мектепке дейiнгi балаларды ана тiлiнде сөйлеуге үйрету, тәрбиемен білім беру жұмыстарын ұйымдастыруда олардың сөйлеу түрiн дамытуда сөз құрастырып сөйлеуіне  сөздік  корының молайуына аса көңіл бөлген жөн. Сәбилердiң дүние танымын кеңейтіп ойын өрiсiн тiл байлығын жетілдіруде көркем әдебиетінің алатын орны ерекше. Балабакшада тіл дамыту жұмыстарын көркем әдебиетпен таныстыру арқылы жүзеге асыруға болады.

           Баланың тілін дамытудың негiзгi көркем шығарманың мәтiнi екенiне ерекше тоқталып ететін болсақ. 3-4 жасқа дейінгі балалардың суретті кітаптарды қызыға карайтыны мәлім. Сондықтан оларға суретті айқын кітапшаларды көрсетiп, мазмұнын айтып беру қолайлы. Бұл жастағы сәбилерге оқиғасы қызық, қорқыныш сезім тудырмайтын, халык ауыз әдебиеті нұскауларын жатқа айтып беріп, ойната  тыңдату тиiмдi. Мысалы, “Бесік жыры», «Бауырсақ», «Мақта қыз бен мысық», шығармаларын ұсынуға  сондай – ақ, «Бауырсақ» ертегісін  қуыршақ театры  арқылы өткізуге болады. Ол үшін алдын ала дайындық кезегінде рольдерді бөліп беру, әр кейіпкердің  дауыстарын келтiрiп, еркін ойнауға машықтандыру керек. Рольдерге бөлініп ойнау арқылы бұл ертегі балалардың есiнде жатталып калады.                Ендеше ұмыт қалып бара жатқан салт-дәстүрiмiздi кайта жанжандыруға, қазағымыздың иманды да инабатты сыпайы алғыр батыл, зерек ұлы мен қызын тәрбиелеуде өз үлесімізді қосайық. Өйткенi қазақтың  халық ауыз әдебиетiмен сусындаған балаларымыздың тiлi ұшқыр, ойы зерек, тәрбие өнегесі көргенді болмақ.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *