Тәуелсіздік-халық үні
Тәңір бізді жаратқан қазақ қылып,
Жүрек менен жанымызды азат қылып.
Қазақ деген ұлы елді хақысы жоқ,
Бірде жанның қинауға азап қылып.
Болған екен тарихта сондай сорлы,
Қазақтың рухын өртеп, қылған қорлы.
Қате басты, сол бейбақ адасыпты,
Құдай оны кешірмеді, қарғыс ұрды.
Қанша жастың қаны кетті сол бір кезде,
Қанша адамның жаны кетті қайтып лезде.
Сол майданның жемісі міне бүгін,
Жайлы түн мен атқан әрбір ашық күнім.
Ей, ұрпақ, Ұлы Дала болашағың,
Болашағың, шын бақытқа жол ашатын.
Өткеннің ұлыларын ұмытпағын,
Бойды тікте, соларға ұқсайтұғын.