АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Бүгінгі таңда адамзатты ең көп ойландыратын проблема – ол азық-түлік мәселесі. Оның не жетіспеушілігі, не экологиялық талаптарға сай болмауы көптеген елдермен, әлем ұйымдарымен қарастырылып жатырған мәселелерінің бірі. Өйткені азық-түлік адамның энергия алуының жалғыз көзі. Бүгінгі таңда әлем тұрғындарының саны өсуде, ал жер өңдеп, мал өсіретін жер аумағы азаюда. Осы орайда БҰҰ үнемі жаһандық азық-түлік дағдарысының таяп қалғаны туралы дабыл қағуда. Дүниежүзілік ұйымның деректеріне сүйенсек, 2019 жылы жер бетінде 821 миллион адам аштықта өмір сүрген, сонымен қатар 2 миллиард адам сапасыз тамақтанған, немесе азық жетіспеушіліктен дұрыс тамақтана алмаған.

Азық-түліктің сапалы және жеткілікті болуына әрбір мемлекеттің өз ішінде ауыл шаруашылығын дамытуы елеулі ықпал етеді. Кез-келген көлікке арзан, сапасыз жанар-жағар май құйылса, көліктің уақытынан бұрын істен шығуына алып келетіні бәрімізге мәлім. Дәл сол сияқты адам ағзасына қажетті минералдар мен дәрумендер сапалы, экологиялық таза түрде өндірілген жемістер мен көкөністер арқылы келеді. БҰҰ-ның баяндамасында жер бетінің экологиялық таза өнімге көшуі адамның өмір сүру ұзақтылығына, адамзатты аштықтан аман алып қалуға, сондай-ақ зиянды тағамдардың әсерінен денсаулық сақтау саласына кететін миллиардтаған шығынды азайтуға да көп үлесін қосар еді. Сенімді деректердің айтуынша, зиянды тағамдардың әсерінен денсаулық сақтау саласына кететін шығын 2030 жылы 1,3 триллион долларға дейін жетеді. [1]

Айтылып өткен мәселелерді шешу үшін әлем бойынша, соның ішінде біздің елімізде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Алайда, еліміздегі ауыл шаруашылығының хал-ахуалына назар салсақ, бірімізге белгілі, бірімізге белгісіз себептерге байланысты, аграрлы жұмыстардың, жалпы еліміздегі эко жүйелердің қалыпты жұмыс жасап жатқаны аса байқалмайды, және ол үшін кетіп жатқан шығындар да өзін ақтауы төмен деңгейде екенін көре аламыз. Қазақстан Республикасының экономикасы туралы ақпарат іздесек 30 жыл бұрын жасап бастаған бидай, арпа, күріш өндіруші сияқты ірі кәсіпорындар ғана қалыпты жұмыстарын атқаруда. Алайда мал шаруашылығы, жеміс-жидек, көкөністер өсіру бойынша, гүл егіп оны елімізде сату, экспорттау, қағаз өндіру деген секілді ақпараттардың бірі табылса, бірі мүлдем табыла бермейді. Міне осының өзінен-ақ еліміздің экологиясы қандай жағдайда екенін аңғаруға болады.

Бүгін менің қозғағым келіп отырған басты мәселем мал шаруашылығындағы, әсіресе шөлейт жерде орналасқан біздің өңіріміздегі шөптің, яғни мал азығының тапшылығы. 4 түлік малдың өзге өңірлерде жақсы өсіп-өнетіні мәлім, ол жерлерде еттің де, сүттің де дәмінің ерекешелігі айтып, түсіндіріп отыруды қажет етпейді. Ал біздің өңірімізде мал не аштықтан қырылып жатады, не басқа өңірден келетін шөп пен азық бағасы шаруа қожаларының қалтасын қақтырады. Сондықтан көп малдар қоқыс пен картон жеп қоректенуде. Соңғы кездері жиілеп бара жатқан жұттың шешімін заманауи егіншілік арқылы шешу әбден мүмкін. Мәселен, еліміздің кейбір өңірлерінде гидропоника жүйесі арқылы арпа өсіріп малға азық берілуде. Бұл жүйенің артықшылықтары өте көп. Біріншіден, отырғызылған арпа 1 апта ішінде өсіп шығады, екіншіден осы технологияны жыл он екі ай бойы қолданып өнім алуға болады.

Гидропоника өзінің ұғымы туралы қандай да жалпы ақпарат пайда болмастан бұрын әлдеқашан қолданысқа енген. Оңтүстік Америка, Мексика елдері және әлемнің басқа да жерлерінде оны адамдар біздің заманымыздың XII ғасырында пайдалана бастаған. Заманауи гидропониканың негізін қалаушы болып Уильям Герик саналады. Ол «гидропоника» терминін енгізіп, әр түрлі өсімдіктерді нәрлендіруші ерітінділер құйылған арнайы шыныда өсіруге болатынын дәлелдеген. Оның технологиясын екінші дүниежүзілік соғысы кезінде әскерилер қолданған. Тынық мұхиты соғысы кезінде АҚШ жергілікті жартасты өңірде жер өңдеп, азық табу бойынша біраз қиыншылықтарға тап болып, ал оны басқа өңірлерден транспорттап алып келу жапондықтардың авиациясының шабуылдарынан мүмкін болмауы себебінен шұғыл түрде Уейк аралында гидропонды плантациялар салынды. Бұл технологиямен апта сайын   20 кг қызанақ, 10 кг бұршақ, 20 кг жүгері, 20 кг жасыл салат өндіріліп отырды. Бұл мал азығынан бұрын, біздің өңіріміздегі азық-түлік тапшылығын азайтып, өзге өңірлерден, елдерден әкелінетін жеміс, көкөністерден әлдеқайда үнемді болар еді. [2]

Жемді өсірудің аталған технологиясы дәндердің өсуіне кететін уақытша шығындарды, сонымен қатар тұман түзілісінің арқасында су шығынын азайтады. Жасыл жемнің құрамындағы тұтынушының тіршілік әрекеті үшін қажетті микрохимиялық және микробиологиялық витаминдер көрсеткіші гидропониканың негізгі артықшылықтарының бірі болып табылады. Бұл технология Жамбыл облысында, Атырау облысында, және бірқатар басқа өңірлерде қолданылуда. Біздің өңіріміздің проблемаларын шешу үшін де гидропоника оңтайлы шешім деп есептейміз. [3]

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1) https://www.who.int/ru/news/item/13-07-2020-as-more-go-hungry-and-malnutrition-persists-achieving-zero-hunger-by-2030-in-doubt-un-report-warns

 

2) https://dtf.ru/science/42122-tehnologiya-budushchego-iz-proshlogo-gidroponika#:~:text=Основателем%20современной%20гидропоники%20считается%20Уильям,в%20ёмкостях%20с%20питательным%20раствором

 

3) Центральная Азия Инвест IV (Проект) «АГРОКОМП – Повышение конкурентоспособности предприятий пищевой и сельскохозяйственной промышленности Узбекистана и Казахстана посредством совершенствования цепочек создания стоимости, устойчивого развития, и эко-инноваций» 2017-2020 гг.

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *