Болашақ жастар

 

Болашақ жастар

Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді.Осы тақырыпты алған себебім, болашаққа деген үмітім зор екенімді білдіреді, қазіргі уақытта өмір сүріп жатқаныма мақтан тұтамын.Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай ғана тұрғыны болғаныма да қуанамын.

Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күннің биігіне көз салған жылдардан осы ұлы қағидат, осы үш ұғым бірден көзге шалынады. Өткенге көз жүгіртетін болсақ, осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақстанды көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы-төкпелі экономика, саяси белсіздік, сансыратқан тапшылық, жұмыссыздық, тағы басқалары есімізге түседі. Ал,бүгінгі Қазақстан- қалыптасқан мемлекет, үлкен геосаяси маңызы бар ел. Бірақ, ең бастысы-ол орасан зор әлеуеті, өркендейтін болашағы бар ел.

Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, дамтып жалғастырып Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез – келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек деп ойлйамын. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ. Соған орай бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады.Бұл жасалып жатқан жағдайлардың барлығы бекер емес Сондықтан да, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *