Қазақ әдебиеті әлем әдебиетінен әлдеқайда қалыс келе мен?
Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетін тіпті салыстырудың қажеті жоқ дейтіндер көп. Біздің әдебиет әлем әдебиетінен деңгейі жағынан әлдеқайда төмен деген ой-пікірлер аз емес. Өзіміздің әдебиеттің деңгейін әлем әдебиетінен мүлде түсіріп тастаудың да өз мән-мағынасы, себебі де жоқ емес.
Не деп тон пішсек те, шетел әдебиеті қаншама біртума шығармалармен толыққанды. Робинзон Крузо және тағы басқа әлемдік туындылар оқырман қызығушылығын тудырады. Олар өзіндік креативті көзқарастары мен сан түрлі тұстарымен ерекшеленеді. Бұл бізде біртума шығармалар жоқ деген сөз емес және қазақ әдебиетіне айып тағудан аулақпыз. Бірақ қазір халықтың талғам санатындағы қазақ кітаптары байырғы көнерген сөздерге өте бай. Яки, қазақ жазушылары сөздік қордан жоғалған көнерген сөздерді өлең, роман не әңгімелерге көп қосып жатады. Сол себепті, әдеби терминдерді кейде мүлде түсіне алмай жатамыз… Мүмкін заман өзгеруінің де ықпалы бар шығар.. Енді бір жағынан алып қарайтын болсақ, ол кездерден бері халқымыздың ой-сана сезімі, өзіндік ұстанымдары және мүддесі батыс елдеріне тіптен жақын болған. Көптеген оқырман жүрегінен орын таба білген Дж.Кехо, Дейл Карнеги сынды қаламгер жазушылардың шығармашылығы өте қарапайым, жанға жақын және тез қабылданатыны да содан.
Мейлі әлемдік әдебиет болсын, мейлі өзіміздің.. қашан да білімімізді одан әрі нығайтып, ізденісті арттырып, кітап оқуға көбірек көңіл бөлген жөн. Өйткені қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты, мына біздерді кітапқа, оның ішінде отандық әдебиетті оқуға баулу мақсат етіліп отырған жайы бар. Қазақ қоғамынан бұрын, мына өнердің айналасында жүрген азаматтардың бірі актёр – Аян Өтепбергеннің қазақ кітаптарын оқуды насихат ретінде өз парақшасында жариялап жүргендігін байқадық. Не де болса, бұл жағынан мәдениет халқы алдыңғы қатарда. Жалпы алғанда, әлем әдебиетінің өзіміздің қазақ әдебиетінен аса бір артық жері де жоқ. Тек әдебиетке көбірек назар аудара отырып, насихатын яки, жарнамасын арттыру қажет..
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718