Ауыл-аймақтағы балалар спортының дамуы

Бала-бақыт. Бүгінгі күн ерекше. Өйткені, көңілдері жас, пейілдері ақ балалардың мерекесі. Алайда,балаларды тек тәтті мақта мен балмұздақтарды алып қана қуанта алмаймыз. Қызығушылықтарын дамытып, салауатты денсаулықты қамтамасыз етіп беруіміз керек.Негізінен,спорт түрлері немесе физикалық жаттығулар тек балалар үшін ғана емес, әр адам үшін өте маңызды. Спорт физикалық және психикалық өсуге әсер етеді.Көп жайттарда ата-аналар балаларын жастайынан спортқа, дене шынықтыруға деген ықыласын ашады. «Дені саудың-жаны сау» демекші, дене бітімінің келісті, әрі сау болуына ықпал ететіні сөзсіз түсінікті. Балалардағы спорт достық пен компромиске келу сезімдерін дамытуға көмектеседі. Өйткені, бала кішкентайынан бәсекеге құмар, гиперактивті болады. Бірақ, қарсыласына күш немесе сес көрсету болмайды. Себебі, көңілі әлі бала.Оған қоса, қазіргі уақытта дене жаттығулары, спорт тек қана физикалық жетілуді ғана емес, өзін-өзі ұстау, айналадағыларға құрметпен қарау, көшбасшылық қабілет пен командалық жұмысқа үйретеді. Ата-ана баласының дені сау, спортқа жақын болғанын қалайды. Осы кездері балаға спорт түрін дұрыс таңдауымыз керек.Қазіргі кезде, гимнастикаға, конькимен сырғанау спорттарына беруге құмар.Алайда, қалада тұратын балалардың мүмкіндігі жетсе де, ауыл-аймақтағы балалардың жағдайы жоқ.Өйткені, оларға арнайы спорт кешендері мен мектептері салынбаған. Ауыл-аймақтың барлығына бірдей топырақ шашуға да болмайды.Дегенменде, жағдайы мәз емес ауылдар да баршылық. Қазіргі таңда, ауылдардағы жағдайды түзету мен мүмкіншілік беру, құралдармен қамту жұмыстары жүргізілуде.Келешекте жақсы спортшы болу үшін, балаларды жастайынан спортқа баулып, машықтандыру керек екенін білеміз. Сол үшін де, бүгінгі мереке иелері балалардың дендерінің саулығын ойлап, болашаққа салауатты ұрпақтың жағдайын жасайық дегім келеді.

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *