Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын оқыту әдістемесі.
«Қазақ әдебиеті» пәні жалпы білім беретін мектептерде білім «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына» сай Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 12 наурызда №18382 болып тіркелді) бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары негізінде тақырыптық күнтізбелік жоспар жасалынып оқытылады.[1.69]
Әдебиет – сөз өнері. Адам жүрегін тербетіп, ақылын таразылап, тілін кестелеп айтқан сөз орнында тұрса ғана әдебиет деген өнер пайда болады. Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Әдебиетті оқытуда әдіс-тәсілдер мол, бұрыннан келе жатқан дәстүрлі зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше. Заман талабына сай жаңартылған білім мазмұнына сай жүзден астам тәсіл сабақтарда кеңінен қолданылады.
Сол өнерді қалай оқытып жүрміз? Мектепте «Қазақ әдебиеті» пәні көркем әдебиетті, әдебиет тарихын, әдебиет теориясын, әдебиет сынын қамтиды. Жағартылған білім мазмұны бағдарламасы да осыған негізделген. Сөзім нақты болу үшін 10-сыныпта оқытылатын Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романын алып,талдайық. Кестеде 10-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша «Қазақ әдебиеті» пәнінен ұзақ мерзімді оқу жоспары берілген.
Бөлім | Оқытылатын шығарма | Дағдылар | Оқу мақсаттары |
Прозадағы көркем ой | Жүсіпбек Аймауытұлы «Ақбілек» романы
|
Түсіну және жауап беру | 10.1.1.1-әдеби шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымын талдау арқылы оның идеялық мазмұнын терең түсіну
10.1.3.1-көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.4.1-көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру; 10.1.5.1-шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу. |
Анализ және интеретация | 10.2.1.1-әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;
10.2.2.1-шығармадағы автор идеясының өмір шындығымен байланысын анықтау; 10.2.3.1-шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; 10.2.4.1-көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, еркін әдебиет тақырыптары – шығарма) жазу.
|
||
Бағалау және салыстыру | 10.3.1.1-шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып,тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
10.3.4.1-шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып,әдеби сын жасау. |
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Барлығы 12 сағат
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Тақырыптар | Оқыту мақсаттары | Сағат саны |
Прозадағы көркем ой | Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі мен шығармашылығы | 10.1.5.1-шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу. | 1 |
«Ақбілек» романы | 10.1.1.1-әдеби шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымын талдау арқылы оның идеялық мазмұнын терең түсіну
10.1.3.1-көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; |
2 | |
Ақ патша әскерінің лаңы | 10.1.5.1-шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу. | 2 | |
Офицер | 10.1.3.1-көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
10.2.3.1-шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; |
1 | |
Мұқаш | 10.3.1.1-шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып,тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
10.1.3.1-көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; |
1 | |
Қайғы | 10.1.4.1-көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру; | 1 | |
Махаббат | 10.3.1.1-шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып,тарихи және көркемдік құндылығын бағалау; | 2 | |
Тарих және тағдыр
Бөлім бойынша жиынтық бағалау |
10.2.1.1-әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;
10.3.4.1-шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып,әдеби сын жасау. |
2 |
[2.5/13]
Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы | |||||||||||||
Коммуникативтік дағдылар | Оқыту мақсаттары | Сабақты өту тәсілі | Ұсынылатын әдіс-тәсілдер | ||||||||||
1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні. | 10.1.1.1-әдеби шығарманың сюжеті мен композициялық құрылымын талдау арқылы оның идеялық мазмұнын терең түсіну | Көркем шығарманың мазмұны тарих пәнімен тығыз байланысты болғандықтан, тарих пәнінің мұғалімі мен дуэт сабақ өткізуге болады.Оқушыларға баяндау барысында әрі түсінікті,әрі қызығырақ болмақ. | Берілген кестеге сәйкес оқиғалар тізбегін құрыңдар.
Топтық немесе жұптық жұмыс ретінде орындауға тиімді әдіс.Мазмұнын айту барысында бірін-бірі толықтырып,жүйелі ой айта алады.
|
||||||||||
2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы. | 10.1.2.1.-әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. | Сабақ барысын сұрақ-жауап әдісі арқылы немесе дебат сабақ ретінде өткізіп,оқушылардың ойын ортаға салуға болады. | 1.Заман өзгерісіне ілесуде қазақ жастары қандай қадамдар жасады?
2.Автор Ақбілек бейнесін жинақтау арқылы қандай идеяны көздеген? 3.Офицердің монологінде айтылған орыс халқының мүддесін анықтаңдар. |
||||||||||
3.Шығарма үзінділерімен жұмыс. | 10.1.4.1-көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру; | Сабақта проблемалық оқыту,көркем шығармадан үзінді келітіріп оқыту сынды әдіс-тәсілдермен өткізуге болады. | Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі көрініс табатын үзінділерді тауып оқыңдар.Уақыт шындығы туралы сөз қозғаңдар.
Бұл тапсырманы «постер» әдісі арқылы орындатсақ болады. |
||||||||||
4.Әдеби шығарманың композициясы. | 10.2.1.1-әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; | «Көрнекілік» әдісі арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруға болады. |
Ертеңгі күнге деген сенімін жоғалтпаған қыздың тең құқылы азамат болу,өз бақытын табу жолындағы күресін даму сатысы мен өсу эволюциясын көрсетіңдер. |
||||||||||
5.Автор бейнесі. | 10.2.2.1-шығармадағы автор идеясының өмір шындығымен байланысын анықтау; | Мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып сабақтың өн бойын көрнекіліктің жаңа деңгейіне жеткізуге болады. | Ақ өлең жанр түрі туралы хабарларың бар ма?Шығармадағы ақ өлең жанры кездесетін үзіндіні тауып талдаңдар.Ақ өлең жанрының қазақ поэзиясындағы орнын шетелдік әдебиет үлгісімен салыстырып көріңдер. | ||||||||||
6.Көркем шығарманың тілі | 10.2.3.1-шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; | Әңгімелеу әдісі,лекция әдісі,пікір-талас әдісі және т.б | Жазушы табиғатты көркем тіл мен сипаттауда қай тәсілді қолданған ? Немесе шығармада табиғат көрінісінің бейнеленуі қалай аталады ? Шығармада табиғат көрінісі берілген үзінділерді тауып оқыңдар . Көркемдігіне назар аударыңдар . Алтайдың аруларын ақын қандай көркемдегіш құралдарды қолданған ? Әсем табиғат пен сұлу қыздарды қатар алып сурет теудегі ақынның мақсаты не ? | ||||||||||
7.Шығармашылық жұмыс. | 10.2.4.1-көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, еркін әдебиет тақырыптары – шығарма) жазу.
|
Оқушылардың шығармашылығын арттыру мақсатында кішігірім қойылым жасап,сабақты көңілді өткізуге болады. | Шығармада қандай наным-сенім туралы сөз болды?Сендердің наным сенімдерге деген көзөарастарың қандай? | ||||||||||
8.Қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар. | 10.2.5.1.-әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап,өзіндік ой қорыту. | Осы сабаққа дейінгі өткен мәліметтер бойынша сұрақтар,тесттер,сөзжұмбақтар жасай отырып «сайыс» сабағын өткізу нәтижені көрсетеді. | Қазақстан тарихынан азамат соғысы жөнінде мәлітметпен танысыңдар.Сол кездегі саяси жағдайдың қазақ халқына тигізген зардаптарын шығармамен байланыстыра отырып,салыстыру жасаңдар. | ||||||||||
9.Замануилығы мен жаңашылдығы | 10.3.2.1-көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру. | Сайыс сабақтың жалғасы ретінде оқушылады топқа бөліп бір-біріне сұрақ дайындату. | Қазақ әйелінің еркіндігі жайында жазылған шығармалардың ортақ құндылықтары. | ||||||||||
10.Әдеби сын. | 10.3.4.1-шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып,әдеби сын жасау. | Салыстырмалы оқыту тәсілі тақырыпты қорытындылау үшін таптырмас тәсіл.Берілген көркем шығарманың мазмұнымен үндес шығармаларды айту арқылы,талдау арқылы оқушының есінде оқыған шығармасы мәңгі қалуға мүмкіндік ашамыз. | Өз мүддесі,ішкі есебі үшін аянбайтын Мұқаш секілді адамдар қоғамға,мемлекетке қаншалықты қауіпті?Адамдардың ниетін өзгертуге бола ма? |
Оқыту барысында қолданылатын әдіс тәсілдердің тиімділігін қанша айтсақта,оқу бағдарламасының қате кеткен тұстары көлбеңдеп көз алдымызға шыға береді.Бұл олқылықтарды қаншама әдіскер,ғалымдар өз мақалаларында соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп берді. Соның қатарына Б.Жұмақаева,Қ.Бітібаева т.б секілді әдіскерлерімізді айта аламыз. Қанша жылдық өтілі бар шебер педагог Мейрамгүл Нүсіпбекова оқу бағдарламасының олқылықтары жайлы өз мақаласында : «1980 жылдары 5-сыныпта қазақ тіл мен әдебиеті пәнін аптасына 8 сағат оқыттық. Қазақ тілі 5 сағат, қазақ әдебиеті 3 сағат оқытылды. Оқыту әдебиеттік оқуға негізделді, бала ұғымына сай ғана талдаулар жасалды. Ал қазір 5-сыныпта 5 сағат оқытылады, оның 3 сағаты қазақ тілі, 2 сағаты әдебиет. Сол 2 сағатта көркем әдебиетті емес, әдебиеттің тарихы мен теориясын және әдебиет сынын оқытып кеттік, стандарт та, бағдарлама да, оқулық та соған негізделіп жасалып отыр.»-деген болатын.[1,78] Расымен , әр аптадағы 80 минут оқушыға не береді? Оқу бағдарламасы да,оқулықта теорияға негізделген.Бұндай жағдайда әдебиет пәні мектеп оқушыларының сөздік қорын молайтуға қаншалықты үлесін қосады екен? Осы орайда Б.Жұмақаеваның «Әдебиет пәні-әдебиеттану ғылымы емес,теориялық білім тек әдебиетті түсініп, түйсінуі үшін жұмсалғаны абзал.»[3.6] -деген пікірін негізге алсақ болады.Сондай-ақ Б.Жұмақаева оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшелігі ескерілмегенін алдыға тартады. Осы секілді олқылықтардың алдын алу үшін біздің алдымызда бірнеше міндеттер тұр.
- «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытқанда теорияға емес,шығарманың көркемдігіне назар қою
- Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау.(Жаңартылған оқу бағдарламасында оқу мақсаттарындағы бағалау,эссе жазу тапсырмалары 5 сыныпқа да,11 сыныпқа да бірдей ұсынылған.)
- Оқырман қалыптастыру үшін орта буын сыныптарында қажетті мөлшердегі шығармалар болу қажет.Бір шығарманы бір тоқсан бойы талдайтындай оқушылар әдеби мәтіннің сарапшылары емес деп санаймын.
- Қазақ балалар әдебиетін қалыптастыру үшін оқу материалдарына балалар әдебиетінің өкілдерін көбейту керек.
- 9,10,11 сыныптарда қазақ әдебиетін кезең-кезеңімен оқытқан жөн.
- Оқу мақсатына жету үшін берілген тапсырмалардың сәйкестігі.
Қорытындылай келе, әдебиетті оқытудағы оқу нысаны көркем шығарма болғанымен,орталық тұлға-оқушы..Барлық оқу әрекеті оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру бағытында болуы керек. Сондықтан әр пән өз міндетін ауытқымай орындап шықса,бәсекеге қабілетті,жоғары білімді оқушыларды тәрбиелеп шығарымыз анық.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Мейрамгүл Нүсіпбекова «Жаңартылған білім мазмұны бойынша мектепте «қазақ әдебиеті» пәнін 5-10 сыныптарда оқытудың өзекті мәселелері.» .республикалық ғылыми- практикалық конференция материалдары. Электронды жинақ. – Алматы, 2019. – 126 б.
- А.Сатылова,С.Дәрібаева.Г.Орда.-Қазақ әдебиеті:Әдіснемелік нұсқау.Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сынып мұғалімдеріне арналған құрал.-Алматы:2019ж-104б.
- Б.Жұмақаева «Әдебиет пәнін қалай оқытып жүрміз» мақаласы .”Қазақ әдебиеті” газеті 2020ж.№44 .
- Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі».-2-бас.-Алматы:Қазақ университеті,2019-268б.